Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сейсенбі, 20 Қараша 2018 11:08

«Халқының елеулі азаматтары!» тақырыбында өткен іс-шара туралы

«Халқының елеулі азаматтары!»  тақырыбында өткен іс-шара туралы enkaz.kz

     Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, Отанымызды өркендету жолындағы олардың маңызын жіті түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді», «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек» – деді президент. Осы орайда
Ел үшін атқарылған еңбек ешқашан елеусіз қалмайды дегендей 2018 жылдың  7 қараша күні, Абыхан Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінде, оқушыларға патриоттық, ұлттық тәрбие беру, Туған жерін, елін құрмет тұту, оның өткені мен бүгінін есіне сақтау, туған өлкенің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды құрмет тұту мақсатында,  Қазақстан Республикасының  өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан,  талмай тер төккен, өз уақытысында кем-кетік дүниелерді ақиқат таразысына салып, әділдіктің жақтаушысы болған қайраткерлермен «Халқының елеулі азаматтары»! атты  кездесу  кеш ұйымдастырылды. Іс шараға: әскери қайраткер, генерал.-полковник.          1993 – 95 ж. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 1995 – 97 ж. республикалық ұланның қолбасшысы, 1999 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды. «Даңқ» (1997), «Барыс» (2008) ордендерімен; 14 медальмен марапатталған. «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001). Алматы облысының құрметті азаматы-Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы, ақынжазушыжурналистҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағыныңЖурналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі- С.М. Досжан, филология ғылымдарының докторы профессор, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері- А.С. Ісімақова,  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ардагер, «Ы.Алтынсарин» төлбелгісінің иегері  - З.С. Исмакова,  Қазақстан Республикасының Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіби медиаторы, медиаторлардың тренеры  - Б.С.Тусупбекова,  Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкері- Р.Ш.Маханова, саяси ғылымдарының докторы,профессор, ҚР орталық сайлау комиссиясының жауапты қызметкері қатысты- В.А. Жексембекова қатысты.

    Кездесу барысында, Саяси ғылымдарының докторы,профессор, Қазақстан Республикасының  орталық сайлау комиссиясының жауапты қызметкері Жексембекова Венера Абыханқызы іс шараға қатысқан, қонақтар мен мектеп ұстаздарына,  2018 жылы 5 қазан күні  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауға түсіндірме жұмыстар жүргізіп, жолдауда аталған айқын 10 міндетке тоқталып, Елбасының Жолдауын іске асыру барлықтарымыздың міндетіміз деп білемін» деп ризашылығын білдірді.

    Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы оқушыларға  бүгінгі  Еліміз тәуелсіздік алған жылдар кезіндегі  естеліктермен, балалық шағы мен еңбек жолы туралы ой бөлісіп, оқушыларымызға үлгі өнеге болды. Шағын концерттік бағдарламаны тамашалап, оқушылармен сұхбаттасып оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Искелдиева Жұлдыз Берікқызы

Түрген ауылдық округінің бас маманы

Read 46 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама