Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 22 Қараша 2018 16:17

Дұрыс шешім – кеңесе білген жерде

Дұрыс шешім –  кеңесе білген жерде mezet.kz

      «Ауылға дәстүрді қайта әкелу». Әли Бектаев бас болған «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының осынау сайлауалды бағдарламасының мақсаты – Алтын тұғырымыздың іргесін бекемдеу. Сол арқылы ондағы 8 млн халық тұрмысының түзелуіне ықпал ету. Осы және Елбасының 5 қазанда жариялаған дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында жуырда аталмыш партияның кеңесі өтті. Шелек ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залындағы басқосуға «Ауыл» ХДПП Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Қанат Бекиев, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов қатысып отырды. Кеңесті аталмыш партиядан 6-шақырылым аудандық мәслихат депутаттығына өткен Болатжан Нұрбеков жүргізді.

      Алғаш боп мінберге өңірлік филиал төрағасының орынбасары Қаламқас Исаева шықты. – Біз ел экономикасын жаңа деңгейге көтеру, жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын айшықтайтын мемлекеттік стратегияны, Елбасының саясатын толық қолдаймыз. Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның ұлттық-мәдени бастауын қайта жандандыру мен халықтың дәстүрлі құндылықтарын дамытуға үлес қосу, – дей келе, аграрлық секторды дамыту партияның басты бағыттарының бірі екеніне баса назар аударды. – Аграрлық сектор – ел экономикасының қозғаушы күші. Елбасымыз жыл сайынғы  Жолдауында саланың дамуына күш сала отырып, ауылды көркейту мәселесіне баса назар аударып келеді. Партиямыздың төрағасы Әли Бектаев та бұл бағытта кез келген мәселеге атүсті қара-майды. Үнемі қолдауға дайын, – деп, партияның жұмысын жан-жақты саралап берді.

      Кезекті есебін берген аудан-дық мәслихат депутаты Болатжан Нұрбеков: – Мен «Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасының орынбасарымын. Комиссияның бағы-тына сәйкес 3 сала бойынша 9 айда 9 есеп тыңдалды. Онда бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, өзгерістер мен қосымшалар енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Өзім сайланған округ әкімі Е.Есенхановпен бірге кемінде айына бір рет және қызмет орнымда тұрақты түрде күнделікті және «Ауыл» партиясы аудандық филиал нысанында тоқсанына 1 рет белгіленген кестеге сәйкес сайлаушыларды қабылдауды жүзеге асырып отырмын. Нәтижесінде осы күнге дейін 12 өтініш түсіп, олар аудандық мәслихат сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында, депутаттық сауалдар арқылы шешімін тапты. Орындалса, екеуі бақылауда тұр. Бұл жұмыс тұрақты жүргізілетін болады, – деп, жан-жақты қамтылған баяндама оқыды. Сайлауалды бағдарламасының 62,5 пайызы орындалғанын, жыл ішінде 830 мың теңгеге сайлаушыларына өз тарапынан қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Көпшілік ыстық ықыласын қошеметімен білдірді.

      Әйткенмен, әлі де шешіл-меген түйіндерін де ой елегінен өткізді депутат.

– Бүгінде білім саласында түйткілдер көп. Мәселен, Х.Бижанов атындағы орта мек-тептің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 9 млн 500 мың теңгеге жобалық құжаттары әзірленді. Күрделі жөндеуді күтуде. Ә.Молдағұлова атындағы, А.Розыбакиев атында-ғы орта мектептері де күрделі жөн-деуді қажет етеді. Сол секілді М.Мәметова атындағы орта мектеп жылу жүйесін ауыстыруды, Шелек ауылының ауыз су құбырлары да күрделі жөндеуге кезекте. Талайдан бері дау болған Шелектегі аудандық емханаға да осы жылы 654 млн теңгеге жаңалануы тиіс еді. Дегенмен, ол да тоқтап тұр. Мұның бәрі тұрғындар игілігі үшін бірігіп істейтін ауқымды жұмыстар– деді.

      Түйінінде сөз алған Қанат Бекиев: – «Дұрыс шешім қашанда – егесе жүрген елде емес, кеңесе жүрген жерде» дейді дана қазақ. Сондықтан бірлікті ту етіп, елдің ертеңі үшін жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Үй ішінен үй тігу ойымызда жоқ. Көксегеніміз біреу – мемлекеттік саясатты қолдай отырып, алтын тұғырымыз саналған ауылымызды гүлдендіруге барынша ықпал ету. Осы ретте арнайы қатысып отырған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовке партия атынан алғыс білдіремін. «Ұйымдаса білген ұтады» демекші, жарқын болашаққа «Сіз – Біз» десіп бірге жетейік!, – деді.

     Кейіннен бірқатар мекеме басшыларына партияның шығар-машылық байқауында жеңіске жеткен туындылар топтамасын «Алтын тұғыр» айдарымен ұсынды. Сондай-ақ, партияның құрамына жаңа енгендерге партбилеттерін салтанатты жағдайда табыстады Қанат Батайұлы.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Read 39 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама