Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 14:53

Толағай табыстар еселі еңбекпен келеді

Толағай табыстар еселі еңбекпен келеді mezet.kz

Асы

7 ауылдың басын бірік-тірген Асы округі 10 мыңға жуық тұрғынның тұрағы. Бірлікті ту еткен өңірде «Мектепке жол» акциясы арқылы аз қамтылған 100 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар, «Балаға мейірім» акциясы аясында 85 бүлдіршінге 2 млн теңгеге қысқы киімдер, 15 аз қамтылған отбасына әрбіріне 2 тоннадан, «ТТ КZ» ЖШС 5 отбасына жарты тоннадан, қоғамдық қорлар арқылы Қызылшарық ауылында 35 тонна көмір таратылған. Бұл өз кезегінде тұрғындар ризашылығына бөленді.

Өз кезегінде округтің ауылшаруашылығы саласында да ілгерілеу бар. 2017 жылмен салыстырғанда ірі қара 4819 бас-тан 6100-ге, қой-ешкі 23939-дан 25332 басқа, жылқы 1300 бастан 2700 басқа көбейген. Осы және өзге де округте жасалып жатқан жаңалықтармен округ әкімі Орынбасар Төлепов бөлісті.

Ал тұрғындар тарапынан сөз алған С.Тажиев, О.Атайбеков, С.Далибеков, К.Хамит, Н.Матеков, Н.Нұрасылов, А.Бақбергенов, М.Шавдинова  бірқатар ұсыныстарын айтып, аудан әкімі мен округ әкімі жұмыстарына қанағаттанарлық баға беруді ұсынды.

 

Қорам

Қорамда шаруашылық өнімдерінің едәуір өскендігі байқалады. Мәселен, «Жетісу Агро» 26 гектар жер теліміне алма көшеттерін отырғызып, былтыр 55 000 көшет өндірген. Маусым кезінде жергілікті тұрғындардан 100 адамға дейін жұмыс күші тартылады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 20 000 көшетке көп. Ал «Рақымжан» ШҚ ірі қара басы 140-қа жетті. Демек, 2017 жылмен салыстырғанда 30-ға артық.

Округте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да ауқымды істер атқарылған. Ынтымақтан ырысын тапқан қорамдықтар бірігіп Ұлы Отан соғысындағы ардагерлерге ар-налған саябақты, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алуға арналған саябақты, Қорам ауылының мешітіне жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Есеп барысында ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Сатыбалды Тілепбергенов, ауыл тұрғыны Серік Әлжамағатов сөз сөйлеп, аудан әкімінің және округ әкімі Тұрсын Еменбаевтың жылдық жұмысына қанағаттанар-лық баға беруді ұсынды. Тұрғын-дар бірауыздан қолдады.

 

Қаратұрық

Округте соңғы алты жылда алмабақ отырғызу қарқынды қолға алынған. Аудан әкімдігінің қолдауымен оған тартылған инвестиция көлемі де артып, 976 млн теңгені құраған. Мәселен, «Рич гарден» ЖШС қосымша 9 гектар жерге алма отырғызып, сұрыптау цехының құрылы-сын аяқтады. Салынған инвестиция көлемі 144 млн теңге. «Алмагринфилдс» ЖШС сыйымдылығы 3,5 мың тонна қойма салды. Неміс технологиясымен 522 млн теңгенің қаржысы құйыл-ған қойма алманы сапалы бір жарым жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Биыл аталған шаруашылық жеміс шырынын шығаратын және кептіретін екі цех салуды жоспарлап отыр. Бұдан өзге округтегі «Био Витамин», «Грейс Гарден» ЖШС салынған 310 млн теңге ин-вестиция арқасында 22 га жерге интенсивті алма бағын отырғызды. 54 адамды тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтуда.

Экономикалық қарқын ауыл-шаруашылығынан да айқын көрінуде. Есепті кезеңде «Баттал» шаруа қожалығы 360 орындық ірі қара мал бордақылау алаңын салса, «Наурызбай» ШҚ 770 бас асыл тұқымды малдарын сатып алған. Оған қосымша 200 басқа мал бордақылау алаңын іске қосқан. Мұның бәрі салық түсіміне оң әсерін тигізері айқын. Округ әкімі Ермек Самсыбековтың мәліметінше, 2017 жылы салық сомасы 10,3 млн теңге болса, 2018-де бес салық түрінен 32,5 млн теңге жиналған. Ауданның дамуын округінің өркендеуінен-ақ көрген тұрғындар әкімдердің жұмысына ризашылығын білдірді. Округ ақсақалдары А.Даутов, С.Өмір-жанов, Т.Исламбакиев ақ батасын берді. Ал Тауқаратұрық ауылы әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмәрия Раисова:

Алғыс айтам өзіңе,

Халқың Сізге сенгені,

Елін ойлап еңселі,

Азаматтар ерледі.

Берекеміз бірлікте,

Ұйымдасқан тірлікте.

Бір болайық ағайын,

Мынау жалған бес күндікте, – деп жүрекжарды тілегін өлең арқылы жеткізді. Елдің бірілігін сөз етті. Жиындарға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова қатысып отырды.

Тескенсу

Жамбыл атындағы орта мектепте өткен жиында Бинәлі Әбдіқапасұлы есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға тоқтала келе Тескенсуда сүт-тауарлы фермасы ашылғандығын айтты:

– Табиғи таза өнім – денсаулық кепілі. Сондықтан келешекте әрбір ауылда сүт-тауарлы фермалары құрылып, ауылдықтарды табиғи өніммен қамтамасыз етуі керек. Оған қоса, жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Бұл бағытта өткен жылы жалпы 550 басқа арналған 4 сүт-тауарлы фермалары ашылды. Оның бірі – өздеріңіздің Тескенсу ауылдық округінде. «Береке» шаруа қожалығы 200 басқа арналған ферманың жұмысын бастады – деді.

Аудан басшысының айтуын-ша, 2018 жылы «Туған жер» бағдарламасы бойынша 41 млн теңгеге 3 ауқымды жоба іске асы-рылған. Биылғы жылы 4 жобаға 56 млн теңге жұмсалады деп күтілуде. Осы игілікті істердің бірі – Тескенсу ауылдық округінде. Ауылдағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерт-кіш қайта жаңғырып, айналасы абаттандырылмақ. Бұл жұмыстар туған жерінің дамуына үлес қосуға ниеттенген азаматтардың есебінен жүзеге аспақ.

Өзінің есептік баяндамасын оқыған округ әкімі Бауыржан Доғалов ақсап тұрған денсаулық сақтау саласын тілге тиек етті:

– Тескенсу ауылының дәрігер-лік амбулаториясында сырттан келіп, жұмыс істеген дәрігерлер тұрақтамай отыр. Себебі, тұрғын үй мәселесі шешімін таппауда. Бүгінгі күнге жоғарғы санатты бір дәрігердің орны бос. Соңғы бес жылда бірнеше дәрігер ауысты. Бұрындары Толқын, Көлді ауылдарына аптасына 1-2 рет қабылдау жүргізуге дәрігер жіберілетін. Қазір маман тапшылығынан ондай мүмкіндік болмай отыр. Жас мамандарға тиісті деңгейде жағдай жасай алмай отырмыз – деген Бауыржан Бешенұлы аудан емханасына комиссия құрып, амбулаторияның қазіргі жағдайын тексеріп, меншік құқығын анықтаса деген ұсыны-сын білдірді. Айтуынша, ғимарат жекенің меншігінде. 1976 жылы салынған нысанда кабинеттер жетіспейді әрі талапқа сай емес.

Жарыссөзге шыққан Көлді ауылының ақсақалы Жарқын Каукенов ауылдағы мал ұрлығы, амбулатория, электр желісінің мәселесін айтып, балықшылар-дың проблемасын көтерді. Сол секілді Толқын ауылында да су жүйесі сапасыз жасалған. Екі қабатты көппәтерлі үйлер ескір-ген. Тескенсулықтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған Бинәлі Ысқақ айтылған мәселелер кезегімен шешімін табатындығын айтып, балық шаруашылығы комитеті тарапынан қысқартылатын көлділік балықшылардың мәселесін шешуге атсалысатындығын жеткізді. Жиын соңында әкімдер-дің есептік баяндамаларына қанағаттанарлық деген баға берілді.

 Қазақстан

Осы күнге дейін қатардағы көп округтердің бірі болған Қа-зақстан ауылдық округі бүгінде адам танымастай өзгерді. Әлеуметтік нысандары толы-ғымен жаңартылған округ тұр-ғындарының жалғыз сұрай-тыны – Ж.Қайыпов ауылындағы дәрігерлік амбулатория.

Жаңадан салынған әкімдік ғимаратында есеп берген аудан әкімі жақын арада амбулатория мәселесі шешілетіндігін жеткізді. Мектептің бұрынғы ғимараты кең, қазіргі таңда бос тұр. Осында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ақ халаттыларды көшірмек. Алдағы уақытта қаржы мәселесі оң шешімін тапса, жаңа амбулатория бой көтермек.

Бинәлі Әбдіқапасұлының сөзінше, ауданымыздағы туу көрсеткіші жоғары, нәтижесінде балалар саны артып, қазіргі уақытта мектептеріміз қайтадан үш ауысымға өтуде. Осыған байланысты ауданымыздағы үш мектепке қосымша ғимарат салу жоспарланып отыр. Оның ішінде, Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық ғимарат та қарастырылған.

Атқарылған жұмыстарға есеп беріп, ауылдастарын келешектегі жоспарларымен таныстырған округ әкімі Марат Сүгірбеков жастар жылында ауылдағы білімді әрі алғыр жастарға көмек көрсетілетіндігін алға тартты. Айтуынша, Польша мемлекетінде  білім алып келген Әлішер Сейтенов жеке кәсібін ашып, бал өндіру ісін қолға алған. Жаңаша әдіспен араларды будандастырып, жерлестерін отандық өніммен қамтамасыз етуді мақсат тұтқан жас кәсіпкерге әкімдік қол ұшын беруде.

Жарыссөзге шыққан ауыл ақсақалы Дәулетбақ Бақасов, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен А.Бубенцов атындағы орта мекепте қызмет етіп жүрген жас ұстаз Арайлым Байдәулетова ауылдардың көркеюі жолында еңбек етіп жүрген аудан басшылығына алғысын білдіріп, әкімдердің есебіне қанағаттанарлық деген баға беру туралы ұсынысы көпшілік тарапынан қолдау тапты.

 Бәйдібек би

Бәйдібек би ауылдық округі алма мен жүзім өсіруден ауданымызда көш бастап тұр. Ауылдағы Т.Әубәкіров атындағы орта мектепте есеп берген аудан әкімі осыны айтып, интенсивті алма бақтары барлық ауылдарда қолға алынғандығын жеткізді:

– 2018 жылы 1295 гектар жерге алма бақ отырғызылды, оның ішінде 568 гектары интенсивті бақ. Мысалы, Қара-тұрық ауылдық округінде «Жетісу бақтары» өндірістік кооперативі 210 гектарға (жоба құны 2 миллиард теңге), Асы ауылдық округінде «Alma Mater Fieldes» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 126 гектар жерге (жоба құны 1 миллиард 877 миллион теңге), Қаратұрық ауылдық округінде «Агросад» шаруа қожалығы 38 гектар жерге (жоба құны 200 миллион теңге)интенсивті алма бағын отырғызды. Асы ауылдық округінде «Биотерра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 82 гектар жерді алма бағына айналдырды. Осылайша, 2018 жылы алма бақтарының жалпы көлемі 9868  гектарға жетті, оның ішінде 1500 гектар интенсивті бақ және 506 гектары апорт. Ал 2012 жылы алма бақтың көлемі 3271 гектар ғана болатын – деді.

Округ әкімі Ержан Әмірденов те жыл бойы атқарылған игілікті істер бойынша есеп беріп, болашақтағы ауқымды жобаларымен бөлісті. Жарыссөзге шыққан Н.Островский атындағы орта мектеп мұғалімі бастауыш сыныптары оқитын ғимараттың ескі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ауылдағы көшелер жарықтандырылса деген ұсынысын айтты. Кездесу соңында жиылған көпшілік аудан әкімі мен округ әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

 

 Ақши

Ақши ауылы күре жолы-ның бойындағы 100 гектар жерге жақын жылдары инфрақұрылым жүргізіледі. Оның жобалық-сметалық құжаттарына қаражат қа-растырылып, дайындалуда. Демек, бірер жылдан кейін жер кезегінде тұрған азаматтардың қуанышы еселенбек. Мұндай жаңалықты аудан әкімінің есебінде ақшилік-тер жылы ілтипатпен қабыл алды. Қазақы ауылдың ағайындары Қайрат ауылына медициналық пункт салынады дегенде де қошемет білдірді. Оған бюджеттен 74 млн теңге бөлініп отыр.

Жыл санап жаңару жолына бет алған Ақши округінің тұрғындар саны да артқан. 2017 жылғы мәлімет бойынша 6552 адам болса, биыл 6637-ге өскен. Экономика күретамыры саналған шағын және орта бизнес саны да артқан. Мәселен, Ақши ауылында жоңышқа өңдеу зауыты салынды, орталық монша, шаштараз және дүкендер бой көтерді, көмір қоймасы халыққа қызметін бастады. Мұның бәрі жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтудың таптырмас мүмкіндіктері.

Ауданның әлеуметтік-эконо-микалық дамуы тұрғысында да Бинәлі Әбдіқапасұлы кеңінен әңгімеледі. Жарыссөзге шыққан ауыл тұрғыны Әлкен Қашағанов, кәсіпкер Бауыржан Жапаркулов аудан әкімінің және округ әкімі С.Айтбаевтың есептерінде атқарылған жұмыстарға алғысын айтып, қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды. Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.

 

Балтабай

Аталмыш округте салық түсімдері жоспардан анағұрлым жоғары болған. мәселен, жеке кәсіпкерлерден түсетін салық 7 млн теңге деп болжанса, ол 15 млн 591 мың теңгеге орындалған. Сол секілді мүлік салығы 114 пайызға, жеке тұлғалардың автокөлік салығы 103 пайызға межеленген. Сәйкесінше, мемлекет қамқорлығы да ірі округке ауыз толтырып айтарлықтай. Бір ғана тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау мақсатында 10 шаруашылық басшыларына 33 млн теңгеге  жуық қаражат қарастырылған.

Кәсіпкерлік те қарқынды дамуда. Айталық, «Бестораңғыл-ай» АӨК ет-сүт, мал бордақылау және мал сою пунктінің құрылыс жұмыстарын аяқтауда. Онда заманауи автоматтандырылған ветеринарлық зертханасы да бар. 30 мүшесі бар мекеменің 18 мүшесі 55 млн теңге несие алған мемлекеттен. Мал сою пунктіне кеткен 22 млн теңгенің 50 пайызы да үкіметтен субсидияланған несие арқылы төленген. Жалпы жобаның қаржылай шығыны 83 млн теңгені құрап отыр.

Осындай ауқымды жобалар-дың іске асуы – округ экономикасын дамытуға, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік. Келелі кездесуде аудан әкімі Бинәлі Ысқақ және округ әкімі Жұман Мықыбаев есептеріне тұрғындар оң бағасын берді. «Интизар» дағдарыс орталығы қоғамдық қорының басшысы У.Илиева, зейнеткер Р.Папова өз ойларымен бөлісіп, іскерлік қабілетімен өңіріміздің дамуына тың серпін сыйлаған аудан басшысына алғыстарын білдірді.

 

Қырбалтабай

Ауылшаруашылығынан нәсібін айырған Қырбалтабай округінде 2532 бас ірі қара, 21618 ұсақ мал, 744 жылқы бар. Сәйкесінше, 176 қожалық тіркелген. Биылдың өзінде ет, сүт өндіретін «Best Meat», «Медет» және «Абука» шаруашылықтары тұтыну-шыларға өз өнімдерін ұсыну-да. Онда 75 адамға жұмыс орындары ашылды. 

Сонымен қатар округке қарасты Екпінді ауылына орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысына 339 млн теңге бөлініп, есепті жылда «Механо Сервиз» ЖШС қаржының 142 млн теңгесін игерген. Жүйелі жұмыс биыл да жалғаспақ.

Округтегі кәсіпкерлік саласы да даму жолында. 15 шағын және орта бизнес субьектілерінде 50-ге тарта адам тұрақты жұмыс істейді. Биыл «Жетісу соя» ЖШС 900 млн теңге инвестиция тартып, Қырбалтабай ауылының жанынан кешен құрылысын бастады. Осы және ауданның экономикалық тіршілігін жан-жақты баяндаған аудан әкімінің, округ әкімі А.Темешевтің жұмысына тұрғындар оң бағасын берді.

Еңбек ардагері Дәулетхан Әбдіқалықов ауылдастарын ауызбірлікке шақырды. Ынтымақтаса білгенде ғана іс бітетінін тілге тиек етті.

 

Бәйтерек

Ауданымыздың батыс шекарасында орналасқан Бәйтерек ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандар жаңғыртылуда. Бұл туралы Бинәлі Әбдіқапасұлы Бәйтерек орта мектебіндегі есептік кездесуде айтты:

– Естеріңізде болса осыдан бірер жыл бұрын білім ордаларының жайы мәз емес-тін. Алғадағы мектептің шатырынан күн көрініп, ғимарат апатты жағдайда тұрған. Әл-Фараби атындағы орта мектеп те күрделі жөндеуді қажет етіп, балалар үш ауысымда білім алатын. Қазір бұл проблемалардың барлығы оң шешімін тапты – деп, келешектегі жоспарлармен бөлісті.

Округ әкімі Айбек Нұрланов-тың сөзіне сүйенсек, биылғы салық түсімі артығымен орындалған. Айталық, жер салығы 110, мүлік салығы 179, көлік салығы 123 пайызға орындалған. Сонымен қатар, басқа барлық салаларда да ілгерілеушілік бар.

Есептік кездесу соңында жарыссөзге шыққан  ақсақалдар кеңесінің төрағасы Осман Мамедович әкімдердің жұмысына қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды. Айта кетейік, жиынға облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Сарыбаева қатысты.

 

Ават

Ават – бүгінде экономикалық көрсеткіш жағынан ауданымызда-ғы алдыңғы қатарлы округтердің бірі. Әлеуметтік нысандарының жайы да жақсарған. Өткен жылы үш ауысымды О.Мухаммадий атындағы орта мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынған. Есептік кездесуде осылай деген аудан басшысы жақында газ құбыры тартылатын-дығын жеткізді. Айтуынша, аудан орталығы қашық болғандықтан, газ Бәйтерек ауылы арқылы келіп, Жаңашар, Қосмос ауылдарына бағыт алады.

Округ әкімінің жыл бойы атқарған жұмысына есеп берген әкім орынбасары Тимур Мадьяров барлық салаларда ілгерілеу бар екендігін алға тартты. Сондай-ақ, осы жылғы жоспарлармен бөлісті.

Әкімдердің есебін талқылауға шыққан ақсақалдар кеңесінің төрағасы Саутжан Иминов аудан тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасап отырған аудан басшылығына алғысын жеткізіп, қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды.

 

Рахат

 – Бүгінде аудан тұрғындары-ның саны артып, туу көрсеткіші ұлғайып келеді. Бұл өте қуанарлық жайт. Осыған сәйкес, балабақша мен қосымша мектептер қажеттігі туындап отыр. Бұрын үш ауысымды мектептер Есік қаласының айналасында ғана болса, қазір Қазақстан, Түрген ауылдарына жетті. Биыл осындай ауылдарға қосымша мектеп ғимараттарын салуды жоспарлап отырмыз. Естеріңіз-де болса дәл осындай мәселе осы округте туындап, саяжай маңынан жаңа мектеп, 2018 жылы өзіміз отырған Б.Майлин атындағы мектепке 300 балаға арналған ғимарат салдық – деді Бинәлі Әдіқапасұлы есеп беру жиналысында. Сөзіне сүйенсек, саяжайлықтар санының күннен-күнге өсуіне байланысты, тағы да 600 орындық мектеп салу жоспарланып отыр.

Екінші болып тұрғындар алдында есеп берген округ әкімі Қуат Ақшабаев:

– Алға қойған жоспарлары-мыз ауқымды: Өрікті және Рахат ауылдарының су құбыр-ларын күрделі жөндеуден өткізу, Қайназар ауылының ішкі жолдарын жөндеу, Рахат ауылындағы көше шамдарын толық жарық-диотты шамдарға ауыстыру және Округке қарасты жайылым жерлерді мемлекет теңгеріміне қайтару – деді Қуат Қарабайұлы.

Жарыссөзге шыққан жергілікті қауымдастық төрағасы Бақберген Әшімов, ауданның құрметті азаматы Нұрбүбі Насырова аудан мен округ әкімдерінің есебіне қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынып, қолдау тапты.

 

Өз тілшілеріміз

Read 95 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама