Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 15:05

Селекторлық режимдегі жиын

Селекторлық режимдегі жиын mezet.kz

Қаңтардың жиырма бесінде аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары А.Бидаевтың қатысуымен облыс әкімінің орынбасары А.Әбдуәлиевтің төрағалығымен денсаулық сақтау саласына байланысты селекторлық режимдегі жиналыс өтті.

Облыстық басқарма, департамент, бөлім басшылары, ауруханалардың бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен жиында бірнеше келелі мәселелер талқыланды. Әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, ондағы негізгі бағыттардың іске асырылу деңгейі қарастырылды. Бұл тұрғыда төраға Ақан Әбдуәли: – Тұрғындарымыздың денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Осыны ұмытпауымыз қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бұл бағытты күн тәртібінен түсірмей, үнемі жіті бақылауында ұстайтындығы сондықтан. Демек, Сіз боп, біз боп жаңылмай жалпыға жұмыс істейтін боламыз – дей келе бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, денсаулық саласы нысандарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары және апатты жағдайдағы кешендер туралы нақты мәліметтер келтіріліп, шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

 

А.НҰҒМАН.

Read 87 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама