Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 31 Қаңтар 2019 15:23

Ауданда билер кеңесі құрылмақ

Ауданда билер  кеңесі құрылмақ mezet.kz

Аудандық әкімдікте аудандық соттың төрағасы Азамат Абдрайымовтың  басшылығымен аудандық сотының судьясы Мақсат Садықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов және селолық округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысқан жиын өтті.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының бір жобасы, яғни дауларды шешу мақсатында билер соты жаңартылу барысында. Билер соты – қазақ қоғамында даулардың шешілуінің бір тәсілі-тін. Қазақтың билер соты өзінің әділдігімен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Сондықтан, қазіргі кезде республика бойынша билер соты құрылуда. Біздің Алматы облысының бірнеше аудандарында да ашылды. Билер соты сотқа дейін немесе сотта татуласу мақсатында құрылады. Билер өзінің бір ғана сөзімен дауды дұрыс және әділ шешу үшін ауданымызға сыйлы, беделді ақсақалдардың арасынан таңдалуы тиіс» – деп жиынның мақсатын түсіндіріп өткен Азамат Абдрайымов жиылған құрметті азаматтарды белсенділікке шақырды. Жиын барысында халық арасында татуластыру рәсімдерін жаңғырту және билер кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылып, әрі қарай жұмыс жасалатыны жайлы айтылды.

 Алмагүл НҰҒМАН.

Read 35 times

Күнтiзбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама