Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 14:41

Толағай табыстар еселі еңбекпен келеді

Толағай табыстар еселі еңбекпен келеді mezet.kz

Жанашар

В Жанашарский сельский округ входят  села Жанашар, Космос, Базаргельды и 14 садоводческих обществ. Кроме АО «АПК «Адал» экономику округа представляют 166 крестьянских хозяйств, 92 субъекта  малого бизнеса: АО «АПК Адал» ввело в эксплуатацию крупнейший в СНГ животноводческий комплекс на 1,5 тысячи дойных коров,  молочный завод ежедневно перерабатывает до 150 тонн   сырья, изготавливает 32 наименования молочной продукции. Крестьянские хозяйства создают мини-фермы, поставляя молоко  перерабатывающим предприятиям. Предпринимательство представлено торговлей, общепитом, бытовым сервисом, недавно вошли в строй общественная баня, парикмахерская, аптека,  мини-маркет. В округе также намечена реализация ряда проектов  по строительству лимонадного, пивного цехов, плодоовощехранилища. 

По госпрограмме «Развитие сельских территорий» и «Дорожная карта занятости-2020»  проведен текущий ремонт улиц в с.Жанашар и с.Космос, благоустройство территории дома культуры в с.Космос, в с.Космос построен скотомогильник. По программе «Балапан» в 2016-17 годах на основе частно-государственного партнерства построены детские сады на 150 мест в с.Жанашар, и в с.Космос на 35 мест, в 2018 г. детсад «Нәсип» на 75 мест. По словам акима округа Жана Кураметова нуждается в ремонте система водоснабжения.  Водопроводные сети на 75 %  изношены. Также требуется реконструкция водонапорных башен в с.Жанашар. Необходимо  улучшение условий здравоохранения.  Отведена территория под строительство ветеринарного пункта и пункта участковой полиции. В 2019 году будет произведен ремонт улиц во всех селах округа на 10,5 млн тенге, по программе «Развитие сельских территорий на строительство стадиона в с.Жанашар из бюджета выделено 15 млн тенге. В ближайшие годы по программе «Ақ бұлақ» планируется замена водопроводных труб в селах Жанашар и Базаргельды.

Жители округа обратились к акиму района с просьбой включить в план капремонта школы в с.Жанашар и с.Космос,   строительство новой школы в с.Базаркельды. В связи с ростом населения и износом зданий, в которых расположены медучреждения округа,  поданы заявки на строительство амбулаторий в с. Жанашар и с. Космос, ФАПа в с. Базаркельды.

 

Ташкенсаз

Ташкенсазский  округ включает с.Ташкенсаз, Баяндай, Кульжа, проживают  5171 человек. Направление экономики сугубо аграрное, овощи, сою, кукурузу выращивают 180 крестьянских хозяйств. Развивается садоводство, высажено свыше 50 га молодых яблоневых садов, причем 30 га  на капельном орошении. Промышленных предприятий всего четыре, на которых трудятся в среднем по 30 человек Действуют 37 предприятий малого бизнеса, в основном минимаркеты,в 2018 г. открылась аптека предпринимателя Р.Арзиева.

За последние годы за счет бюджета в с.Ташкенсаз построены новые амбулатория, детский сад, средняя школа имени Х.Абдуллина.

Председатель совета женщин Нурбуви Азнабакиева выразила от имени ташкенсазцев акиму района Бинали Ыскаку огромную признательность. Благодаря руководству района, созданы хорошие условия для дошкольного воспитания, образования, медицинского обслуживания.

К школе в с.Ташкенсаз за счет бюджета организован подвоз детей из дальних сел Баяндай, Кульжа, дети из малоимущих семей в школе обеспечены горячим питанием.

Силами местного актива и предпринимателей взято шефство над малообеспеченными семьями. Предприниматель из г.Есика Руслан Калиев на собственные средства открыл спортивный комплекс в с.Ташкенсаз, восстановил стадион,  построил трибуны, сделал ограждение. Теперь здесь проходят не только районные, но и областные,  республиканские турниры по футболу. Еще один стадион  строит в селе Ташкенсаз местный житель Маликжан Имиров.

Как сказала аким округа Эльвира Масутова, проблемой остается расширение СШ имени Х.Абдуллина и строительство новой  школы в с.Баяндай, которая расположена в старых приспособленных зданиях. Также требуется завершение реконструкции сетей  питьевого водоснабжения. Идет передача водопроводов округа в ведение ГКП «Шелек су», которое обеспечит их нормальную эксплуатацию.

Эти вопросы находится на контроле руководства района. Заявки на строительство средней школы в с.Баяндай  и пристройки на 300 мест к СШ имени Х.Абдуллина включены в районный план социального развития.

 

Саймасай

Экономику округа, включающего села Саймасай и Амангельды, представляют крестьянские хозяйства. На  базе Казахского национального аграрного университета создано учебно-практическое хозяйство  «Агроуниверситет». КХ «Айдарбаев» содержит 400 голов КРС, открыло МТФ на дойных коров. В 2018 году крупные крестьянские хозяйства «Айдарбаев», «MalinAlmaty», «Садыров», «Хайдаров» вложили в развитие собственного производства 387 млн тенге.  Субъекты малого бизнеса в округе представлены магазинами, точками общепита, АЗС, бытовым сервисом. В 2018 году в с.Амангельды ИП «Зубаршаева» открыло предприятие общепита на 450 мест, ИП «Абитов» построил в с.Саймасай цех по переработке молока.

Но в плане  развития инфраструктуры, благоустройства в округе много проблем. В аварийном состоянии СШ имени А.Байтурсынова, в с.Саймасай нет спортплощадок и стадионов.

Аким района Б.Ыскак и аким Саймасайского округа Мухамедали Мейрамкулов довели до сведения присутствующих, что уже выделены бюджетные средства на капитальный ремонт в 2019 году СШ имени А.Байтурсынова, запланировано строительство спорткомплекса в с.Саймасай. При СВА открыт пункт «скорой помощи», обслуживающий Саймасайский и близлежащие округа, произведен ремонт электролиний, дорог, в с.Амангельды  на основе частно-государственного партнерства строится детсад на 140 мест.

Саймасайцы, выступившие на отчете, выразили пожелание акиму района, чтобы больше уделялось внимания развитию малых сел. 

 

Қаракемер

Қаракемердегі кездесуде ауданның даму көрсеткішін айтқан Бинәлі Әбдіқапасұлы осы жылғы ауқымды жобалармен бөлісті. Округ әкімі Дархан Ахметов те есепті жылы атқарылған істерге тоқталып, ауыз су бағасының арзандатылғанын жеткізді:

– Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ауыз су, электр қуаты мен газ бағасын төмендету бойынша, округтегі қауымдастық мүшелері, ақсақалдар алқасы мен «Жалғасбаев Ж» жеке кәсіпкерлігі әкім аппаратымен бірлесе отырып, ауыз су тарифін жан басына шаққанда 580 теңгеден 390 теңгеге түсіру мәселесі қарастырылып, ақпан айынан бастап адам басына 390 теңге болады – деді. Сүйінші хабарды қаракемерліктер қуанышпен қабылдады. Әкімдердің есептерін талқылауға шыққан округ тұрғындары Талдыбұлақ мектебінде спортзал және амбулатория керектігін айтты. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан Талдыбұлақ мектебіне осы ауылдан шыққан Кеңес Одағының батыры Қашаған Жаманқараевтың есімі берілсе деген ұсынысын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі спортзал мен емхананың мәселесі өз кезегімен шешілетіндігін және Қ.Жаманқараевтың есімі мектепке емес Қаракемер кәсіптік колледжіне берілетіндігін атап өтті.

 

Түрген

Түрген ауылындағы әкімдік ғима-ратында өткен есептік кездесу көрме аралаудан басталды. (1-беттегі суретте) Ауылдағы өндіріс орындары мен кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, мектептер ұйымдастырған көрмені аралаған Бинәлі Әбдіқапасұлы ауылдың экономикалық жағдайына оң бағасын берді. Өзінің баяндамасында білім саласына тоқталған Бинәлі Ысқақ үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуді қолға алғандығын айтты:

– Үш ауысымды оқытуды  түпкілікті шешу үшін Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы мектепке қосымша 600 орындық ғимарат, Қазақстан  ауылындағы  Ж.Қайыпов атындағы орта мектепке 300 және Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы орта мектебіне 300 орынды қосымша ғимараттар салу жоспарлануда – деген аудан басшысы осы жылы Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектеп те үш ауысымға айналуы мүмкін екендігін алға тартты.

Екінші болып мінберген көтерілген округ әкімі Бота Елеусізова әлеуметтік-экономикалық салаларға тоқталып, жеткен жетістіктерді тізіп берді. Жиын соңында ұлағатты ұстаз Ирина Ключина, жас кәсіпкер Жанас Құттыбиовтың әкімдердің есептік баяндамасын қанағаттанарлық деп тану туралы ұсынысы  бірауыздан қолдау тапты.

 

Көктөбе

Құрамына төрт ауыл кіретін Көктөбе округінің проблемалары біртіндеп шешімін табуда. Былтыр Алмалы ауылында жаңа амбулатория бой көтерген еді. Сонымен қатар, 177,5 млн теңгеге осы ауылдың кәріз жүйесі қайта жаңғырып, тұрғындар игілігіне берілген. Өткен жылғы есептік кездесуде айтылған Көктөбедегі Сейфуллин көшесі де биыл күрделі жөнеуден өтті. Өзінің баяндамасында осының барлығын жеткізген аудан әкімі биыл аудандағы 4 елді мекеннің су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтетіндігін айтты. Оның ішінде Көктөбе ауылы да бар.

Тұрғындар алдында өз есебін берген округ әкімі Болат Жасыбаев артта қалған жылдың ауқымды жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, биылғы атқарылар шаруалардың шашетектен екендігін айтты.

Әкімдердің есебін талқылауға шыққан ауыл тұрғындары Көктөбе ауылының су жүйесін, облыстық тас жолдың қауіптілігін айтып, шағымданды. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі шара қолданатындығын жеткізді.

 

Бөлек

Әймен ауылындағы орта мектепте ауданның әлеумет-тік-экономикалық дамуын жан-жақты сөз еткен Бинәлі Ысқақ осы білім ордасын күрделі жөндеуге мемлекеттен 500 млн теңгенің шамасында қаражат сұрап отырғандығын ашық айтты: – Қазіргі уақытта Бөлек округінің жағдайын жақсы білемін. Ауыз су мәселесі, мектептің күрделі жөнделуі – күн тәртібінде тұр. Әйткенмен, аудан үлкен, бір ғана осы округ емес, айналасындағы округтердің де ауыз су мәселелерін шешуді көздеп отырмыз, – деді.  Әлбетте, бұл өз кезегінде қомақты қаражатты талап етеді.

Жиын барысында округ тұрғыны Б.Хайметова мектепке интернет желісі орнатылса деген ұстаздар мен оқушылардың өтінішін жеткізді. Өз кезегінде Бинәлі Әбдіқапасұлы орынбасары Айбек Бидаевқа бұл мәселені жедел шешіп беруді тапсырды. Ауылдың ауыз су мәселесін көтерген Г.Ахметова:

– Былтырғы жылы су соратын арнайы қондырғылар орнатылып, үш-төрт ай жақсы жұмыс істеген еді. Міне, тағы да 3-4 айдың жүзі болды, ол да істен шықты. Осыған ықпал етсеңіз – деді. Бинәлі Әбдіқапасұлы аталмыш түйткілді «Есік су құбырының» басшысы М.Бердалиевке аз уақытта шешу керектігін ескертті. Жиын қорытындысында «Дурсунов» ШҚ басшысыҒ.Дурсунов сөз сөйлеп, әкімдер жұмысына қанағаттанарлық баға беруді ұсынып, қолдау тапты.

Айтып өтейік, Бөлек округі жеміс-жидекті өсіруде көш ілгері келеді. онда сыйымдылығы 11 мың тоннадан астам жеміс-жидек қоймалары жұмыс істейді. Осы салалардың өзінде  870 адам жұмыспен қамтылған.

 

 Есік

Аудан экономикасының оң динамикасы Есікте де байқалады. Мәселен, 2018 жылы қала кәсіпорындары 12 млрд 549 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен. Әрі биыл Есік өзенінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын ГЭС-1 құрылысы аяқталмақ. «Бизнестің жол картасы – 2020  бағдарламасы шеңберінде 168 млн 635 мың теңгеге екі жоба қаржыландырылған. 24 сауда, қызмет көрсету және шағын өндіріс нысандары іске қосылып, 150-ге тарта жұмыс орындары ашылған. Осы турасында қала әкімі Бауыржан Бименов кеңінен әңгімеледі.

Аудан орталығында 100 млн теңгеге 40 мың 769 шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өткен. Амангелді көшесі 81 млн теңгеге, «Даңқ» ескерткішінің аумағы 43 млн теңгеге абаттандырылған. Биылдың өзінде Алтын адам және Алматы көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын жасауға да қаржы қарастырылды. Қ.Орымбетов атындағы көшені орташа жөндеуге, Н.Островский атындағы және Набережная көшелерін қайта жаңартуға да қаражат бөлінген.

Осының бәрін саралаған қала тұрғындары аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының, қала әкімі Бауыржан Мыныханұлының жұмыстарына оң бағасын беріп, алғыстарын жаудырды. 

Өз тілшілеріміз.

 

 

Read 84 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама