Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 13:53

Толағай табыстар еселі еңбекпен келеді

Толағай табыстар еселі еңбекпен келеді mezet.kz

2018 жыл... 12 ай... 365 күн... Тағатсыз сағат тілімен таласқан ауданымыздағы табанды тірліктер енді тарих қойнына тартты. Әлбетте, оны қайтару мүмкін емес. Тек есте қаларлық ілкімді істерді ой таразысына салып, екшеп-текшегеніміз болмаса. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай: «Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру – біздің мақсат». Ал рахатын көретіндей, елге пайда беретіндей қандай қам-қарекет болды? Бұл сұраққа өзінің қорытынды есебінде Бинәлі Ысқақ толыққанды жауап берді. Есепті кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізді, облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов арнайы қатысты. Сондай-ақ, әр деңгейлі мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, аудан  жастары мен тұрғындары залдан орын алды.

Аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің спорт алаңы бұл күні ерекше күйге енген. 700 адамға қойылған арнайы орындықтар, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айғақтайтын билбордтар кездесудің көркін ашты.

Сонымен, өткен жыл ауданға не сыйлады? Әлеуметтік даму, экономикалық өсім турасында кеңінен баяндама оқыған Бинәлі Әбдіқапасұлы сөзімен келтірсек: – Еңбекшіқазақ ауда-ны облыстың 15 пайызын өнді-ріп отырған іргелі аграрлы аудан. Былтыр 103 млн 847 мың теңгенің өнімін нарық-қа шығарды. 2017 жылмен салыстырғанда 4 млрд теңгеге артық. Мемлекет тарапынан шаруашылықтарға 2 млрд 300 млн теңге субсидия берілді.

Өздеріңізге мәлім, 2011 жылы Елбасы Алматы облысына сапары барысында, Еңбекшіқазақ ауданы бақтарды дамытуға бағыт алуы керектігін атап өткен болатын, себебі біздің өңір алманың отаны  деп есептеуге болады.

Аталған тапсырманы орындау жөнінде шаралар қа-былданған болатын. 2018 жылы 1295 гектарға алма бақ отырғызылды, оның ішінде 568 гектар интенсивті бақ. Атап айтсақ: Қаратұрық ауылдық округінде «Жетісу бақтары» өндірістік кооперативі 210 гек-тарға интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 2 миллиард теңгені құрады.

Асы ауылдық округінде «Алма Мас-тер Филдс» ЖШС 126 гектар жерге интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 1 миллиард 877 миллион теңге. Тес-кенсу ауылдық округінде, «Арнау Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 гектар жерге интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 1 миллиард 511 миллион теңге.

Осылайша, 2018 жылы алма бақтарының жалпы көлемі 9868 гектарға жетті (оның ішінде 1500 гектар интенсивті бақ және 506 гектар апорт), ал 2012 жылы алма бақтың көлемі 3271 гектар ғана болған (өсім үш есеге жуық). Сонымен, өткен жылы бағбандықты дамытуға тартылған жалпы инвестиция көлемі 3 миллиард 380 миллион теңгені құрап, 250 жаңа жұмыс орны құрылды.  Аталған жұмысты биыл да жалғастыратын боламыз. Біз, интенсивті алма бағын кем дегенде 500 гектар жерге отырғызуды, осы мақсатта 3,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуды және 300 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз.

Жаңа бақшалармен бірге жаңа жеміс сақтау қоймалары салынуда, сондай-ақ табиғи шырындар мен  пюре өндірісі үшін өндірістік желілер пайдалануға беріледі.

Өткен жылы 4600 тоннаға 3 жеміс сақтау қоймасы және алма өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3 желі салынды.

Ауданда сүтті және етті мал шаруашылығын дамуы қарқынды өсуде.Өткен жылы 2300 басқа арналған 5 ірі бордақылау алаңы ашылды. Мысалға: Бөлек ауылдық округінде, «АгроМеркур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 басқа арналған  бордақылау алаңын іске қосты. Шелек ауылдық округінде, «СВХ» шаруа қожалығы 400 басқа арналған бордақылау алаңын салды.  Асы ауылдық округінді, «Ынтымақ» шаруа қожалығымен 400 басқа арналған бордақылау алаңын салынды. Биыл біз 5 мың басқа арналған бірқатар ірі бор-дақылау алаңдарының құрылысын бас-тауды жоспарлап отырмыз. Бордақылау алаңдарымен қатар біз жаңа сүт-тауар фермаларын ашу жұмыстарын атқарып жатырмыз.Өткен жылы аудан бойынша жалпы 550 басқа арналған 4 сүт-тауар фермалары ашылды: Тескенсу ауылдық округінде 200 бас («Береке» шаруа қожалығы), Қаратұрық ауылдық округінде 200 бас («Темир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі),  Балтабай ауыл-дық округінде 100 бас («Ыбраев» шаруа қожалығы), Саймасай ауылдық округінде 50 бас («Каспакбаев» шаруа қожалығы).

Осы жылы біз 1150 басқа арналған 4 сүт-тауар фермаларын ашуды жоспарлап отырмыз. Олар: Ақши ауылдық округінде 800 бас («Умэкс БС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), Саймасай ауылдық округінде 200 бас («Айдарбаев» шаруа қожалығы), Балтабай ауылдық округінде 100 бас («Қартбаев» шаруа қожалығы), Бартоғай ауылдық округінде 50 бас («Элса» шаруа қожалығы), – деді.

Ауданда жасыл энергетика қарқын алған. Айталық, 2017 жылдан бері 3 су, 7 жел электр стансалары іске қосылды. Биыл «Нұрлы ВЭС» ЖШС (қуаттылығы 5 МВт), «Самрук Грин Энерджи» ЖШС (қуаттылығы 50 МВт) жел электр стансаларының жұмысын бастаса, Шелек өзенінің бойында қуаттылығы 4,5 МВт-тық төртінші су электр стансасының құрылысы тәмамдалмақ. Сол секілді Сөгеті округінде қуаттылығы 200 МВт болатын күн электр стансасы да бой көтермек.

Былтыр инвестиция көлемі де 39 млрд теңгеге жеткен. 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 млрд теңгеге артық.

Аудан бюджетінің 70 пайызын алатын білім саласында да ауыз толтырып айтатын жетістіктер бар. Ол турасында: – Мен әрқашан білім беру жүйесіне ерекше назар аударамын, өйткені біздің балаларымыздың білімділігіне бүкіл елдің табысты болашағы тәуелді. Осы салада да біз серпінді жетістіктерге қол жеткіздік. ҰБТ-ның орташа балы 88,2-ні құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 5 балға жоғары, білім берудің сапалық көрсеткіші 8,8 пайызға өсіп, 63,6 пайызды құрады. «Алтын белгіні» 91, ал үздік аттестатты 84 оқушы иеленді. Өткен жылы барлығы 854 түлек жоғарғы оқу орнына түсіп, оның 353-і грантқа түскен. Бұл көрсеткіштер де алдыңғы жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жаңа мектептер салу есебінен біз үш ауысымды мектептер санын 12-ден 4-ке дейін төмендеттік.

Осы мәселені толық шешу үшін біз Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы мектебіне 600 орынды қосымша ғимарат, Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы мектебіне және Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы мектебіне 300 орындық қосымша ғимарат салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейміз.

Бұдан басқа, алдағы жылдарда 12 ауылдағы бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің орнына 120 орынға арналған жаңа мектептер салу және 19 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  жоспарлануда.

Осылайша, биылғы жылы біз Саймасай мен Аймен ауылдарындағы мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын бастауды және Есік қаласындағы Абылайхан атындағы мектебін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзір-леуді жоспарлап отырмыз.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жағдайын жақсарту үшін көп жұмыс атқарылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 45 балабақша іске қосылды  (жалпы 3440 орынға), балаларды бала-бақшамен қамту деңгейі 98,6 пайызға жетті.

Ағымдағы жылы, мерзімнен бұрын біз ауданның барлық балаларын мектепке дейінгі мекемелермен 100 пайыз қамтуды жоспарлап отырмыз – деді Б.Ысқақ.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да өңірімізде табыс жүргізілуде. Мәселен, былтыр 228 877 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 92,5 пайызы электронды түрде. Ал бұл 2017 жылы 56 пайыз болған-тын.

Әкім баяндамасын талқылауға «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қорының» атқарушы директоры Б.Елшібаева, аудандық мәсли-хат депутаты В.Крылов, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты А.Ілебай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Г.Жошыбаева, ауданның құрметті азаматы А.Оспан мінберге шықты. Еркін пікір білдіріп, аудан әкімінің бір жылдық жұмысына қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды. Өз сөзінде Гүлнәр Сағатқызы: «Ынтымақты жерде – ырыс жүреді» демей ме дана қазақ. Сөзімнің түйінінде осындай келелі істердің басында тұрған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының бір жылдық жұмысына бірауыздан «қанағат-танарлық» деген баға беруді ұсынамын. Себебі,

«Ері – елім, елі – ерім деген ел,

Қадірі артып, өсер, көктеп-көгерер»!, – деді. Кездесуге қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мінберге көтерілген Алматы облысы мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов облыс аумағында атқарылған табысты жұмыстарды айтып, аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың есебіне қанағаттанатындығын жеткізді.

Жиын соңында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, аудан әкімі оң жауабын берді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат депутаты.

Read 109 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама