Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 19:31

Сенімді ақтаймыз!

Сенімді ақтаймыз! mezet.kz

27 ақпан 2019 жылы Елордамызда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ Съезі өтіп жатыр. Съезд барысында партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде қазіргі таңдағы өзекті мәселенің  бірі көпбалалы отбасыларға  берілетін жәрдемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 70 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, көпбалалы отбасындағы әр балаға берілетін жеке әлеуметтік көмек көлемін кем дегенде 21 мың теңгеге дейін көтерілуі және "Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын-үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе отырып, екі пайыздық мөлшермен ипотекалық бағдарлама әзірлеуді Елбасы үкіметке тапсырды.

Өз ойым мемлекетіміздегі әлеуметтік сала басты назарда екендігі бүгінгі өткен съезде айқындалды.

Біз «Нұр Отандықтар» Съездің шешімдерінің негізінде өз жұмысымызды жандандыра отырып Елбасының бізге артқан сенімін абыроймен ақтаймыз!

 

Осан Жангелді,

Алматы облыстық маслихат депутаты,
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі

Read 28 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама