Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:57

Инвесторлар бас қосты

Инвесторлар бас қосты mezet.kz

Жақында аудан әкімдігінің жиын залында жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздағы инвесторлармен кездесу өтті. Жиынға орталық директоры Берік Иманбаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали және инвесторлық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Берік Иманбаев жиынға қатысқан кәсіпкерлерге «Еңбек» бағдарламасын түсіндіріп өтті. Кейіннен, орталық қызметкері аталған бағдарлама бойынша қанша пайызбен несие алуға болатындығын, сонымен қатар, оған кімдер қатыса алатындығы жөнінде толығырақ ақпарат берді.

Бүгінде ауданымыздағы ең ірі инвесторлық жобалардың бірі – Сөгеті жеріндегі вольфрам тау-кен комбинаты. Инвестициялық құны 95 млрд теңге болатын комбинаттың құрылысы биыл басталуы тиіс. Осыны айтқан Берік Әділжанұлы жұмыспен қамту орталығы 3 ай мерзім ішінде құрылысшы мамандарды оқытып, дайындап беретіндігін айтты «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің өкілдеріне. Сондай-ақ, инвесторлар тарапынан тапсырыс түссе, кен өн-дірісіне қажетті мамандарды қазірден бастап оқытатындығын айтты. Ол үшін колледждерде арнайы мамандықтар ашылмақ. Шелек ауылындағы «Ақтай сауда» ЖШС-нің ет комбинатына да технолог пен мал соятын адам жетіспейтін көрінеді. Жұмыспен қамту орталығы технолог маман тартуға көмегін берсе, қасапшыны табу қиынға соғады екен. Себебі, ондай мамандарды еш жерде оқытпайды.

Жиынға қатысқан «Ескене» ЖШС, «Гаитов», «Ынтымақ» шаруа қожалықтары мен «Нұрислам» жеке кәсіпкерлігі алдағы уақытта өздеріне қажетті мамандарды жұмыспен қамту орталығына тапсырыс беру арқылы оқытып алатын болды. Шара соңында мекемелермен екіжақты меморандум жасалды.

С.НҰРАДИН.

 

Read 32 times

Image Gallery

Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама