Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:07

Жауапкершілік жүгі ауыр

Жауапкершілік  жүгі ауыр mezet.kz

 

   6-шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясында үш мәселе күн тәртібіне қойылды: Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жұбаныш Ноғайбековтың қорытынды хаттамасы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Батыр Хайруллаевтың есебі және ауданның 2018 жылғы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, аудан әкімінң орынбасары Алтай Досымбаев, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты.

   Алғаш мінберге көтерілген Жұбаныш Ноғайбеков түзетілген бюджет болжамы толық орындалғандығы, Есік қаласы мен ауылдық округтердің кірістер болжамы да артығымен жиналғандығын атап өтті. Сонымен қатар бірқатар түйткілдерді тарқатып берді: – Аудан бюджеті параметрлерінің тү-зетілуіне және нақтылануына қарамастан шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттардың 62496,5 мың теңге сомма игерілмеген. Соның ішінде аудандық бюджетте 46502,4 мың теңге, ауылдық округтердің бюджеттерінде жалпы 15894,1 мың теңге. Аудандық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 39653,9 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке жол берілген. Бюджеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша 2018 жылы 28 инвестициялық жобаларға қаржы бөлініп, 20 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Жыл қорытындысымен 8 инвестициялық жоба бойынша соның ішінде, есепті кезеңде аяқтауға беру жоспарланған 8 жоба орындалмаған.

   Инвестициялық жобаға бөлінген қаражаттың игерілуі 99,1 пайыз. Орындалуының тиімділік көрсеткіші 78,6 пайызды құрап отыр. Қорыта айтқанда осынау кемшіліктерді назарға алу сұралады, – деді.

    Кейіннен Батыр Таштемірұлы мінберге көтеріліп, өткен жылға бюджеттің орындалуына байланысты баяндама оқыды.

   Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібеков сөз сөйлеп, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын тілге тиек етті.

   Сессия жұмысының қорытындысында олқылықтардың орнын толтыру мақсатында арнайы шешім қабылданды. Онда: 2018 жылдың қорытындысымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 62496,5 мың теңге қаражаттардың игерілмеуіне байланысты жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру; 2018 жылдың қорытындысымен Еңбекшіқазақ ауданы бойынша орын алған дебиторлық және кредиторлық берешектерді азайту жұмыстарын жүргізу және жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылған.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Read 97 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет