Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019 18:15

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТЖБ ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ  ТЖБ  ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwiy-pSY9oviAhUK6KYKHcHiBgsQjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Fnewtimes.kz%2Feshche%2Fekologiya%2F89974-krupnyj-pozhar-unichtozhil-chast-lesnogo-massiva-v-kostanajskoj-oblasti&psig=AOvVa

   2019 жылы өрт қаупті кезеңде Алматы облысының аумағында апаттар қаупін азайту бойынша жүргізілетін алдын-алу шараларын орындау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы тақырыптар бойынша «Брифинг» өткізілді.

   Орман және дала өрттерін болдырмау мақсатында «өрт қауіпті кезеңінде» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдар арқылы өртке қарсы үгіт-насихат жұмыстары күшейтілді.Демалыс және мереке күндері Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрттің қауіпті кезеңінде халықты жаппай шоғырланған жерлерде дауыс ұлғайтқыш құрылдар арқылы дәріс, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар, буклеттер, ақпараттық парақтар, ескертулер  саяжайлар мен үй иелеріне таратылды. Аудандағы ауыл шаруашылығы алқаптарында инженерлер құрамымен инструктаж жүргізілді.Сондай-ақ, жас өрт сөндірушілер, орта мектеп оқушылар, балабақшаларда арасында «Қауіпсіз табиғат аясында демалу» тақырыбындағы сурет салу конкурсты және өрт қауіпсіздік тақырыбында үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізілуде.Еңбекшіқазақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде аудандағы өрттердің жай-күйіне толық талдау жасалады және орман мен дала өрттің алдын-алу үшін дереу шаралар қабылданады.

   Брифинг барысында Т. Сабитов барлық саяжайлар мен үй иелеріне өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін ұмытпауын ұсынды. Учаскелерді және оларға іргелес аумақтарды құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстан уақтылы тазарту керектігіне тоқталды. Табиғатта демалу кезінде далада өртеу, аулаларды жинау және ашық отты пайдалану барысында ерекше сақтық шараларын сақтау керек екендігін атап өтті.

 Қайғылы статистика көрсеткіші бойынша өрт қаупі кезеңінде өрттің негізгі себептері сөндірілмеген темекі тұқылы мен құрғақ шөпті өртеу болып табылады.Өсірілген от та орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан да алау жағу және сөндіру ережелерін ересектер мен балалар білуі тиіс.

  "Өрт шыққан жағдайда, - деп еске салды сөз сөйлеуші, - әрбір азаматтың міндеті – бұл туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлау - "101" немесе "112".

 

Исмяков. Р. И.,

Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ инженері,

азаматттық қорғау лейтенанты

Read 119 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет