Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:06

33 жыл мемлекеттік қызметте

23 маусым — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай, Талдықорған қаласында салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделін арттыруда, оның міндеттері мен мақсаттарын нәтижелі орындау бағытында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Ел мүддесіне адал қызмет атқарып жүрген Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жұмағалиев Әзіл Кәрімұлы еткен еңбегі бағаланған үздіктер қатарынан көрінді. 

Әзіл Кәрімұлының 45 жыл еңбек өтілінің 33 жылын мемлекеттік қызметке арнап келеді.

– Бүгінгі күні мемлекет-тік қызметтің қоғамдағы рөлі мен орны бөлек. 23 маусым мемлекеттік қызметшілер мерекесі ретінде аталып өтілуі бір жағынан халықтың бізге сенім артқанының, қолдауының айғағы болса, екінші жағынан бізге үлкен жауапкершілік артып отыр. Мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандарға алдағы жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарап, талмай, адал еңбек етуге сенім білдіріп, үлкен үміт артамын, – деді өз сөзінде Әзіл Кәрімұлы.

 

Динара Төлемісова.

Read 110 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет