Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:40

Апатты қалаға көмек қолы созылды

Өткен аптаның алғашқы күні арыстықтар үшін сәтсіз басталды. Дүйсенбі күні таңертең қалада орналасқан әскери қоймада жарылыс болып, бейбіт тұрғындардың берекесін алды. Жарылыс салдарынан тұтанған оқ-дәрілер мен снарядтар тұрғын үйлердің үстіне түсіп, бірер сәтте қаланың астан-кестенін шығарды. Дүлей дүмпуден шошынған жұрт үйін, қызметін, кәсібін тастап қаладан қашты.

Әлеуметтік желі арқылы желдей ескен Арыстағы апат туралы хабар барша елді аяғынан тік тұрғызды. Жедел іске кіріскен құтқарушылар эвакуация жұмыс-тарын бастап, бірнеше сағатта арыстықтарды жақын маңдағы аудандар мен Шымкент қаласына жеткізді. Түркістан облысындағы аудандарда уақытша лагерьлер құрылып, төтеншеліктер жарылыстарды тоқтатып, өртті ауыздықтады. Сол күні кешкісін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болып, апаттың мән-жайымен танысты. Құзырлы органдарға тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ, уақытша лагерьлерге орналасқан арыстықтармен жүздесіп, қаланы тез арада қалпына келтіретіндігін жеткізді. Шұғыл жиын өткізген Премьер-министр Асқар Мамин апат салдарынан бір бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің қаза тапқандығын жеткізіп, марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты. Арысқа шұғыл жеткізілген саперлар қаланы шашылған снарядтардардан тазалап, тұрғын үй аулаларын тексеріп шықты.

Осындай қайғылы жағ-дайда отандастарының қасынан табылған республика жұртшылығы жер-жерден гуманитарлық көмектер жіберіп, қол ұшын беріп жатыр. Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымы да өздерінің бір күндік жала-қысын зардап шеккендерге арналған көмек қорына аударып, қиын сәтте қолдау білдірді.

Құрметті оқырман, Сіз де Арыстағы азаматтарға заттай немесе қаржылай көмек қолын соза аласыз. Ол үшін төменде көрсетілген мекен жайға барып, тұрмыстық қажеттіліктерді жіберуге, көрсетілген банк шотына қаражат аударуға мүмкіндіктеріңіз бар.

 

Өз тілшіміз.

 

Read 131 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет