Жұма, 05 Шілде 2019 12:05

Арысқа көмек жалғасуда

Арысқа көмек жалғасуда mezet.kz

Жарылыстан зардап шеккен арыстық ағайындарға әлі күнге көмек қолы созылуда. Жер-жерден жүк көліктерімен гуманитарлық көмек жөнелтіліп, қомақты қаржылай қолдау көрсетілуде. Ауданымыз да жақында ғана азық-түліктер мен тұрмысқа қажетті заттарды жеткізіп берген болатын. Игі шара жалғасын тауып, өткен аптаның соңында тағы да жүк көлігі жіберілді арыстық ағайындарға.

Отандастарының қайғысына бей-жай қарамаған аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері 1 тоннадан астам макарон өнімдері, 1 тоннаға жуық қант, 2,5 тонна ұн, жалпы 20 тоннаға жуық құны 4 млн теңге болатын түрлі азық-түліктер, жеке қажетті заттар тиелген жүк көлігін шығарып салды Арыс қаласына. Сонымен қатар, ауылдық округтер мен кәсіпкерлер 1 млн-нан астам қаржы жинап берді. «Еңбекшіқазақ ауданы Арыспен бірге» атты акция барысында жүзеге асқан қайырымдылық шарасын аудан әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды.

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – деген дана халқымыз. Осы қағиданы ұстанған қазақстандық-тар қолдан келгенше көмектерін аяп жатқан жоқ. Оны Арыс қаласына жасаған сапарымызда байқадық. Азық-түлік пен қажетті заттар тиелген жүк көліктері күндіз-түні келіп жатыр, – дейді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Бағдат Рахимов.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Read 39 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет