Жұма, 05 Шілде 2019 12:08

Мерекелік шаралар 3 есеге қысқарды

Мерекелік шаралар 3 есеге қысқарды https://www.google.com/search?biw=1600&bih=757&tbm=isch&sa=1&ei=FuoeXaqQMumSrgSJtbv4DA&q=%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0+%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96+%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%96+%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA+

Биылғы шілде айының 6 жұлдызы Елордаға 21 жыл толады. Осы күнге дейін бас қаланың мерейтойы атаусыз қалған емес. Осы жылы да Нұр-Сұлтанның туған күні аталып өтеді.

Жақында Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бірқатар қазақстандық-тар Нұр-Сұлтан күнін тойламай, бөлінген қаржыны Арысқа жіберуді ұсынған болатын. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, астананың туған күнін мүлдем болдырмай тастау мүмкін емес. Есесіне, бөлінген қаражат үнем-деудің нәтижесінде 3 есеге қыс-қарды. Қазынадан бөлінген 300-400 млн теңге іс-шараларды өткізуге ғана емес, қаланы көркейту жұмыстарына да жұмсалады.

Бәз-біреулер қала әкімдігінің бұл шешіміне де қарсы шығып, мерекені мүлдем тойламау керек деген пікірін айтып жатыр. Онсыз да бұрындары миллиардтар бөлінетін мейрам биыл бірнеше есе қысқарып 300-400 млн теңгеге түсті. Орта Азиядағы ең көрікті, ең жас қалаға бүкіл әлем жұртшылығы көз тігіп, туристердің сүйікті орнына айналған сәтте қала күнін атаусыз қалдыру мүмкін емес. Сондықтан бөлінген ақшаға Елордада мәдени шаралармен қатар, қайырымдылық, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Бұрындары Елорда күніне орай 300-ден астам шаралар ұйымдастырылатын болса, осы жылғы мерекеде 100-ге жуық шара өтеді. Оның 73-і тегін мерекелік бағдарламалар. 4 жыл бойы қатарынан ұйымдастырылып, дәстүрге айналған Open Air ашық аспан астындағы Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының гала-концерті биыл болмайды. Сонымен қатар, 6 шілде күні орталық алаңдардағы көңіл көтерулер мен шығыны көп шараларды астана жұртшылығы тамашалай алмайды.

Осы күнге дейін Арыс қаласына бірнеше рет гуманитарлық көмек және  қаржылай көмек жіберген қала басшылығы бұл жолы да отандастарының қайғысына көз жұма қарамады. Мереке күндері жоспарланған қаланың үш жеріндегі: Есіл өзенінің жағалауы, Абылай хан мен Пушкин көшелерінің қиылысы және «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығының ау-мағындағы от-шашулар болмайды. Осындай ұсыныс таста-ған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігін мерекелік от-шашулар демеушілері қолдап, бөлінген қаржы Арыстағы апаттан зардап шеккендерге аударылады.

 

С.НҰРАДИН.

Read 37 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет