Жұма, 05 Шілде 2019 12:14

Елордамыз еңселі -Елбасының еңбегі!

Елордамыз еңселі -Елбасының еңбегі! https://www.google.com/search?biw=1600&bih=757&tbm=isch&sa=1&ei=FuoeXaqQMumSrgSJtbv4DA&q=%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0+%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96+%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%96+%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA+

Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы  1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», – дей келіп, «1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» – деп жеткізеді. Расында, Елбасының арман-қиялымен ұштасқан бас қаламыздың бүгінде көркі көз тойдырып, көңіл шалқытады. 

ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атанған елорданың аумағы 710,2 шаршы километрді құрайды. Ол халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Қалада әкімшілік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми, білім беру нысандары және іскерлік-орталықтар, тұрғын-үй кешендері алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін құрылыс нысандары бой көтеріп, жаңа әкімшілік орталығында ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимараттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталықтарында кеңселер, сау-да орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталықтарда театр-лар, мұражайлар, демалыс орындары, спорттық нысандар, ойын-сауық орталықтары орналасқан. Осының бәрі, әлбетте, қыр даланы гүл қалаға айнал-дырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен қажырлы қайратының жемісі. Тәуелсіз Қазақстанның астанасын әлем танып, көптеген маңызды саяси шешімдер де нақ осы елордада қабылданады. Әлемдік саясаткерлер көз тіккен Орталық Азияның жауһары атанды. Елорда жаһандық спорттық шаралардың орталығына да айналды. Оның дәлелі – қысқы Азия ойындарының бір бөлігінің бас қалада өтуі. Елбасы еңбегінің арқасында араға 11 жылдық үзілісті салып елордада ЕҚЫҰ саммиті өткен-ді. Саммит қорытындысы бойынша бас қаланың декларациясы қабылданған болатын. Төрткүл дүние телміре қараған ЕХРО көрмесі де астанамыздың беделін одан әрі арттырып, таңдай қақтырды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ЕХРО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп, қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35 қана қаланың қатарына қосылды. Тәуелсіз Қазақстанның символы – Астана. Нағыз ХХІ ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады. Танылды да. Бүгінде Орталық Азияның жауһарына айналған елорданы білмейтін жан жоқ шығар жаһанда», – деп зор мақтанышпен айтқан-ды.

Уақыт – бәріне сыншы, өткенге – төреші екені айқын. Сонау 1994 жылдың 6 шілде күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің сессиясында мемлекет астанасын Арқа төсіне, атап айтқанда, Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысын ортаға салғанда бүкіл әлем қауымдастығы түрлі қөзқараспен қарағаны да жасырын емес. Ал, барша қазақстандықтар үшін тарихтың жаңа беті ашылған еді. Құдайға шүкір, кезінде біреуге жалған, біреуге арман болған бас қала бүгінгі таңда халықаралық қауымдастық таныған, мойындаған қалаға айналды. Елбасымыздың асқақ мақсаты орындалды. Астанамыз жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті өркендеп, барша қазақстандықтардың бас ордасына айналды. Қазақстанның дамуына серпін берген жаңа елордамыздың авторына ризашылық сезіммен «Астана – Елбасының ерлігі» деп те айтамыз. Ел үшін де, Елбасы үшін де, елорда үшін де марқайып жүретін болдық.

Асқан көрегендікпен, маңдай тер, асқақ арманмен жүзеге асқан Елбасының төл туындысы – Нұр-Сұлтан қаласы жаңа серпінмен алға қадам басуда. Еліміз берекелі, елордамыз еңселі, халқымыз ауызбіршілікті болсын!

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Read 127 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет