Жұма, 09 Маусым 2017 11:13

Тұғырым – көк байрақ, Әнұран – мол қайрат, Елтаңбам – жұртқа айбат

Маусымның 4-ші жұлдызында Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жас-тар саябағында мерекелік акция өтті.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің маңызына тоқталып өтті:

– Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Олай болса, Мемлекеттік рәміздер бұл мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан, біздің Мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тылсым тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды – деп жастарды отансүйгіштікке шақырып, рәміздерімізді құрмет тұтуды тапсырды. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында қазақстандық патриотизмді, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет қалыптастыруда үлес қосып жүрген аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Исатаеваға, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедовке, аудандық грек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Савелий Карасавидиге, бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері Айдар Шарибаевқа, қыздар арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы Айгүл Нұралімге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Мерекелік концерт барысында Ернар Мұқан, Қанипа Өнерхан, Ұлан Қоқымбаев, Дәурен Сәрсенбаев сынды аудан өнерпаз-дары патриоттық әндерді асқақтата шырқап, жиылған көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлады. Аудандық емхана жастарының ұйымдас-тырған флеш-мобы және «Улыбка» халықтық би ансамблінің қыздары әдемі биімен көрерменді тәнті етті.

Айта кетейік, мерекелік шара аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекші-қазақ ауданының әйелдер одағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар ресурс-тық орталығымен бірлесе жүзеге асырылды.

Мемлекеттік рәміздеріміздің мерейтойы жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Мемлекет-тік рәміздер – Тәуелсіздік тұмары» тақырыбында кең көлемде аталып өтті.

Алдымен, ортаға Мемлекеттік Ту әкелініп, жиылған көпшілік Гимн орындады. Кейіннен, мерекенің ашылуында жастарды құттықтаған колледж директоры Гүлнар Жошыбаева:

– Рухы асқақ, тұғыры биік рәміздерімізге биыл 25 жыл толды. Бұл біздің өткеніміз, тағдырымыз. Туымыз, Гимн мен Елтаңбамыз – қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. . Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба мен Гимннан бастау алады – деп, рәміздеріміздің қазақ халқының өмірінде алатын ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып жүрген, түрлі жарыстарда топ жарған колледж студенттерін алғыс хаттармен марапаттады.

Жиылған жастар сахнадағы лэд-экраннан рәміздеріміздің тарихынан сыр шертетін бейнеролик тамашалап, сұрақтарға жауап берді. Күміс көмей студенттер патриоттық ән айтып, көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.

Қазақтандықтардың айбыны, мақтанышы – Мемлекеттік рә-міздеріміздің 25 жыл-дығы қарсаңында ұйымдастырылған шаралар игі жалғасын табуда. Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекшіқазақ ауданы-ның әйелдер одағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Есік қаласы мен Шелек ауылы аралығында автошеру ұйымдастырылды.

Есік қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен боздақ-тарына арналған ескерткіштің маңын-да өткен автошерудің ашылуына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, қала әкімі Бауыржан Бименов, қоғамдық қор төрайымы Роза Исатаева мен жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев қатысты. Қала орталығына жиылған жастар концерттік бағдарлама тамашалап, автошеруді қошеметпен шығарып салды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын желбіреткен бірнеше көлікті Ташкенсаз, Балтабай, Бәйдібек би, Тескенсу, Қаратұрық ауылдарының жастары қолдау білдіріп, шығарып салды. Есік пен Шелек аралығындағы бірнеше елді мекенді жүріп өткен көліктер Шелек ауылының орталығына табан тіреді. Мұнда да, Ту мен жалауша ұстаған шелектік жастар зор құрметпен қарсы алды. Ән мен биден шашу шашып, округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов автошеру ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

– Жастар – Тәуелсіз Қазақ-станның жарқын болашағы. Біз оларды патриоттыққа тәрбиелесек, ертеңгі күні олар мемлекетіміздің гүлденуі жолында аянбай тер төгері сөзсіз. Бүгінгі автошеру сол тәрбиенің бір шеті ғана. Алайда, ауданымыздың жастары игі шараға бей-жай қарамады. Жалаушаларын ұстаған аудан орталығы мен округ жастары көшеге шығып, қолдау білдірді. Мұның өзі патриоттықтың айқын бейнесі – дейді Роза Исатаева.

Рәміздер күні қарсаңында ауданымыздың жастары белсенділік танытып, Мемлекеттік нышандарымызды ұлықтауда көш басында келеді. Оның бір дәлелі, Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында өткізілген «Көк Тудың желбірегені» атты патриоттық акциясы.

Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірген шара «Еңбекшіқазақ ауданының әйелдер одағы» қоғамдық қоры жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастырған флеш-моб би көпшілік көңілінен шықты.

– Біз, жастар, қоғамның қозғаушы күшіміз, елдің ертеңіміз. Азат елдің кемел келешегі де біздің қолы-мызда. Сондықтан, осындай шараларды көптеп ұйымдас-тырып, Отанға деген сүйіс-пеншілікті бойымызға сіңі-руіміз керек. Патриот адам ешқашан еліне, жеріне қиянат жасамайды – дейді аудандық мәслихат депутаты, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев.

Сардарбек НҰРАДИН.

Қаралды 156 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама