Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 11 Мамыр 2018 11:51

Ғасыр тойы

Мамырдың үші күні Есік қаласы Райымбек батыр атындағы орта мектепте «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығына орай облыстық басылымдар ұжымы тұрақты оқырмандарымен жүздесті.

Дөңгелек үстел еркін сұхбаттасу түрінде өткізілді. Шараны аудан әкімінің орынбасары А.Бидаев кіріспе сөзімен ашып, жүргізіп отырды. «Өлке тынысы» ЖШС директоры М.Жанәділов қазіргі кездегі газеттердің жай-күйіне тоқталып, болашағына талдау жасады. Ақпарат жаршысы бола білген қос газеттің облыс халқы үшін алар орнының жоғары екенін атап өтті. «Жетісу» газетінің редакция меңгерушісі Қ.Түнқатар басылымның өткен тарихына үңіліп, газеттің бірнеше рет атының өзгеруі, онда қызмет еткен бас редакторлар, газетте жарияланған әлі күнге маңызын жоймаған құнды мақалалар, бүркеншік атпен мақаласы жарық көрген алаш қайраткерлері туралы баяндады. «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов қос газетті жоғары бағалап, өзінің тұрақты оқырманы екенін тілге тиек етті. «Огни Алатау» газетінің меншікті тілшісі Е.Оралбаев пен мектеп директоры Ә.Түбекбаев та өздерінің пікірлерін білдірді. Шара соңында «Өлке тынысы» ЖШС-ның атынан бірнеше оқырманға марапаттау қағазы мен бағалы сыйлықтар тарту етілді. Сәйкесінше, аудан әкімінің атынан қос газет ұжымына да алғыс хаттар ұсынылды.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Қаралды 109 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама