Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 08 Маусым 2018 12:23

Өс, өркенде, Отбасы!

Мамырдың мамырлаған соңғы күндерінде Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Маңызы жоғары байқауды ұйымдастырушы – «Елім-ай» қоғамдық қоры болса, қолдаған аудандық ішкі саясат бөлімі болды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Исламов аудан әкімінің жеңімпаздарға деген зор ықыласын жеткізді. Сонымен қатар, берекесі мен бірлігін ұштастырып, ұрпағына ұлықты тәрбие беріп, өнеге болып отырған 27 отбасын арнайы дипломдармен марапаттап, құттықтады. Аудан өнерпаздары әуезді әндерін шырқап, көрермен көңілін бір көтеріп тастады.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Қаралды 143 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама