Жұма, 29 Маусым 2018 12:07

Журналистерге құрмет

Журналистер күні қарсаңында аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов қаламгерлерді қабылдады. Ауданның өсіп-өркендеуі жолындағы атқарылған шараларды жария етті, ондағы ұшқыр қалам, ұтқыр ой иелерінің орнын айшықтап айтты.

– Шын бар жерде, сын бар. Сондықтан Сіздердің жазған әрбір материалдарыңызды билік өкілдері оң қабылдауы тиіс. Өйткені, халық пен биліктің арасына алтын көпір салып, мемлекеттік саясатты тұрғындарға түсіндіруде табысты еңбек етіп келесіздер. осы ауқымды жұмыстарыңызды абыройлы жүргізіп отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Әрі аудандық, облыстық мәслихатта сайлаушыларының ыстық ықыласына бөленген Хайролла Қасымұлы басқарған «Еңбекшіқазақтан» қазір Қайнар Жұмағожаұлы біздің құрамымыздағы ең жас депутаттың бірі. Бір қолында қаламы, бір қолында мандаты бар азамат сайланған округінің ғана емес, аудан тыныс-тіршілігінің кемшіл тұстарын батыл жазып, оқырмандарының алғысын алып жүр – деді.

Кейіннен 88 жылдық тарихы бар «Еңбекшіқазақ» редакторы Х.Ахметжановты, орынбасары Қ.Жұмағожаны (суретте), «Ұйғыр авази» газетінің меншікті тілшісі Р.Рахманованы, «ЮиТ» газетінің редакторы Айгүл Габсаттарованы, «Иссык» газетінің тілшісі Алишер Матхалыковты, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Д.Төлемісованы Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ, «НұрОтан» партиясы аудандық филиа-лы «Еңбекшіқазақ» ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Төрағаның бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев партияның саяси жүйесін жан-жақты саралап, жұмысын насихаттауда атқарып отырған толағай еңбектері үшін газет ұжымына ризашылығын білдірді. Редакторы Х.Ахметжановқа, журналист Алмагүл Нұғманға Алғыс хаттар табыс етті. Естелік сыйлықтарын ұсынды.

Өз тілшіміз.

Қаралды 56 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама