Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 15:07

Рухани символ сәбиге сыйланды

Иә, ақын Қадыр Мырза-Әлінің бұл тұжырымы бүгінгі исі қазақтың ортақ ұранына айналғандай. Сонау көшпелі сақ бабаларымыздан беріге жеткен қос ішекті музыкалық аспаптың әрбір қазақтың төрінен орын алуы да содан болар. Тіпті, домбыраның қасиетін өзімізден өзгелер де, мәселен орыс жазушысы Александр Алекгоров: «Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, әсем дыбыстар шығады дегенге  мен еш уақытта сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне сенбес едім!», – деп жоғары бағалаған.

Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Біздің қазақ әнқұмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қаумалайды...», – деп қазақи болмыстың сипатын бейнелеген. Осы бір бабаның қанымен сіңген болмысымыздың көрінісіне Ұлттық домбыра күні қарсаңында куә болдық.«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, қолдарына қара домбыраны ұстаған, аудан әкімінің  орынбасары  Айбек Бидаев бастаған  ауданымыздың  құрметті азаматтары Тілеулес Ұзақов, Людмила Хочиева, Роза Исатаева, Хайролла Ахметжанов ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Исламов  аудандық перзентханаға барып қайтқан еді. Айбек Дүйсембекұлы Елбасы жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра  күні болып айқындалғанын, бұдан былай бұл атаулы күні  өмірге келген сәбилерге қазақтың рухани саздық серігі домбыра тартуға ұсынылатынын жеткізді. Алғашқы болып  осы сыйлықты аудан  басшылығының  атынан «Еңбекшіқазақ»  газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов өмірге келген сәби Әлижан Жасұланұлы Әкімбектің  атына ұсынды. Аудандық ардагерлер ұйымының  төрағасы Тілеулес Ұзақов сәбиге, әйелдер одағының төрайымы Роза Исатаева сәбидің анасы Индираға игі тілектерін айтты. Шыр етіп дүниеге келген нәрестеге ақ-адал ниетпен, ырымшылдығымыз ол да бар, киелі аспапты ұстатып, келешегіне зор сенім білдірген ауданның құрметті азаматтары мен аналары бата-тілектерін жаудырды Әлижан Жасұланұлы Әкімбекке.

Академик Ахмет Жұбанов:

«....Сымдай тартылған қос ішекте сан ғасырдың сан алуан сипаты мен ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі», – дейді. Ендеше, жас сәбиге бабалары ұстаған қасиетті аспаптың шарапаты тисін дейміз біз де!

Алмагүл НҰҒМАН.

Read 233 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама