Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 14:49

Жауапты жұмыста табыс тіледі

Жуырда Шелек аудандық емхананың жаңа басшысы лауазымы-на Құраметова Гүлнәр Съездбекқызы тағайын-далды. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ, Еңбекшіқазақ ауданы мәсли-хатының хатшысы Бекет Ахметов, аудандық «НұрОтан» партиясы филиалы төра-ғасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жаңа басшыны емхана ұжымымен таныстырды.

Ұжым алдында Бауыржан Ысқақ бас дәрігерді тағайындау туралы бұйрықты оқыды: – Құрметті ақ халатты абзал жандар, Гүлнәр Съездбекқызын Сіздерге таныстырып жатудың өзі артық. Себебі, орталық емхана директорының орынбасары боп ұзақ жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Білікті ұйымдастырушы ретінде өзін көрсете білді. Оған бәріңіз де куәсіздер, – деп, емхана жайын жақсы білетін кәсіби маманды таңдағандарын тілге тиек етті. Оған қоса, бірнеше жыл тұрғын-дардың қабырғасына батқан аталмыш емхананы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен 100 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінгенін, оның сметалық құжаттары дайындалу үстінде екенін атап өтті басқарма басшысы. Өз кезегінде Бекет Ахметов Шелек емханасының бүгінгі жайын сөз ете отырып: – Сайлау-шыларымызбен жиі жүздесеміз. Сондағы Шелек өңіріндегі бас-ты мәселелердің бірі – осы емхананың жайы. Әсіресе, кезінде аталмыш емхананың тіркеуінде болған емделушілер қазір ат терлетіп Есікке сабылады. Салдарынан тұрғындардың қалтасы қағылады, уақытын жоғалтады. Ең бастысы, сыр-қатты 80 шақырым жерге жеткізу оның өміріне қауіп төндіреді. Бұл турасында әріптесіміз, аудандық мәслихат депутаты Гүлнәр Құраметова да жақсы біледі. Енді осы түйткілдің түйінін тарқатады деп сенеміз, – деп халық қалаулысы ретінде елдің талабын жеткізді.

Келесі сөз алған Қуат Байғод-жаев жаңа басшыны құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Шелек ауылдық ардагерлер ұйымының мүшесі Жетпісбай Сыдықбаев емхананың білікті мамандардан кенде болмаса да, жаңа ғимарат пен медициналық аппараттардан, тіптен ұсақ керек-жарақтардан да тапшылық көріп отырғанын айтты. Жиын соңында Г.Кұраметова қонақтар мен әріптестеріне рахмет айтып, сенімдерін ақтауға уәде берді әрі жұмыс сапасын арттыру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, тұрғындар денсаулығын үздіксіз қадағалау аясындағы нақты жоспарларымен бөлісті. Ұжымды ұйымдаса еңбек етуге шақырды.

Айтып өтейік, Г.Құраметова еңбек жолын Шелек аудандық ауруханасында бастап, бірнеше жауапты сатылардан өткен.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Read 236 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама