Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 09 Тамыз 2018 12:25

Сан емес, сапа маңызды

«Ауылдың гүлденгені – Қазақстанның гүлденгені». Иә, еліміздің негізі – ауыл. Сондықтан, ауылдарға жағдай жасау – бүгінгі күннің негізгі мақсаты әрі Елбасы талабы. Бұл турасында: «...Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына жоғары талап қою керек» деді Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында. Нәтижесі де көңіл қуантады. Алысқа бармай-ақ, республикадағы ең үлкен елді мекен саналатын  ауданымыздағы әрбір ауылға көңіл бөлініп, ескірген әлеуметтік нысандар жөнге келтіріліп, жаңа ғимараттар салынуда. Биыл Қаратұрық ауылдық округінің тұрғындары осындай игіліктің куәгері болмақ. Себебі, бір округте ескі мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, су жаңа амбулатория бой көтеруде. Өткен аптада аудан әкімі аталған нысандарға арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

Бинәлі Әбдіқапасұлы өзінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров атын-дағы орта мектепке ат басын бұрды. Жыл басындағы аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есебі осы мектепте өткен болатын. Сонда қаратұрықтықтар мектеп ғимаратының ескіргендігін айтып шағымданған. Міне, бүгін сол мектеп адам танымастай күйге еніп келеді. Бюджеттен 557 млн. теңге қаржы бөлініп, 960 балаға арналған оқу ордасы күрделі жөндеуден өтуде.

Мердігер компания «Капитал Срой Проект Групп» ЖШС өкілінің айтуы бойынша, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Тамыз айының аяғында тәмамдалмақ. Аудан басшысы барғанда құрылыстың аяқталуын тағатсыздана күтіп жүрген ұстаздар қауымы Бинәлі Әбдіқапасұлына алғысын жау-дырып, ғимаратты бірге аралады. Нысан заман талабына сай жасақталуда. Бұрындары таршылық ететін мәжіліс залы кеңейтіліп, жарықтандырылған. Спорт залы да адам танымастай өзгерген.

– Кең әрі жап-жарық спортзал тек қана мектеп оқушыларына емес, ауылдың барлық жастарына есігін айқара ашу керек. Ауыл-да бос жүрген балалар осында келіп, спортпен шұғылдануы тиіс – деген аудан басшысы мектеп ауласындағы спорт және жаттығу алаңдарын көріп, көңілі толатындығын жеткізді.

Қазір негізгі жұмыстар аяқта-лып, ақтап-сырлау ғана қалған. Сондай-ақ, мектептің алдына тас төселіп, асфальттауға дайындалып жатыр. Бұрындары ауылдың малдары кіріп-шығып жүретін мектеп ауласына қоршаулар қойылып, ойын алаңдары да ретке келтірілуде. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, құрылыста бас-аяғы 107 адам еңбек етуде. Жұмысты уақытында аяқтауға ешқандай кедергі жоқ.

– Қанша жыл армандаған оқу ордасына қол жеткіздіңіздер. Ендігі кезекте, осында Қазақстан-ның гүлденуі жолында қызмет ететін бүлдіршіндерді дайындау сіздердің мойындарыңызда – деген аудан басшысы ұстаздарға артылар жүктің ауыр екендігін атап өтті.

Қаратұрық округіне қарас-ты Ащысай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысында болған Бинәлі Ысқақ мердігер «Альтаир» өндірістік кооперативінің басшысы Сейітхан Қырқынбаевқа жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.

– Дәрігерлік амбулаторияның құрылысын қыркүйек айының аяғында бітіреміз. Одан да ертерек аяқтауды жоспарлағанбыз, өкінішке қарай, ғимараттың астынан су шығып, қолбайлау болды. Осы айда шатырын жапсақ, қалғаны жеңіл жұмыстар – дейді Сейітхан Қырқынбаев.

Ащысай ауылының орталы-ғындағы 30 сотық жерге салынып жатқан емхананың жалпы аумағы 1000 шаршы метр. Мұнда, бір уақытта 50 науқасқа дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Оған бюджеттен 180 млн теңге қаржы бөлінген. Амбулатория меңгерушісі Амангелді Кабуловтың айтуынша, емханада жалпы саны 18 адам қызмет етеді. Ғимарат ескі болғандықтан, алаңсыз жұмыс жасауға мүмкін-дік болмаған. Енді бар күшімізді ауыл тұрғындарының саулығына жұмсаймыз дейді.

Құрылыс нысандарын аралау барысында Бинәлі Әбдіқапасұлы бірқатар қуанышты жаңалықты айтты. Сөзіне сүйенсек, тозығы жетіп, ескірген Шелек ауылдық ауруханасының күрделі жөндеуіне 647 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары жақын арада басталып, келер жылы аяқталуға тиіс. Сонымен қатар, заманауи құрылғылар әкелініп, бұрындары Есікке шапқылайтын Шелек өңірінің тұрғындары енді осы емханада қаралатын болады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Read 193 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама