Ағымдағы жылы облыста 40 кәсіпорын жүйелі жаңартудан өтіп, соның нәтижесінде экспорттық тауар айналымы 23,5% - ға артқан. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. «2018 жылы өңірдегі отандық кәсіпорындардың тауар эспорты айтарлықтай көтерілді. Айналым көлемінің артуына себепші болған – жүргізілген базалық өзгерістер мен жаңартулар. Облыста, негізінен, барлығы 21 кәсіпорын өз өнімдерін экспорттайды. Алдағы уақытта, мұндай зауыттар санын ұлғайып, экономика өсімінің пайыздық шегін еселей тұсу жоспарланып отыр,- дейді өңір басшысы. Сонымен қатар, республика бойынша барлық кәсіпорындар 10 тауар түрін импорттайды. Оның ішінде 7 өнім түрін жетісу өндірушілері шығарады. Негізінен, зауыттардың басым бөлігі азық-түлік және сусын тауарларын шығарады. Мысалы,…