Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Нау-рызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған. Осындай тамаша уақытқа тұспа-тұс келген 2018 жылғы 5 наурызда Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы ұсынған «Президенттің бес əлеу-меттік бастамасы» атты Үндеуі – қазақстандықтардың ұлттық және әлеуметтік бірлігінің мықты шоғыр-ландырылған платформасы, әрі шын мәнінде елімізді әлеуметтік жаңғырту жолындағы батыл тарихи қадам екені сөзсіз. Онда əрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олар-дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:36

Бүгінгі күннің талабы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы мемлекетіміздің жаһандану көшін ілгерілету жолындағы маңызды құжат. Сондықтан руханиятымызға жанашырлық танытқан бұл бастама мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттырып, алға қарай өркендеуіне жол ашады. Дамыған елу елдің қатарына кіруді жоспарлап отырған мемлекетіміздің солармен терезесі тең болуы үшін дұрыс реформа қажет. Ал қазақ жазуына реформа жасаудың тура жолы – әліпбиді ауыстыру. Соның ішінде латын әліпбиіне көшу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, жер бетіндегі барлық сала латын әліпбиімен тікелей байланысты. Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселе. Бұл реформа Қазақстанның түркі әлемімен байланысын арттырып, мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Латын әліпбиін қолданысқа…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:25

Ауылдың жүз жаңа есімі

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес Төле би атындағы орта мектепте «Ауылымыздағы жүз жаңа есім» жобасы жүзеге асырылды. Мектеп оқушылары ауылымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосқан азаматтардың тізімін жасады. Әрбіреуінің өмір жолымен таныс-ты. Сондай азаматтардың бірі ауылымыздың тұрғыны Барик Магамадов. Ол өз еңбек жолын қарапайым механизаторлықтан бастап, бүкіл өмірін халыққа қызмет етуге арнаған азамат. Оқушылар Барик Магамадовпен кездесу өткізіп, сый-құрмет көрсетті. Ал Барик Магамадов өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, мектеп ұжымының алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Парида МАМИРОВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:12

Тілегіміз – тыныштық

Бейбітсүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған хандар мен батырлар, билердің ел амандығы мен тыныштығын сақтауға зор үлес қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан өзін мойындатып келеді. Аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:10

Білім кілті - дарынды балаларда

«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, білімді ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз екенін әрдайым назарда ұстаған жөн. Осы орайда Талдыбұлақ орта мектебінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі «Білімнің алтын кілті – дарынды балалардың қолында» атты дарынды балалар апталығы. Апталықтың әр күні өз ерекшелігімен оқушыларды қызықтырды. Ашылу салтанатында өнерлі оқушылар би билеп,…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:08

Бүлдіршіндер озық шықты

Жақында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар консерваториясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық қолөнер және көркемсөз сайысы ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қатысқан Бәйдібек би ауылдық округіндегі «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жүлделі оралды. Қолөнерден алдына жан салмаған Мирас Жолдыбай бас жүлдені иеленді. І орын Бекарыс Мұратбек пен Дінмұхамет Раймқұловқа бұйырды. Көркемсөз сайысында Дана Жақажан, Илияс Мұхаметжан, Әлихан Әскербек, Әминат Жақыпбек ІІ орынды қанжығалап қайтты. Жеңімпаздар мадақтамалармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Маржан НЫШАНБАЕВА, «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:02

Жарқын болашақ жалынды ұрпақ

Жақында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Өребәйгеде Баяндай орталау мектебінің оқушысы Феруза Курбанова әсем дауысымен ән айтып, бірінші орынға ие болды. Оқушыны осы жарысқа дайындаған жас маман қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ранагуль Азнабакиева. Талантты қызымыз мұнымен шектеліп қана қоймай, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық зияткерлік турниріне қатысып, Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 25 жылдығына орай, ұйғыр тілінен эссе жазып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған. Бір оқу жылында екі ірі жетістікке қол жеткізіп отырған дарынды Ферузадан ата-анасы мен ұстаздарының келешекте күтері көп. Рушангул ЮСУПОВА.
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 15:58

Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Рухани тәрбиенің қайнар көзі Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілікке толы асыл қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. «Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады», – демекші, жақында Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте «Абайдың нақыл сөздері – рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Ұлы Абайдың даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, насихаттау және сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада оқушылар дара данышпанның өміріне шолу жасап, шығармаларын талқылап, өлеңдерін оқыды. Ақынның «Ғылым таппай…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 15:55

Үздіктер бас қосты

Жақында «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің келісімімен, Алматы облысы бойынша өкілдігінің директоры Фарида Абыханованың ұйымдастыруымен Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінде өнер фестивалі, ғылыми конференция және зияткерлік турнир өтті. Шараға «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің президенті, академик Әбен Нұрманов, Вице-президент профессор Турсун Разиев, ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аят Мәлібекұлы, Алматы облысы бойынша өкілі Әсет Алжанбай қатысты. Жиын барысында талантты оқушылар әртүрлі сала бойынша ғылыми жұмыстарын қорғады. Сондай-ақ, турнирде мәдениет, өнер, білім саласындағы танымал қайраткерлер мен профессорлар, тәжірибелі ұстаздар төрелік жасап, үміткерлердің жас деңгейіне сай жеңімпаздарды анықтады. Әбен Нұрманов жеті ұстазды «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медалімен, төрт ұстазды «Білім беру сала-сының…
Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының (ӘТВЕО) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды. Цифрлық дәуірге аяқ басқан еліміздің ең дамыған елдер қатарына қосылудың алғышарттары − осы технологияны батыл игеру екені аталды. Сонымен қатар, аудандық ӘТВЕО ұжымының алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ұзақов сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою тақырыбында баяндама жасады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай мүшелікке қабылданған азаматтарға партиялық билеттер тапсырды. Өз тілшіміз.

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама