Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 14:46

«Жыр алыбы – Жамбыл»

Абылай хан атындағы орта мектепте Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай кітапханашылар Ажаркүл Қартбаева, Гүлнәз Қайырбаеваның ұйымдастыруымен 7 «б» сынып оқушыларымен бірге «Жыр алыбы – Жамбыл» атты библиографиялық шолу және көрме өтті. Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың шығармалары оқушыларға насихатталып, оның өмірінен мәліметтер берілді. Мектеп оқушылары Дария Жазылбек «Абайдың суреті», Абай Қалабаев «Шәбенге», Меруерт Қамаш «Балама хат», Айдана Баймолдина «Отан әмірі» атты өлеңдерді оқыды. Сынып жетекшісі Серікбол Мұқажанов оқушыларға тапсырма беріп, іс-шараның өте қызықты өтуіне атсалысты. Оқушылар белсене қатысып, Жамбыл Жабаев туралы көптеген мәліметтерді алды. Ақжан ЖАНПОЗОВА, Абылай хан атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы. Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, Жамбыл Жабаевтың…
Сейсенбі, 06 Наурыз 2018 14:38

Болашағы зор бастама

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Пре-зиденттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі елдің игілігіне арналған бағдарламалар. Үндеуде айтылған ұсыныстардың бәрінің өз есеп-қисабы, болашағы бар. Әрбір қазақстандықтың әлеу-меттік әл-ауқатын жақсарту жолында жасалған бастамалар халықтың қолдауына ие болды. Қазір ұлттық бірыңғай тестілеуден қажетті балл жинай алмай қалған мектеп бітірушілердің ЖОО-на түсе алмай қалатыны бар. Өздеріңізге де мәлім қазір ақылы бөлім бағасы аспандап тұр. Сол себепті олар ата-анасының қалтасына салмақ түсіріп, ақылы бөлімде оқығылары келмей, уақыттарын босқа өткізіп жатады. Сондай жастарды көрген кезде қынжылатыным бар. Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы үшінші бастамасы…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 14:19

Әлеуметтік салалар жедел дамиды

Ағымдағы жылдың алтыншы ақпаны күні аудан әкімінің жиын залында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылау мақсатын-да жиын өтті. Жиын Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында өңір басшысы Амандық Баталовтың бастауымен аталған тақырыпта өткізілген облыс активінің видео-конференциясымен басталды. Облыс әкімі Елбасы үндеуі-нен туындап отырған бес бағыттағы әлеуметік бастамаларымен та-ныстыра отырып, бұл тұрғыдағы облыстық салалық басқармалар және аудандар, қалалар басшыларының міндеттерін анықтап берді. Бұдан кейін актив жиынын жүргізіп отырған аудан мәслихатының хатшысы Бекет Ахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуімен таныстырып, әр салада атқарылар жұмыстардың бағытын саралап, сараптау үшін сөзді аудан әкімі…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 12:55

«Шапағат» встречал героев

Воститатели и воспитанники детского сада «Шапағат» г.Есика провели утренник «Ер есімі – ел есінде» (Имя героя – в памяти народа»), на который были приглашены участники афганских событий и ликвидаторы аварии на Чернобыльской АЭС. Во главе с председателем общественного объединения ветеранов Афганистана «Кахарман» Амантаем Мамедовым на детский праздник пришли Берик Байсабаев, Полатбек Тектуров, Алжомарт Касымбеков, пресс-секретарь объединения Муталип Калиев. Почетных гостей приветствовала заведующая детсадом Кунсая Умарова. Она отметила, что общение с участниками войны в Афганистане и «чернобыльцами» дает возможность прикоснуться к подвигу земляков. Как сказала Кунсая Бекдиловна: «Наша святая обязанность – всегда помнить о защитниках Отечества, честно выполнивших гражданский долг и…
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 12:37

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...

Жақында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы» және Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастырумен Бәйтерек ауылындағы Бәйтерек және Әл-Фараби орта мектептерінің спорт залында атындағы қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарыс шымылдығы мем-лекеттік Гимнмен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз «Еңбе-шіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының» бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбайға беріліп, ол өз сөзінде спортшылар мен жиналғандарды келе жатқан Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен құттықтады. – Бұл шара Елбасының сарабдал, салиқалы саясатын қолдау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр, – деп атап өтті. Бұдан соң бас төреші Бәйтерек орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрболат Байзақов жарыстың…
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады. Құрметті қазақстандықтар! Наурыз айының еліміздің Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар. Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз. Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды. Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан,…
Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 11:55

Мәдени саладағы маңызды серпіліс

Ұлттың ұлттық болмысын айшықтап, халықтың сана-сезімін, таным-түсінігін паш ететін, мемлекеттің әлем алдындағы мәртебесін асыратын бірден-бір құбылыс – елдің мәдениеті. Ақпараттар тасқынының қаттылығынан мәдениеттер тоғысып, салт-сана мен болмыс-бітім біте қайнасып кеткен бүгінгі заманда барлық ұлттың өз ұлттық мәдени мұраларын, рухани құндылықтарын сақтап қалуға, оны жаңғыртып, барынша жарқыратып, әлемге паш етуге деген зор ұмтылысы байқалады. Егемендік алғаннан кейін «алдымен – экономика, содан соң – саясат» деп ұрандатқан еліміз, енді міне, араға ширек ғасыр салып, жаңғырудың үшінші кезеңі – рухани жаңғыру жылдарына да жетті. Саяси-экономикалық реформалардың рухани жаңғырусыз толыққанды болмайтынын айтқан Елбасымыз бұл тарихи кезеңнің бүгін ғана басталып отырмағанын тілге тиек еткен еді.…
Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 10:46

Жаңғырудың жарқын жолы

«Үш күндігін ойлаған әйел ақылды, үш жылдығын ойлаған еркек көреген, үш ғасырын ойлаған көсем кемеңгер» дейді дана халқымыз. Көзін көкжиекке қадаған, даңқы шартарапқа тараған, елінің қабағына қараған, ұлт тағдырын өз тағдырына балаған Елбасы тағы бір жылдың жоспарын жүйелеп берді. Жауапты да сауапты Жолдауды жүзеге асыру мақсатында жер-жерлерде жұмыс басталып та кетті. Атты да болдыртпай, арбаны да аман сақтап қалудың жолдары қарастырылуда. Себебі, міндет ауыр, жол шалғай. Осы мақсатта 15 қаңтарда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жолдауды орындау жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Видео-конференцияға әр аудан толық көз тікті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залындағы келелі жиынға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет…
Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 09:40

«Болашақтың кілті – білімде»

Өткен аптада ауданымызға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Зағипа Балиева жұмыс сапарымен келді. Әлеуметтік нысандарды аралап, мектептердің құрылысымен танысты. Сонымен қатар, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұстаздарымен, студенттерімен кездесті. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев бастаған әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары алдымен Бәйтерек округіне қарасты Алға ауылындағы жаңа мектепке ат басын тіреді. Құрылыс барысымен танысқан Зағипа Яхянқызы мектептің сапасына көңілі толатындығын жеткізді. Оқу ордасының құры-лысы мерзімінен бұрын аяқ-талуға жақын. Айта кетейік, осыдан бірер жыл бұрын апатты жағдайда тұрған мектепті көрген мәжілісмен жаңа ғимарат салуды тікелей қадағалайтындығын…
Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 20:42

Аударма шебері атанды

Заң тілі қазақша сөйлемей мемлекеттік тіл өз тұғырында нық тұрмақ емес. Сондықтан да, қазіргі уақытта сот тілін қазақшалауға, құқық қорғау органдарының жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуге басымдық берілуде. Бұл істі жүзеге асырудағы маңызды алғышарттардың бірі – мамандардың білімі мен білігі. Еңбекшіқазақ аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Мақпал Өскенбайқызы Бөкенова өзінің мемлекеттік тілді де, ресми тілді де жетік білетін білікті кадр екенін дәлелдеді. Ол алдымен қазан айында Алматы облыстық сотында өткен «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» байқауының облыстық кезеңінде бас жүлдеге ие болды. Алматы қаласы және облыс аудандарының сот қыз-меткерлерінің ішінде үздік шыққан Мақпал қарашаның соңында Астана қаласында өткен республикалық кезеңде де…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама