Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 20:33

Құрметке лайық Азаматтар

Елбасының «Болашаққа бағ-дар: Рухани жаңғыру» бағдарла-малық мақаласындағы «Туған жерге тағзым» атты іс-шара аясында жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ауданы-мыздың дамуына зор үлестерін қосқан азаматтардың кеудесіне «Еңбекшіқазақ ауданының құр-метті азаматы» төсбелгісін тақты. Жамбыл атындағы жастар саябағында өткен шараға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері, қала тұрғындары мен жастар жиылды. Құттықтау сөз сөйлеген Бинәлі Әбдіқапасұлы көпшілікті жаңа жылмен құттықтай отырып: – Өтіп бара жатқан 2017 жыл ауданымызда іргелі істермен айшықталып, әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар жүзеге асырылған үлкен жетістіктер мен серпінді дамудың оң қорытындыларына ие болды. Жүйелі жүргізілген…
Рубасылары мен тайпа көсемдерін өздері сайлап, әр ру өз алдына әскер жасақтарын құрған көшпелі қазақ әу баста өзін-өзі басқаруға, ел ішіндегі мәселелерді өз бетінше шешуге қауқарлы еді. Әрдайым жоғарыдан бұйрық күтетін, пәрмен болмаса аузына түскен асын жұтуға қорқатын жалтақ қасиет қанымызға орталық-тандырылған басқару жүйесі мықтап енгізілген бодандық жылдары сіңді десек, қате айтқандық емес. Енді осы бір қисық мінез түзетіліп, жергілікті басқару жүйесін дамытуға үлкен жағдай жасалып отыр. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігі бұл бағыттағы негізгі реформалардың бірі. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Бақыт Есенханұлы Жексембиев аталмыш жаңалық жөнінде, бюджет саласындағы өзге де…
Әсілінде, қазақ тобықтай сөзге тоқтаған, жауға үшкір қару, дауға ұшқыр қалам тосқан дана халық. Иен далада қыран баптап, тазы жүгірткен, асауды ноқталап, өрнекті өлеңімен өсиет айтып, әуезді әнімен таң атырған дара халық. Иі, қайсарлығы қара тасты үгіт кен, бауырмалдығы қатпар тоңды жібіткен, қаһарынан дұшпан аты үріккен Ұлы Дала Елінің бүгінгі ұландары Сіз бен Біз. Білегінің күші алтын, найзасының ұшы алтын есіл Ерлеріміз елінің ертеңі үшін аттан түспеді. Енді біздің майдалануға хақымыз жоқ. Тіпті, тағдырымызды тасқа қашап қалдырған баһадүрлеріміздің арман-мұратын Елбасымыз орындап, бағытымызды белгілеп, жолымызды анықтап берді. Экономикалық кеңістікте көшіміз көлікті болы. Кеңес тұсында кеткен «көзірлерімізді» қайтарып, қазір асығымыз алшысынан түсіп…
Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 21:21

«Бар жетістік кілті – ынта мен еңбек»

«Алып ауданның келешегі кемел». Иә, бұл сөзді ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысқан әрбір адамның аузынан естиміз. Ауылшаруашылығы дамыған, кәсіпкерлігі көгерген ауданымыз кез-келген салада талайды шаң қаптырады. Тұмса табиғаты көз тоймас сұлулығымен де талайды баурап алады. Сондықтан болар, тұрғындардың саны күн санап артып, демографиялық өсім де қалыпты жүзеге асуда. Барлап қарасақ, бүгінгі таңдағы аудан тұрғындарының саны 300 мыңнан асыпты. Осы тұста,бүтін бір облыстың халқымен пара-пар осыншама адам қауіпсіз әрі сапалы жолмен, тұрғын үймен және оны салатын жер учаскелерімен толықтай қамтылып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Жоғарыда айтылған сұрақтарды жинастырып, сондай-ақ, төтенше жағдай мәселесін де көтеріп, аталған салаларға жетекшілік ететін аудан әкімінің бірінші орынбасары…
Қазақстан өз алдына тәуелсіз ел болғалы бері де 26 жылдың жүзі болды. Алғашқы тәй-тәй тұрып, қаз-қаз басқаннан бүгінгі асау атты үйретіп, тізгіндеген, нағыз кемеліне толған жасқа, яғни екі мүшелден үшінші мүшелге аяқ басқан нар тұлғаға айналды. Осы ширек ғасырда Қазақстанды бүкіл жаһан танитын, еліміздің өмірін түбегейлі өзгерткен үлкен істер атқарылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз сөзімен айтқанда: «...Біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономикаға негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан – 2030» стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз». Ия, ол белес Қазақстанның үшінші жаңғыруы – келешекте көркеюдің…
Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 21:04

Мерекеге тарту – спорт алаңы

ҚР Тұңғыш Президенті күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен мектеп жанындағы шағын спорт алаңы ашылды. Алаңның ашылу салтанатына жиналған ауыл тұрғындарын ауыл әкімі Айбол Темешев Президент күні мерекесімен құттықтағаннан кейін ардагер ұстаз Сәбитов Исағұл салтанатты түрде алаңның лентасын кесті. Қуаныштары қойнына сыймаған мектеп оқушылары екіге бөлініп шағын футбол жарысын бастап кетті. Ашылу салтанатына қатысқан ауылдың «Достар» командасының ойыншылары мектеп оқушыларын спортқа баулимыз деп уәделерін берді. Қырбалтабай мәдениет үйінде жиын өткізіліп, мерекелік концерт берілді. Динара ЕЛІКБАЕВА, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.
Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 20:50

Азатта балабақша ашылды

Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажетігін тапсырды. Осыған орай қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар ашылуда. Яғни, кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті жібермей, «Балапан» бағдарламасын жандандыруға ден қоюда. Сондай азаматтың бірі – Расул Айтбакиев. Ол бағдарлама аясында Азат ауылында 50 орындық балабақша ашты. «Балапан» деп айдар таққан балабақша 2 желтоқсанда іске қосылып, салтанатты ашылуы өтті. 15 маманды тұрақты жұмыспен қамтыған балабақша тұрғындардың риясыз қуанышын арқалады. «Азат ауылы бүгінде күн санап көркейіп келе жатыр. Бала саны да артуда. Оған дәлел, жаңа мектептің ашылуы. Сондықтан бүлдіршіндерді де мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – күн…
Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 20:24

Той тойға ұласты

Жылдар жылжып, айлар сырғып өткен сайын Қазақ елі экономикасы дамыған үздік отыздықтың қатарына бір қадам жақындап, халықтың әлеуеті артып келеді. Қол жетпес арман болып көрінген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы жүзеге асып, айналдырған 26 жылда мемлекетіміз адам танымастай өзгерді. Күн сайын пайдалануға беріліп жатқан су жаңа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, индустриалды-инновациялық жаңалықтар және әр саладағы жарқын жетістіктер қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін арттыра түсті. Осындай жайдарман жаңалықтар аудан аумағында да көрініс табуда. Шалғай ауыл тұрғындарының көктен сұрағаны жерден келіп, шелектіктер көгілдір отынға қол жеткізді. Байсейіт ауылының учаскелік полиция қызметкері қоныс тойын тойлап, тұрғын үй мен жаңа ғимаратқа жайғасты. Сонымен қатар,…
Жұма, 01 Желтоқсан 2017 17:13

Ауылым – алтын қазынам

Түсінгенге татулық – таудай қазына, орала бермейтін бақыт құсы. Тұла бойы кішіпейілділік пен адамгершіліктен тұратын осынау бағымызды басымыздан тайдырып алмас үшін сыйластығымызға сызат түспеуі тиіс. Бұл ретте әр аймақтарда орын алған қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын күшейту маңызды. Осыны межелеген ауқымды шара ауданымызда абыройлы өтті. аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен түндігі түрілген форумға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов қатысты. «Ауылым – алтын қазынам» деп айдар таққан шараны аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әділбай Талқамбаев жүргізіп отырды.…
О доброте и отзывчивости казахского народа говорилось очень много и не раз. На Кавказе, да и здесь, в Казахстане, нет балкарца, который не вспоминал бы казахскую землю и ее людей с благодарностью. Мир и спокойствие в нашей Республике во многом зависит от менталитета коренной национальности, которой глубоко чужды национальный эгоизм, а гостеприимство вошло в многочисленные пословицы и поговорки. Балкарцы, проживающие на родине Первого Президента, в с.Шемолган, с большим уважением отзываются о семье Н.А. Назарбаева, которая всегда была готова прийти на помощь. Мой отец, Хиса Хаджиев, работал в совхозе шофером. Каждое лето мы ездили на жайлау к папиному брату, дяде Хызиру,…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама