Биыл, Алматы облысына 2 млн. турист келген, оның 1 миллионнын Алакөл жағалауында демалушылар құраған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. Қазақстанда туристік ағымының үштен бірі Алматы облысына тиесілі. Жетісу жері өзіне туристтерді жетелейтін барлық байлыққа ие. Яғни, ұлттық паркттер, биік шыңдар, мөлдір таза көлдір мен өзендер және кенжелей, бірақ ерекше қарқынмен дамып келе жатқан агротуризм саласы. Және де облыста туризмнің барлық түрлерін қолдануға болады. Мәселен, сакралдық, экологиялық, мәдени-тарихи, кемпингтік, гастрономиялық, аңшылық, этнографиялық және әлеуметтік-экономикалық. Осы арқылы туризм өркендеп қана қоймай, облысқа түрлі инвестиция тартылып, жаңа жобалардың тууына себепші болмақ. -Биыл біз туризм саласында бірнеше…