Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Мені алаңдататыны, үш-тілді, қос қаріпті қоғам. Яғни, әліпби реформасымен бірге жағаласып, үштұғырлы тіл саясаты да қатар келеді елімізде. Бұның әсері қалай болады? Себебі, сөз бен қаріп тілдің қос қанаты іспетті. Егер біздің ана тіліміз қоғамымызда өз деңгейінді биікте тұрғанда қос реформаны да ойланбай іске асыруға болар еді. Бірақ, мемлекеттік тіл мәселесі әлі де күн тәртібінде. Сондықтан үштұғырлы тіл саясатын сәл реформалау керек секілді. Өз отбасымнан мысал айтайын, үлкенім биыл бірінші сыныпқа барды. Қазақы отбасында тәрбиеленгендіктен, ана тілінде емін-еркін сөйлей алады. Сөйтіп, бірінші сыныптан орыс тілінен қатты қиналды. Сыныптастарында да осы мәселе. Амалсыз біз оны мұғалім жалдап, орыс тілін үйретіп жатырмыз.…
Жақында Асан Омаров деген абайтанушымен бірге қазақтың рухани дамуының алтын діңгегі болған Абайдың, Құнанбай атамыздың жатқан жеріне барып, зиярат етіп қайттым. Сонда сұрадым: «Осы Абай атамыздың ұрпағы бар ма?» – деп. Бұл Сіздерді де алаңдататын шығар. Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали «Абай – Гималай» деп айтпақшы, рухани Гималайымыз болған Абайдан бүгінде бір ғана Данияр деген ұрпақ қалыпты. Оның өзі 45-тің шамасындағы азамат. Әйелі орыс, үш қызы бар... Міне, қазіргі қазақ қоғамының нағыз бейнесі! Иә, ұлы адамның тұқымын құрту үшін ұлы даламызда қаншама солақай саясат жүргізілді. Патшалық ресей қыспаққа алды, репрессияға ұшыратты, атом қаруын жарды... Мұның бәрі қазақтың қаймақтарын қағып алудың қағидаты еді.…
Бір күні «Хабарды» қосып отырсам, әйелім келіп «Телекафе» деген арнаға ауыстырып тастады. Оған мен де шамданып: «Хабарда жаңалықтарды көріп отырмын ғой» дедім. Сонда маған: – Саясатта сен үшін құнды ешнәрсе жоқ, – деп бір-ақ қайырды. Содан бері біз үшін, жалпы қоғам үшін не құнды? – деген сұрақтың төркінін ақтара бастадым. Осы құндылықтарды зерттеуге кіріскенімде біз үшін тың әрі қызық тақырыптар ашылды. Қазіргі дамыған елдер өздерінің өркендеуін, жалпы алғанда жаңғыруын екі-ақ фактормен өлшейді екен: бірінші – құндылықтар жүйесі. Екіншісі – институционалдық жүйе. Осындағы бірінші факторға тереңірек үңілсек, құндылықтар қатып қалған құбылыс деген қате пікір екенін ашып айта аламын. Құндылықтар да заманға…
Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 20:32

Әкімдер сайланды

8 тамызда ауданымыздағы 15 округ және Есік қаласының әкімдерін сайлау өтті. Әкімдікке тіркелген 47 кандидат сайлау-дан төрт күн алды аудандық мәслихат депутаттары алдында өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырған болатын. Сонымен халық қалаулылары сейсенбі күні өздерінің таңдауларын жасады. Аудандық сайлау комиссиясының қорытынды хабарламасын газетіміздің 2-бетінде жариялап отырмыз.
Жақында кезекті 6-шақырылған аудандық мәслихаттың жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті. Онда спорт саласының 2016-2017 жылдардағы салыстырмалы даму қарқыны, үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында аудан аумағында атқарылған жұмыстар мен болашаққа қойылған міндеттер және өңірімізде салынып жатқан ғимараттардың, басқа да нысандардың құрылыс сапасын қамтамасыз ету туралы тиісті бөлім басшыларының есебі тыңдалды. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізіп отырды.Алғашқы мәселе бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков баяндама оқыды. Осы күнге дейінгі атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Кезек халық қалаулылары тарапынан сұрақтарға ойысты. Алғаш боп Гүлсара Егінбаева: «Спорт саласын қолдау және дамыту барысындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің…
Әлбетте, ғарыш пен жерді, құрлық пен көлді жалғап жатқан осынау қазақ жерінің қай қиыры болсын рухқа суарылған, қасіретке малынған. Біз, қазақ елі, өткен тарихымыз бен тағдырымызды тасқа қашап қалдырған елміз. Қара қазан, сары бала қамы үшін, үкі таққан үкілінің ары үшін дауды шешіп, жаудан семсер алдырған елміз. Қайсарлығы қара тас-ты үгіткен, бауырмалдығы қатпар тоңды жібіткен, қаһарынан дұшпан аты үріккен намысты елміз. Оған дәлел, білегінің күші алтын, найзасының ұшы алтын Абылай хан, Үйсін Райымбек, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Ер Қарасай бабаларымыз. Одан кейін де Ұлы дала елінің басынан небір күнгейлі күндер мен теріскейлі кезеңдер өтті. Бірде бағымыз үстем болса,…
Бейсенбі, 27 Шілде 2017 10:39

Тірек ауылының тынысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Зағипа Балие-ва халықпен кездесу сапарын ауданымыздың Есік өңіріндегі бірнеше елдімекендерді аралаудан бастап, кейін 34 мың тұрғыны бар ең үлкен әрі дамуға жағдай қарастырылған тірек ауылына ат басын тіреді.Жаңа салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы Шелек ауылының батыс, кіре-беріс жағынан жаңа құрылыстар бой көтерген «жаңа тұрмыстың» сәніне сән, көркіне көрік қосқандай. Ауылға бастайтын жаңа жол айналмасынан өткен көлікпен кетіп бара жатқан адамға бой түзеген құрылыс нысандары алыстан менмұндалап, көркімен арбап тұрғандай. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев және облыстық мәслихаттың депутаты…
Сыбайлас жемқорлық бұл – ұлттық қауіпсіздікке және елдің экономикалық өсуіне кедергі келтіретін қылмыс. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңымен мемлекеттік қызметшілер арасында да «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге қатаң тыйым салынғаны белгілі. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында Бартоғай ауылдық округінің аппараты қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Санат Нарымбаев,Бартоғай ауылдық округіәкімінің міндетін атқарушы.
Жақында Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумов Шелек ауылдық округінің мәжіліс залында жергілікті тұрғындармен кездесті. Қонақтарды бастап келген аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев оларды жиналған жұртпен таныстырып, халық қалаулысына сөз берді. 3 шілдеден бастап депутат Талғар, Ұйғыр, Панфилов аудандарын аралап, халықпен кездесіп, олардың көкейінде жүрген мәселелерді тыңдап, ой-пікір бөлісу үшін жүргенін айта келе, елімізде болып жатқан жаңалықтар мен жетістіктерді, Елбасымыздың Қазақстанды әлемге мәшһүр етудегі ерен еңбегін, дүние жүзі үлгі аларлық халық ассамблеясын құрып, бірлік пен бейбітшілікті ту етіп, Мәңгілік ел болудың негізін қалап, озық елдер қатарынан көрінудегі жетістіктері жайлы әңгімеледі. Шелек ауылының ақсақалдары Әлден Әбдірешов…
Жақында ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева келіп, тұрғындармен жүздесті. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бастаған халық қалаулылары ауданды аралап, бірқатар құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты. Мәжілісмендер алдымен Қаракемер ауылында өтіп жатқан дүбірлі тойға қатысты. Ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Ауылым – алтын бесігім» атты мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқауды тамашаламас бұрын, қонақтар Қаракемерден шыққан Кеңес Одағының қос батыры Қашаған Жаманқараев пен Рақымжан Тоқатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Кейіннен, алаңдағы балуандардың белдесуін тамашалап, жеңімпаздың иығына алтын зерлі шапан жапты. «Құтты қонақ келгенде, қой егіз табады» – деген нақылға сенген қаракемерліктер құтты…

Күнтiзбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама