Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 06 Сәуір 2018 09:32

Қазақ тілі – ұлттың жаны

Ана тілі... Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші. Санамызда тұнып тұрған ойларды әспеттеп жеткізу, ойымызды анық айту – осының бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Тіл болашағы – ел болашағы. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Сәбилерге бесікте жатқан кезден қазақтың бесік жырын айтып, өсе келе ертегілер айтып, ана тіліміздің құндылығын бойына сіңіре білуіміз ләзім. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Біз қазақ елі шешендік өнерге, ақын-дыққа, сазгерлікке жаны құмар халықтардың бірі де бірегейіміз.Біздің мақтанышымыз да, байлығы-мыз да, асыл қазынамыз…
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, VI-шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың ХХVII кезекті сессиясы аудан әкімдігінің жиын-жайында 2018 жылғы 13 сәуірде сағат 11-00-де өтеді. Күн тәртібінде: 1) «Еңбекшіқазақ ауданының 2017 жылғы бюджетінің орындалуы туралы» Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ноғайбеков Жұбаныш Жұмахановичтың есебі. 2) «Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы атқарған жұмыстары туралы» аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Манкеев Асхат Мұратұлының есебі. 3) Ағымдағы өзге де мәселелер.
Жұма, 06 Сәуір 2018 09:12

Фракция отырысы

Желілік кестеге сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысы өтті. Отырыста 2018 жылдың 11 қаңтарында жарияланған Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін, өздерінің сайланған округтеріндегі сайлаушы-ларға түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу туралы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі, депутаттардың ІІ тоқ-сандағы қабылдау кестесін бекіту мәселелері қарастырылды. Б.Рахимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты.
Елдігіміздің, теңдігіміздің нышаны болған Рәміздерімізді қадір-қасиет тұту – ортақ парыз. «Әлемде Мемлекеттік Рәміздерімізге деген құрметсіздікпен күресті тек біздің ел ғана жүргізіп отырған шығар. Бұл түсінген жанға масқаралық емес пе?» деген еді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар рәміздер жөніндегі комиссия отырысында. Шындығында, Ұлттық нышандарымызды насихаттау, оған құрмет көрсетпегендермен күрес жүргізу – сүйегімізге таңба салады. Әйткенмен, Рәміздерімізге құрмет – парызым дейтіндер әлі де жетіспеуде. Ал олар заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Осы мақсатта аудан әкімдігі жанынан құрылған ҚР Рәміздері жөніндегі арнайы комиссия округтердегі мемлекеттік мекемелерге рейд жұмыстарын жүргізуді 3 сәуірден бастады. Аудан шекарасы Сөгеті ауылдық округінен бастау алған рейд 13 наурызда аяқталады.…
Сәуірдің үшінші жұлдызында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына ел қалаулылары ҚР Парламенті Сенат депутаттары, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Аңсар Мұсаханов, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұрлан Қылышбаев, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов және ғылымға үлестерін қосып, «Алтын адамның» түп-тамырын зерттеп жүрген ғалымдар ат басын тіреді. Мақсаттары – аты аңызға айналған «Алтын адамның» қаңқа сүйегін қайта жер қойнына тапсыру жобасымен танысып, игілікті іске қолұштарын беру. Мұражай директоры Гүлмира Мұхтарова бастаған ғылыми қызметкерлер келген қонақтарға танымдық экскурсия жүргізіп, тарихи жәдігерлерін паш етті. Сақ дәуіріне саяхат негізгі мәселені қамтыған семинарға ұласты. Рухани жаңғыру…
Пять социальных инициатив, выдвинутых Президентом РК Нурсултаном Назарбаевым, вызвали в обществе, особенно у молодого поколения, массовое одобрение и поддержку. Яркое свидетельство тому – встречи депутата Мажилиса Парламента РК от фракции партии «Нұр Отан», олимпийской чемпионки по легкой атлетике Ольги Шишигиной и депутата Мажилиса от КПК Ирины Смирновой с молодежью нашего района. Второго апреля в сопровождении первого заместителя районного филиала «Нұр Отан» Куата Байгожаева, заместителя акима района Айбека Бидаева, акима г.Есика Бауыржана Бименова, руководителя районного отдела спорта Ерболата Сарабекова они посетили физкультурно-оздоровительный комплекс в г.Есике и Есикский гуманитарно-экономичес-кий колледж. Директор ДЮСШ Абай Сыргабаев познакомил О.Шишигину и И.Смирнову с достижениями детско-юношеской спортивной…
Жұма, 30 Наурыз 2018 09:51

Шелек спорт мектебі – үздік

Сонау 19 ғасырдың соңында Англияда пайда болған еркін күрес бүгінде әлемдік спорт түрінің санатында. Елімізде 1955 жылдан бері осы спорт түрінен жарыстар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. 24-25 нау-рыз аралығында осындай ауқымды турнирдің куәгері болдық. Ашылуында округ әкімдігі мен мектеп басшылығы құттықтау сөз сөйледі. Ащыбұлақ ауылындағы орта мектептің қабырғасында өткен 2003-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бәсекеге өз ауданымыздан бөлек Талғар, Алматы қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан арнайы командалар қатысты. 25 салмақ дәрежесінде бас-аяғы 200-ден астам балуандар боз кілемде белдесті. Пархад Әлімұлы Ашировтың демеушілігімен, бас төреші болған Еркеұлан Турапбаевтың ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шара шымылдығын МС Сайлаубек, Думан Жармахан, Бауыржан Қоңыр, Дархан Абдраимов…
Жұма, 30 Наурыз 2018 09:33

В творчестве – первые

В школе имени Толе би с.Толе би Коктобинского округа учителя активно помогают одаренным детям развивать творческое мышление, всячески поддерживают юные таланты. По программе «Рухани жаңғыру» 17 марта 2018 г. в г. Алматы в консерватории имени Курмангазы прошел республиканский конкурс «Армысың әз Наурыз». Среди детей предшкольных классов с большим успехом на конкурсе выступили ученики преподавателя школы имени Толе би, ветерана педагогики Нургуль Тукановой. Первых мест в номинации «Самое лучшее творчество» (рисование, прикладное искусство) удостоены Асия Турсунова и Хасан Лазгиев; вторые места в конкурсе чтецов заняли Асия Турсунова и Хусейн Лазгиев. Директор республиканского центра одаренных детей «Жас дарын» Н.Дунгенбай вручил Нургуль Нургабыловне…
Жақында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Малыбай ауылының тұрғыны болған, марқұм ауылымыздың спорт саласын дамытуға зор үлес қосқан, ұлағатты ұстаз Маметов Керимжан Сеитұлын еске алуға арналғанұстаздар арасында валейболдан аудандық турнир өтті. Оған әкім аппараты,Маметовтар әулеті, Керимжан Сеитұлыменбірге еңбек еткен әріптестері, шәкірттері қатысты. Турнирге 17 команда қатысты. Нәтижесінде, 3 орынды М.Мақатаев атындағы, Абылайхан атындағы орта мектебінің командасы, 2 орынды Малыбай орта мектебінің құрамасы, ал 1 орынды Маметовтар әулетінің немерелерінен құралған команда иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен төсбелгіге, сондай-ақ, ақшалай сыйлық алды. М.ШЫНЫБЕКОВ, Малыбай ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы
Жұма, 30 Наурыз 2018 09:31

Ұлылар ұрпағына тағзым

Жуырда Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезбен кездесу кеші өтті. Салтанатты кешке кемеңгер ғалым Мұрат Әуез бен тілші, филолог Қалдыгүл Жаныбаева арнайы шақырылып, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара басында колледж директоры Гүлнар Сағатқызы Мұрат Мұхтарұлына 50 жылдық тарихы бар қара шаңыраққа арнайы табан тіреп, кездесуге уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдірді. Кейіннен студенттер Мұхтар Әуезов шығармаларынан үзінділер оқып, сахналық қойылымдар қойып, әннен шашу шашты. Кештің бел ортасында қазақтың Мұрат Мұхтарұлы мен журналист Қалдыгүл Жаныбаева сахна төріне шақырту алып, әкесі Мұхтар Әуезов пен өз естеліктерін еске түсіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ сұхбат барысында…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама