Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 04 Қазан 2018 16:45

Жаңғыру белгісі ашылды

Жақында Шелек тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жиын өтіп, «Рухани жаңғыру» логотипінің ашылуы болды.

Қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларына шараның маңыздылығын түсіндірді музей директоры Ердос Дәркенбаев. Ал мұражайдың қор сақтаушысы Әбілбек Айтақынов балаларға тағылымды « – Алысқа бармай-ақ, осы музейді алатын болсақ, мұнда өздеріңнің аталарың мен апаларыңның тарихы жатыр. Бүтін Шелек өңірінің тарихы жатыр. Елбасының «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, Қазақстанның әрбір азаматы өзінің туған жерін танып, тарихын біліп, оған құрметпен қарау керек. Ал өткенсіз келешекті бағдарлау мүмкін емес» – дей келе Шелек жерінің тарихынан сыр шертті. Келесі болып сөз алған ауданның құрметті азаматы Жетпіс Сыдықбаев «Рухани жаңғырудың» тарихты танудан басталатындығын айтты. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігінің барлығы төл тарихымыздың қойнауында жатыр. Сол себептен мұражай – біздің рухани азығымыз. Шелек округі әкімінің орынбасары Айбек Сәрсембек білімге ұмтылған азамат қана елінің дамуына үлес қосатындығын жеткізіп, балаларды сапалы білім мен саналы тәрбие алуға шақырды. Өз кезегінде аталған мектеп оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылап, ойларын ортаға салды. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Қайыпбаева:

Шыңға биік ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай кім жазады дастанды.

Сүйінші, Алаш, тарихыңда тұлғалы,

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды – деп басталатын «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы өлең жолдарын оқып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Шара соңында құрметті қонақтар мен мектеп оқушылары Алматы облыстық мәслихат депутаты Қуат Сұлтанғазиевтің демеушілігімен музей алдына орнатылған «Рухани жаңғыру» логотипімен танысып, естелік суретке түсті.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Read 159 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама