Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 25 Қазан 2018 11:47

Баспаналы болғыңыз келсе, тізімге тіркел!

«Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі. Сон-дықтан тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын» деген еді Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында. Расында жайлы баспана – жайлы өмір сүру кепілі. Әйткенмен, жайлы өмірге жете алмай жүргендер қаншама. Енді аталмыш бағдарлама аясында пәтерге қолжетімділік ұлғая түспек. Бұл турасында сала мамандарымен болған кездесуде кеңінен әңгімеленді.

Аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов жүргізіп отырған кездесуде ұлттық банк өкілі Бағлан Диханчинов, «Алатау» АҚ басшысы Сағындық Жұмабеков және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысып, көпшілік сұрағына    жауап берді.

Алғаш сөз алған Бағлан Диханчинов бағдарламаның артықшылықтарын айтып өтті: «7-20-25» деп бағдарлама атауының өзінде айтып тұрғандай, жылына 7 пайыз үстемақы қарастырылған. Бұл жерде қосымша комиссиялар                                           төленбейді. Ал қазір нарық-тағы жағдайды ескерсек, кез келген банкте ақшаны қолма-қол алу үшін, банк қызметі үшін қосымша үстемақы талап етіледі. Ал аталған бағдарламада мұның бәрі 7 пайыздың ішінде.Қазір жылдық инфляцияны қарасақ, 7 пайызды құрап отыр. Сонда мемлекет Сізге пәтерді тек өз бағасымен бөліп төлеуге ұсынып отыр деген сөз. Ал-ғашқы жарна сатып алатын пәтер сомасының 20 пайызы. Мұндай жеңілдіктер ешқандай бағдарламаларда қарастырыл-маған. Оған қосымша қазір Алматы облысының бюджеттік мекемелерінде жұмыс істейтін азаматтарға облыс әкімі ал-ғашқы жарнаның 10 пайызын қайтарымды пайызсыз қаражат есебінде өтеп беруге әзір. Оған облыстан 2 млрд теңге қарастырылған. Қалған 80 пайызды 25 жылға дейін бөліп төлей аласыз. Көбі неге 25 жыл деп сұрақ қойып жатады. Банк қызметі туралы заң бойынша Сіз несиеңізді шамаңыз келіп жатса 5 жылда, 2 жылда өтеуге құқыңыз бар. Ал 25 жыл деген тек шегі.

Ескеретін жайт, аталған бағдарлама аясында сараптамадан өткен жаңа пәтерлерді ғана ала аласыз. Бұл бағдарлама ұзақмерзімді. Қазір мемлекеттен 1 триллион теңге қарас-тырылып отыр, – дей келе «7-20-25» шеңберінде үй алу үшін сатыларын көрсетіп берді: – Бірінші, тұрақты жалақыңыз болуы керек. Екінші, үй алуға бағытталған ипотекалық не-сиеңіз болмауы тиіс. Басқа банктерден несиеңіз болса, егер оларды өтейтін қаржылық мүмкіндігіңіз жетсе кедергі келтірмейді. Алайда, оны банктер есептеп шығарады. Айталық, жалақыңыз 100 мың теңге. Отбасылық жағдайы-ңызды ескере отырып 50      пайызын несиеге, қалған 50 пайызы әулетіңізді асырауға қалуы тиіс.

Үшінші, жеке басыңызда үй болмауы тиіс. Бұл жерде соңғы он жылда немесе бес жылда деген міндет жоқ. Бүгін үйіңізді сатып немесе сыйға беріп, ертең барып бағдарлама аясында үй аламын десеңіз еркіңізде, – деді.

Өз кезегінде Нұржан Кеңесұлы бағдарлама шең-берінде үй алуға ниеттілер-дің арнайы тізімін тез арада жасақтау керектігін ескертті: – Аталған бағдарламамен үй алуға ниеттілердің тізімін тез арада жасауымыз қажет. Себебі, қанша пәтерлі үй салу керектігін тізім бойынша әкімдік анықтайды. Осы тізім арқылы қанша қаржы қарас-тырылу керектігі турасында да есеп жүргізіледі, – деді.

Бүгінде Есік қаласында пәтердің бір шаршы метрі 160-180 мың теңге көлемінде. Қазіргі таңда 1700-ге жуық бюджеттік мекеме қызметкерлері баспаналы болуға ниет етті. Енді екінші деңгейлі банктер арқылы өзінің қаржылық мүмкіндігін анықтау-да. Саралап-сараптаудан сүрін-бей өтсе, жаңа пәтердің кілтіне ие болмақ.

Ресми мәлімет бойынша, облыста жыл басынан осы күнге дейін 72 өтініш түсіп, 659 млн теңгеге 55 өтініші қанағаттан-дырылды.

Жиында көпшілік тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандар жауабын берді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Read 124 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама