Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 15:37

Жұмыла жұмыс істеген — жұмысын тындырады.

Жұмыла жұмыс істеген — жұмысын тындырады. mezet.kz

  Бүгінде Тәуелсіз еліміздің әлем мемлекеттері арасындағы беделі артып, бастамашылдық бейбіт идеялары үлкен қолдауға ие болды. Осының барлығы, Елбасының көреген саясатының жемісі, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» жасампаз халқымыздың ерен еңбегінің жеңісі.

  Партия – қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда  белгілі рөл атқарады. «Нұр Отан» партиясы – осы ұстанымнан ажырамай, жетекші саяси күшке айналды. Міне, 1999 жылғы 1 наурызда құрылған саяси күш – мемлекет мүддесіне 20 жыл қалтқысыз қызмет етіп келеді.

  Қай істің болсын өнуіне – адал еңбек керек, демекші аудандық партия филиалының бүгінгі жұмысы да айтуға тұрарлық. Еткен еңбектің өнбегі ретінде партия мүшелері санының артқандығын атау керек. Бүгінде біз 12 727 адамнан құралған саяси күшпіз.  2018 жылы 700-ге жуық адам мүшелікке қабылданды. Бұны партияның саяси жүйесін қолдаған, Елбасымызға сенім білдіріп, ұлтымызды ұлы істерге ұйыстыруға бел буған азаматтардың батыл қадамы деп есептеймін. Сонымен қатар аудандық партия филиалы мүшелік жарнаның толық және уақытылы жиналуын қамтамасыз етіп отыр.

  «Үдере көшкен уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындырады». Осыны мақсат еткен партияластар 2018 жылы 1 Конференция, 5 Саяси кеңес бюросы, 1кеңейтіл-ген Саяси кеңес отырысы,  4 депутаттар фракциясы отырысы, 4 партиялық бақылау комиссиясының отырысы, жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің  6 отырысы  өткізілді.

  Аудандық филиалдың Саяси кеңесі бюросының отырысында қаралған мәселелер, тыңдалған есептер бойынша ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, Саяси кеңес бюросының қаулысы қабылданды және қаулының орындалуы Саяси кеңес бюросы мүшелерінің  бақылауында  болды.  

  Бүгінгі таңда партияның қоғамдық қабылдаулары жеке адамның билік органдарымен мүдделі қарымқатынастарын реттеуге бағытталған құрал болып табылады. Өз кезегінде оның жұмысына үлкен мән беріліп отыр. Қазіргі таңда  қоғамдық қабылдаудың электрондық қабылдау түрі де жүзеге асырылуда. Кез келген азамат электрондық қабылдау арқылы өзінің өтінішін бере алады. Әсіресе, бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға өз ой-пікірлерін біл-діріп, өтініштілектерін партияға жеткізуге жол ашты. Осы мақсатта аудандық партия филиалы  жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, әр сәрсенбі күні қабылдау ұйымдастырады. Жыл басынан бүгінге дейін қоғамдық қабылдауға өтініш білдіргендер саны  189 адам болды. Қабылдау барысында  жазбаша – 18, ауызша – 155, электронды қоғамдық қабылдау бойынша – 11, телефон арқылы – 5 өтініш түсті. Сондай-ақ, 12  көшпелі  қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 245  адам қатысты. Осы қабылдауларда кө-терілген мәселелерді дер кезінде шешу – басты міндетіміз болып табылды.

  Аудандық филиал және БПҰ-ның ұйымдастыруымен партиялық жобалар  жүйелі түрде жүзеге  асуда. Айталық, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Денсаулық сағаты», «Мектеп асханаларын жандандыру», «Жас Ұлан», «Партияның кадрлық резерві», «Қазақстанның заманауи кітапханалар орталығы»   сынды партиялық бастамалардың қай-қайсысы да үлкендерді құрметтеп, жас буынға тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарымызды айрықша қастерлеуге шақырады. Партиялық жобаларды жүзеге асыруда  жыл басынан бері  әртүрлі форматта 213 іс-шара (72 партиялық жобалар) ұйымдастырылып, оған 18 483 адам қатыстырылды және өткізілген іс-шаралар туралы БАҚ-та 103, әлеуметтік желілерде 244 мақала жарық көрді.

  Партия жұмысының негізгі мақсаты – қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағынан тұрақты дамуына партияның сайлауалды бағдарламасын орындау арқылы қол жеткізу, партия Төрағасының жылдағы дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауларында алға қойған міндеттері мен мақсаттарын  жүзеге асыруға белсенді араласу болса, елім деген әрбір азаматтың, партия мүшесінің жауапкершілігін күшейтіп, өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысуы – бүгінгі күннің басты талабы.

 

Қуат Байғоджаев,

«Нұр Отан»  партиясы

Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Read 93 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама