Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 15:35

«Developmentday» семинары

«Developmentday» семинары https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwj25NviqangAhULhqYKHRuSAP0QjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Fwww.qamshy.kz%2Farticle%2F100-naqti-qadam-qazaqstandiq-armangha-qol-zhetkizwdinh-tote-zholi.html&psig=AOvVaw0V1hHkZwJPu8of5

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында айтылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын және Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру аясында Қазақ-стан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен қалалық әкімдікте электронды мемлекеттік қызметті дамытуға арналған «Developmentday» атты семинар өтті.

Семинарға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің мүшелері, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойын-ша филиалы қызметкерлері және қаламыздағы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты.

Баршаға белгілі, Елбасының тапсырмасына сай бүгінде елімізде цифрлық дамуға барынша мән берілуде. Себебі, өркениетті елдер ақпараттық технологиялардың жетістіктерін өндіріс пен қызмет көрсету салаларында кеңінен пайдаланып, аз уақытта үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Яғни, цифрлық технология бүгінгі заманауи дамудың жетекші күшіне айналуда. Дамыған 30 елдің қатарынан орын алуды бұлжымас мақсат еткен еліміз бұл үдерісте өз орнын айқындады.

Қазір елімізде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер біртіндеп электронды форматқа көшірілуде. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуде, қызметтің сапасын арттыруда, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды мәнге ие.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Елбасы жемқорлықты тудыратын басты себептер мен күресте мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайту, атап айтқанда, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс деп атап көрсетті. Сондықтан, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілер әртүрлі сала бойынша әзірленген цифрлық бағдарламаларды жетік меңгеруі, оны шебер пайдалана алуы, сол арқылы тұтас қоғамды осы үдеріске бастай білуі тиіс.

Осы мақсатта өткізілген семинарда алдымен Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілерді ақпараттық технология бойынша оқыту жүйесі таныстырылды. Содан соң мамандар мемлекеттік қызметтердің электронды нұсқасы және халыққа осы жүйе бойынша қызмет көрсетудің қыр-сырын мемлекеттік қызметтің атмосферасы, идеяларды дамыту және өзгерістерді басқару секілді арнайы дайындалған этаптар бойынша жан-жақты түсіндірді, сондай-ақ, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға  жауап берді.

 Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ.

Read 123 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама