Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 07 Ақпан 2019 15:48

Татулық – біздің тұғырымыз

Татулық – біздің тұғырымыз mezet.kz

Бір  шаңырақтың  астында  ұзақ  жылдар  бойы  130-ға  жуық  ұлт  өкілдерінің тату-тәтті  өмір сүруі – мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың бірлік пен тұрақталықтың сақталуына ерекше мән  беруінде. Мұны  Елбасының халыққа арнаған Үндеулерінен де  байқауға  болады. Осының  нәтижесінде, бүгінде елімізде ұлттар мен этностар  арасында достық орнап, олардың ауызбірлікте өмір сүруі және  әртүрлі діндер  арасында  түсіністіктің  орнауы берік қамтамасыз етілуде.

Өткенді ұмыту – ол тарихты ұмыту. Сондықтан, өткенге біраз көз жүгіртсек.   Сталиндік режимнің қатал кезеңінде саясаттың түпкі мақсаты өзге ұлт өкілдерінің көзін жою  еді. Олар  алыс шалғайдағы мекендерге жер аудартып, өлімге итермеледі. Бірақ  қазақ халқының  адамгершілік пен кішіпейілдігінің арқасында осы ұлттар мен  ұлыстар аман қалып, ұрпақтарын жалғастырды. Қазақстанның кең-байтақ жерін  игеріп, тың және тыңайған жерлерге түрен салып мыңдаған жастар Қазақстанды өз Отанына айналдырды. Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  әр ұлттың  алдында үлкен таңдау: Қазақстанда қалу  немесе басқа елге  кету деген ой тұрды. Бірақ «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, барлық өзге ұлт өкілдері  біздің  Отанымыз – Қазақстан деген ұранмен таңдауларын жасады. Тәуелсіздік  алған кезеңнен  күні бүгінге дейін мемлекет үшін ең маңызды ұлтаралық татулық, конфессияаралық келісім, өзара түсіністік пен тұрақтылық, достықты ту етіп өмір сүрудеміз. Қазақстан Республикасы барлық ТМД елдеріне үлгі. «Достық пен татулықтың» моделіне айналды. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру – Қазақстанда ұлттық қатынастар дамуының жоғары деңгейінің көрінісі болып табылады. Күрд мәдени орталығының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына Қазақстандық патриотизмді сіңіру. Қазақ елінің әдет-ғұрыптарын  насихаттау. Осы орайда күрд мәдени орталығының басшыларымен бірігіп ауданымызда орналасқан Ақбастау, Әймен, Қарасай, Бөлек, Түрген, Бәйдібек би, Көктөбе ауылдарында тұратын тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Ауыл ақсақалдарымен бірігіп түрлі кездесулер өткізіледі. Олар келешек ұрпақты Отанды сүюге және өз елінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуде бағыт-бағдар беріп отыр. Ауданымызда тұрғындардың еркін өмір сүруіне барлық жағдайлар жасалған. «Балапан» бағдар-ламасын іске асыру аясында балабақшалар, заманауи  мектептер, аурухана, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып, шалғай ауылдарда тұратын балаларды оқумен қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау ұйымдастырылған. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де талмай еңбек етіп келеді. Күрд мәдени орталығы да бұл тұрғыда зор жауапкершілікті сезіне отырып, жұмыс жасауда. Қазақтың біртуары Жамбыл Жабаев: «Жігерлі болса,ер болар. Бірлігі болса, ел болар» деп тегін айтпаған. Осы ұстанымдағы күрд  мәдени  орталығы  ауданындағы ұйғыр, татар, түрік, славян, шешен мәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынаста. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Татулық пен тұрақтылық» бағытын басшылыққа алып нәтижелі жұмыстарға ұмтылудамыз. Елбасы жариялаған «Жастар жылы» біздің орталыққа да тың серпін берді. Саламатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп, спорттық жарыстарда бақ сынауда жас спортшыларымыз. Атап айтсақ, еркін күрестен Сулейман Исаев әлемдік деңгейде бағын сынаса, Мажит Сардаров республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы. Жастарымыз зиянды әдеттерден аулақ, білімге құштар.

Н.Надыров,

күрд мәдени орталығының төрағасы.

Read 29 times

Күнтiзбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама