Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:22

«НұрОтан»: Жасампаздық пен әлеуметтік даму кезеңінде

«НұрОтан»: Жасампаздық пен әлеуметтік даму кезеңінде mezet.kz

20 жылдық тарихы бар, бірліктің партиясы «НұрОтанның» аудандық ХХ конференциясы өтті жуырда. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұротандықтар» бас қосып, күн тәртібінде төрт мәселені қарады: «НұрОтан» партиясының 20 жылдығы: Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау және партияның облыста өтетін ХХV кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлау. Конференция жұмысын «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ жүргізіп отырса, партияның облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Жанна Телпекбаева қатысты.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев мінберге көтерілді. Партияның тарихына кеңінен тоқталып, оның қоғамдағы рөлін айрықша атады:

– «Нұр Отан» партиясы өз қызметін жаңғырту жұмыстары аясында жаңа 22 партиялық жобаны жүзеге асыру мақсатында IT-сынып және коворкинг орталығы ашылды.

 «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы: Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңінде әрбір қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жағдайын көтеруде, партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріне тоқталсақ:  бүгінде Қазақстан – бүкіл орталық Азияның локомотиві, саяси, экономикалық орталығы, дүниежүзіне белгілі, әлем таныған құрметті мемлекетке айналды.

Партия жетістіктерінің берік негізі ел болашағы жолындағы барша жоспарлардың іске асырылуының негізі болды. Еліміз саяси дағдарыстар дауылында, азаматтық дау-шаралар иірімінде, әлемдік сілкіністер мұхитында нағыз тұрақтылық аралына айналды. Қазақстан 130 этнос өкілдерінің татулық мекені, киелі бесігі, бір шаңырақ астындағы тағдыры ортақ Отанына айналды. Саралап айтсақ, біздің жетістіктеріміз, партияның жетістіктері: қоғамдағы татулық пен келісім, халықтың әл-ауқатының өсуі, білім мен медицинадағы прогресс, Еуразия кеңістігіндегі озық экономика және Әлемдік қауымдастықтың танылуымен өлшенеді.

Жетістікке жету мақсатында қазақстандықтардың жоғары өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруды, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді,зейнетақының әділетті деңгейін қамтамасыз етуді және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетуді партияның негізгі жоспарына енгізіп отырмыз. Әлбетте, мектептегі сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, жаңа типті мектептер мен балабақшалар ашу, жоғары білім деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу, мемлекеттік тілдің озық жүйесін құру, 95 пайыз қазақ тілі, 90 пайыз орыс тілі, 20 пайыз ағылшын тілін меңгеру, мұғалім мәртебесін көтеру – толыққанды дамуымыздың алдаспанына айналып отыр. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің  қолжетімділігі мен сапасын және олардың мәртебесін арттыру, халықты сапалы да қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық қолжетімділігі және телекоммуникациялық және электрондық қызметтердің кең таралуын,  ел экономи-касының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, жауапты да белсенді сыртқы саясатымызды жалғастыру – бірігіп атқарар басты тірлігіміз болмақ,– деді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе яғни, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында атқарылған жұмыстармен таныстыру үшін мінберге аудан әкімінің орынбасары, аудандық Саяси кеңес мүшесі   Айбек Бидаев көтерілді. Мемлекет басшысының белгілеген бағ-дарламалары шеңберінде атқарылып жатқан нақты істерді кеңінен баяндады:

– Бүгінгі таңда, аудан  бойынша 1 аудандық және 26 ауылдық округтік ақпараттық  түсіндіру тобы жұмыс жасайды, құрамында 79 мүше бар.

Жолдауды іске асыру барысында ақпараттық түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылда бірқатар нақты жұмыстар жүргізілді.

Жолдаудағы тапсырмаларды бірге жүзеге асыруға, оның міндеттерін түсіндіріп, насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Жумангарин Серік Мұқашұлының қатысуымен ауданымызға ақпараттық түсіндіру кездесуі өткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Балиева Зағипа Яхян-қызының қатысуымен 3 кездесу аудан тұрғындарымен өткізілді.

Аудан әкімімен бекітілген ауылдық округтерге шығу кестесіне сәйкес аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттарының кездесулері өткізілді. Бұл бағытта барлығы 26 кездесу өткізіліп, жалпы 2450 адам қамтылды.

Сонымен қатар, аудандық үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің, ардагерлер мен ақсақалдар, әйелдер, жастар, жергілікті қауымдастық мүшелерінің  ұйымдастыруымен Есік қаласы және ауылдық округтердегі, мемлекеттік білім беру мекемелерде жалпы әртүрлі форматтағы 35 кездесу өткізді. 

Осы орайда, мемлекеттік мекемелерде   өтіп жатқан іс-шаралар аудан әкімінің интернет желісінде, ресми сайтында күнделікті жарияланып отырады.

Жалпы барлығын қоса есептегенде 4 айдың ішінде 85 кездесу өткізіліп, 20 мыңға жуық адамның қамтылуы жүзеге асырылды, – деді.

Сондай-ақ, Жолдаудағы міндеттерге сәйкес үш ауысымды мектептердің мәселесі де күн тәртібінде тұрғандығын жеткізді. Айтуынша, Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы  мектебі жанынан қосымша 600 орындық ғимарат салу, Қазақстан ауылында Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте және Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы орта мектебіне 300 орындық қосымша ғимараттар салу жоспарлануда.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту жағдайын жақ-сарту үшін де ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдың өзінде ауданымызда 45 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде балабақшалар ашылған.  Биыл «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындауға бар күш-жігер жұмсалатындығын жеткізді өз баяндамасында Айбек Дүйсембекұлы.

Облыстық мәслихат депутаты Жанна Телпекбаева партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасымен кеңінен таныстырды.

Баяндамаларды талқылауға шыққан «Түрген» БПҰ төрайы-мы Бота Елеусізова, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Айбек Ілебай: – Біз Елбасы айтпақшы, шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік-жігердің қуатты көзі, елді дамытудың ірілендіруші секторының өкілдеріміз. Өйткені, Сіз бен біз елмен етене, әлеуметпен әріптес болған «Нұротандықтармыз»! – деп еліміздің партиясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша облыстық конференцияға ауданымыздан 7 делегат сайланды.

 Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат

депутаты.

Read 50 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама