Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 14:55

Әйел құқығының сақшысы

Әйел құқығының сақшысы https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwiOxsHA7rrgAhWMxYsKHQlgAA4QjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Fbnews.kz%2Fru%2Fanalysis%2Freviews%2Fzhenshchina_v_kazahstane_ravnopravie_polov_&psig=AOvVaw3cy61Wm9al2Ovsfpwkmlzp&ust=1550

Әйел – ана, отбасының берекесі. Отағасының сүйеніші мен қолдаушысы. Әсіресе, қазақ әйелі. Себебі, қазақ әйелі әрдайым ерінен бір саты төмен тұруы керек екенін санасына сәби кезінен сіңіреді. Алайда, бүгінгі қоғамда әйел тек ошақ қасының тірлігін ғана тындырып қоймай, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет пен қоғамға пайдалы жұмысты ерлермен тең дәрежеде атқара алатын мүмкіндігі бар. Нәзік жандылар қауымын мемлекет те жан-жақты қолдауда. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы кезеңінде әйелдерге, ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша алғашқы қоғамдық маңызды құрылымдар құрылды. Қазақстан БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды. Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктері жасалды. Соның нәтижесінде, еліміздегі әйел азаматшалар да білек сыбана қоғамның дамуына үлес қосуда.

«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» 2009 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы Гендерлік саясат саласындағы негізгі заңнамалық акт болып табылады. Әйелдердің құқығы заңмен қорғалып тұрғанда әлеуметтік жағдайы да жоғарылауы тиісті. Мәселен, Бельгияда Әлеуметтік эмансипация жөніндегі мемлекеттік хатшы лауазымы екі мақсатпен енгізілген: ерлер мен әйелдер арасындағы тең мүмкіндіктерді ілгерілету, сондай-ақ осы мәселелер бойынша үкіметтің консультациясы. Әйелдер мен ерлер теңдігі институты, сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік тұрғысынан ахуал мониторингін жүргізетін Федералдық тең мүмкіндіктер кеңесі жұмыс істейді. Францияда ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік мәселелері жөніндегі жоғары кеңес жұмыс істейді. Польшада 250 үкіметтік емес әйелдер ұйымы жұмыс істейді, олардың ішіндегі ең ірісі – үй шаруасындағы ауыл әйелдері қауымдастығы мен Польша әйелдері лигасы (екі ұйым да 1 миллионға жуық әйелдерді біріктіреді). Анағұрлым белсен-ділері әйелдер ұйымдарын қолдау орталығы, сондай-ақ, әйелдер құқықтарын қорғау орталығы. Корея Республикасында «Болашақ көшбасшы әйелдерді жеделдету» ұлттық саясат жобасы шеңберінде әйелдер өкілеттігін кеңейту үшін 100 000 әйелден тұратын деректер базасы жинақталған. Қазақстанның да қоғамда әйелдер рөлін арттыру жолындағы жұмыстары жандана түсуде. Оған бірден-бір дәлел – бас қаланың қақ төрінде өткен «Ауыл әйелдерінің бірінші форумы». Ауданымыздағы «Шелек фермерлері» кооперативінің жетекшісі Бақытгүл Елшібаева ерлермен иық тірестіре жұмыс істеп жүрген нәзік жандылардың бірі ретінде форумға қатысып, тәжірибе алмасып келген жайы бар. Оның айтуынша, ауыл әйелдерінің бірінші форумы – ауылдық аймақтарда өмір сүріп, тіршілігін жасап жатқан азаматшаларды қолдаудың айқын көрінісі. «Кең байтақ еліміздің әр аймағынан әртүрлі салада жұмыс жасайтын әйелдер бас қосты форумда. Ойларын, тұжырымдарын ортаға салып, бір-бірімен кеңесуге, билік басындағыларға ұсыныстарын ашық әрі толыққанды жеткізуге мүмкіндік алды. Өз тарапымнан форумда ауылдан келген әйелдерге «Агробизнес» орталығын құрудың, жұмысты бастаудағы бағыттарының қандай екендіктерін тәжі-рибемнен бөлістім. Әйел аза-матшаларының белсенділігін жоғарылату модельдерімен таныстырып, жалпы ауылдық жерлердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру жөнінде пікірімді білдірдім. Негізінен, ауыл азаматшалары үшін бұл бастама пайдалы әрі нәтижелі болды. әйел статусын жоғарылатудың, олардың еңбегін елеп-ескерудің баға жетпес көрінісі болды деп санаймын. Жұмысымызға жаңа таныс, бастамаларымыз қолдау тауып, әрі қарай ынта-жігеріміздің жандана түсуіне форум себепкер болды деп толық сеніммен айта аламын», – дейді Бақытгүл Елшібаева.

                   Алмагүл НҰҒМАН

 

Read 144 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет