Сәрсенбі, 27 Ақпан 2019 20:23

Үкіметтегі өзгерістер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі бюросының отырысына қатысып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды. – Бұрынғы Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздерге жаңа Премьер-Министр Асқар Маминның кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен әсіресе, инфрақұрылымды дамыту саласында көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті. Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары ұсынысты қолдады. Сөйтіп, Президент Жарлығымен Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Рес-публикасы Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен Г.Әбдіқалықова – Премьер-Министр орынбасары, Б.Сапарбаев – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, С.Омаров – Ауылшаруашылығы министрі, Р.Скляр – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, К.Шәмшидинова – Білім және Ғылым министрі, Р.Дәленов – Ұлттық экономика министрі қызметтеріне тағайындалды.

Тағы бір басты жаңалық, Сенат келісімімен, Президент Жарлығымен Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы лауазымына лайық деп танылды.                                          

«Егемен Қазақстан»  газетінен ықшамдалып алынды.

Read 144 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет