Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:18

Тағдыршешті мәселеде бірігейік!

Тағдыршешті мәселеде бірігейік! https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwjI2c2o0czhAhXikYsKHeLDCXIQjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2Fkz%2F9-mausymda-kezekten-tys-prezidenttik-saylau-otedi-kasym-zhomart-tokaev_a3515233&psig=AOvVaw0ztQeJjF0Vn

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 9 маусымға қойғаны заман ағысынан туындап отыр. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, бізге айқындық керек» – деді.

   Шынымен бұл шешім саяси жағынан ұтымды қадам. Өйткені, қазіргі Президентіміз әлемде Елбасы Н.Назар-баевтың сайланған мерзімін аяқтағанына дейін жеткізуші, уақытша тұлға ғана болып қабылданып, оған терең сенім болмайды. Ал біз дүние жүзінің көптеген елдерімен екіжақты шарттарға отырамыз. Елімізге инвестиция тарту мәселесінде де Президент келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, ішкі мәселелерде де тікелей Президенттің шешімін күтетін маңызды түйткілдер жетерлік. Осынау түйткілдердің түйінін тарқатуда уақытша тұлғаға сенім берік болмайды. Сондықтан ол халық мандатын толық алуы керек. Ол үшін әрине, жалпыхалықтық сайлау қажет. Одан жеңіп шыққан тұлға ғана елдің атынан сөйлей алады. Президент өзінің сөзінде: «Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!» деп қадап айтты. Бұл баршамыздың сайлауға деген сенімімізді оятады.

Бұл ретте Президент: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!» деді. Сондықтан  тағдыршешті мәселеде жұмыла іс қылуға шақырамын. Бұл қадам – біздің болашағымыз!

 

Болатжан НҰРБЕКОВ,

«Ауыл» партиясы аудандық  филиал төрағасы.

Read 23 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама