Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 14:34

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ baq.kz

ҚР президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады.

Заңға сәйкес, Республика президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант қабылдады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деп халыққа ант берді.

Ақпарат көзі: BAQ.KZ

 

Үнқосу

Жастарға жаңа мүмкіндік

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік   ма­ңызы бар стратегиялар мен ма­қа­лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – бізге, жас буынға,  артқан үлкен сенімі деп білеміз. Соның бір айғағы, Тұңғыш Президенттің «Қазақстандықтардыңәл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы -  қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатқан үлкен жаңалық болды.

Баршаңызға  мәлім, ағымдағы жылдың 9 маусым күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы  өтті. Сайлауда 300 мыңнан астам халқы, 70 мыңғы жуық жасы бар ауданымыздың жоспары анық, жігері айқын, талабы таудай жастарымыз тарихи оқиғадан шет қалмай, белсенділік танытып, кемелді келешектің іргесін бүгіннен қалауға атсалысып, азаматтық белсенділігімізді көрсеттік.

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің дамуына нақты бағдарлама ұсынып, жастардың билік ісіне араласуына жол ашқан «Нұр Отан»партиясы атынан түскен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жеткенін хабарлады. Сәрсенбінің сәтінде жаңа сайланған Мемлекет басшысының ұлықтау рәсіиі өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетті дамытуда жоспарлаған бірнеше бағытпен бөлісті. Мұнда да Президент жастарды билікке тарту мәселесін тағы бір мәрте атап өтті. Сондай-ақ, ел келешегі жастардың қолында екендігін жеткізіп, мемлекет қаржысын тиімді, мақсатты жұмыстарға жұмсауды тапсырды.

Біз мемлекет басшысы ретінде ел тыныштығын сақтауды, xалықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді, елдің экономикасын дамытуды, ұлтаралық татулықты басты мақсат еткен Елбасы саясатын жалғастыратын, президент таңдадық.

Қазақстанның өркендеуі – біздің ортақ идеямыз. Барлық күш – жігерімізді мемлекеттілікті нығайту мен елді дамытуға бағыттайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын!

Қуаныш ТЮЛЮПОВ,

«Жетісу» заң колледжінің студенттер жетекшісі, «Жас Отан» Жастар Қанатының мүшесі

Еңбекшіқазақ ауданы

 

Read 179 times

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет