Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 06 Сәуір 2018 10:15

Тестілеуде өзгерістер бар ма?

 

2018 жылы ҰБТ-ның қазіргі форматы сақталады. Былтырғы жылы енгізілген ҰБТ форматының басты ерекшелігі – емтиханның екіге бөлінуінде: Қорытынды аттестация және ҰБТ. Қорытынды аттестация мектеп түлектеріне, ал ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған.

Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің барлығы тапсырады. Ол 5 пәннен тұрады. 4-еуі міндетті, 1-еуі таңдау пәні. Олар: ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша) берілетін уақыт – 3 сағат; алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, берілетін уақыт – 5 сағат; Қазақстан тарихы – ауызша, билеттерге жауап беру арқылы; Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде – Қазақ тілінен, қазақ мектептерінде – орыс тілінен тестілеу түрінде; Таңдау пәндеріне: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тестілеу (оқу бейініне байланысты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық). Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде өтеді. Қорытынды аттестат-таудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлі-гінің Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармала-рына жеткізеді. Ауызша, жазбаша емтихандарды мектептер-дегі емтихан комиссиялары бағалайды. Тестілеудің жауап парақшасындағы дұрыс жауаптар кодын да аталған комиссия тексереді.

ҰБТ тапсыру пәндерінің саны – 5 (3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән). Олар: Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма; Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма; 2 бейіндік пән – 30 тапсырмадан.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республи-калық және халықаралық олим-пиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. «Алтын белгі» иелерінің артықшылық-тары тек қатардағы талапкермен баллдары бірдей болғанда ғана ескерілетіні туралы Заң жобасы Парламентте қарастырылуда. Жалпы 120 тапсырма бар. Бірақ, максималды балл 140. Шекті деңгей – 50 балл. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут.

Тестілеу өткізілетін уақыты ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы арқылы бекітіледі. Шамамен, мерзімдері: Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 нау-рыздан 10 мамырға дейін (ТКТ 1 маусымға дейін); Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ТКТ шілденің 17 мен 23 аралығында; Шығармашылық емтихандар: шілденің 8 мен 13 аралығында; Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі (педагогикалық қызмет-ке бейімділігін анықтау үшін педагогикалық мамандықтарға тапсырушылар); Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (ҚР жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).

Биыл тест тапсырмалары-ның базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл – 120 мың. 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағыт-талған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл пәнді терең түсінуге ықпал етіп, жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Биылғы жылы енгізілген жаңалық – мектеп бітірушілердің ҰБТ-ді ағылшын тілінде тапсыруына мүмкіндік бар. ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайын-дық барысында байқау-сынақ-тарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады. www.https://prob-ent.testcenter.kz, www.testcenter.kz.

Барлық мектеп бітірушілерге сәттілік!

 

Қ.Қасымова,

ҰТО-ның №107 филиал жетекшісі.

Read 135 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама