Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 13 Сәуір 2018 11:38

Көз тартарлық қолөнер бұйымдары

Қараша халық пен биліктің арасына алтын көпір салып жүрген «НұрОтан» жақында тағы бір қайырымды іс атқарды. Арнайы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық партия филиалы мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер туындыларын көпшілікке паш етті. Арнайы көрмеге 6 баланың туындылары қойылды. Оны «НұрОтан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев бастаған аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары аралап көрді.

100-ден аса қолөнер бұйымдары көрер көздің айы-зын қандырды. Таңданып та, таңырқанып та қараған ел ағалары жоғары бағасын берді. – Мұндағы басты мақсатымыз – тағдыр тауқыметін тартқан бүлдіршіндерімізді қоғамға бейімдеу, олардың шектеусіз мүмкіндіктерін көпшілікке таныстыру. Себебі, өзіңіз көріп отырғандай екінің бірінің қолынан келмейтін осынау өнер туындыларын бүлдіршіндеріміз өздері жасап шықты. Менің таңданғаным олардың еңбекке деген ынталары. Бұл көпке үлгі, – дейді Қуат Сұлтанұлы.

Иә, нәтижесінде қойылған қолөнер бұйымдарының жартысына жуығын сондағы ел ағалары естелікке сатып алды. Бас-аяғы 60 мың теңгеге жуық өнер туындылары енді көпшіліктің төрінен табылмақ.

Шара соңында балаларға партия тарапынан Алғыс хаттар мен электронды кітаптар ұсынылды.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Read 149 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама