Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жұма, 20 Сәуір 2018 14:22

Көшпелі көрме ашылды

Жақында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Есік археологиялық өлкетану музейінде Қарасай ауданы Райымбек ауылынан келген «Анаға құрмет» және «Ба- тыр бабалар» мемориалдық музейлерінің «Ел іші – өнер кеніші», «Ер қаруы – бес қару» атты көшпелі көрмесінің ашылуы өтті.

Қала тұрғындары мен жастар қатысқан шара барысында музей басшылары жылы лебіздерін білдіріп, «Анаға құрмет», «Батыр бабалар» музейінің қызметкерлері «Ана қадірі» атты сахналандырылған қойылым қойды. Мәдениет үйінің өнерпаздары ән салып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Балауса Шарғынова келген қонақтарға алғысын жеткізді. Көшпелі көрмеге экскурсия жүргізіліп, жастарымыз қызкеліншектердің әшекей бұйымдарымен, қаружарақтардың түрлерімен жақынырақ танысты.

Аталған көрмені қала тұрғындары бір апта бойы тамашалады. Ал Есік археологиялық өлкетану музейінің қызметкерлері сәуір айының 23 жұлдызында Қарасай ауданында көшпелі көрме ұйымдастырады.


С.НҰРАДИН.

Қаралды 225 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама