Жұма, 27 Сәуір 2018 10:17

Жан жылуы

Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәде-ниет үйінде «Жан жылуы» атты қайырымдылық концерт өтті сәуірдің жиырмасында.

Игі шараны ұйымдастырған – Абылай хан атындағы орта мектеп ұжымы. «Өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі» демекші, қайырымдылық концерттің мақсаты да зәру жандарға, дәлірек айтсақ, бүл-діршіндерге қол ұшын созу. Қолдау. Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кештен жиналған қаражат та сол мақ-сатқа жұмсалмақ. Ол турасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Досымханова: «Қайырымдылық концерт деп аты айтып тұрғандай, жиналған қаражатты мектебіміздегі жетім, жартылай жетім, отбасылық жағдайы төмен оқушылардың жазғы демалысының дұрыс ұйымдастырылуына жұмсаймыз. Концерттің билеттерін шығаруға жәрдем еткен ата-аналарымыз бар, кішкентай өнерпаздарымыз бар, бәріміз бірлесе атқарып отырған берекелі іс болмақ», – деді. Олай болса құба құп. Осы концертте бар өнерлерін ортаға салып ән шырқап, мың бұрала би билеген жас өрендер мен аудан өнерпаздарының еңбегін жоғары бағалаған жөн болар. Жақсылық жақсылыққа жалғассын...

Алмагүл НҰҒМАН.

Қаралды 119 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама