Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 15:25

Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтарымыз

Білімнің салтанат құруы.

«Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге

 ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп,

табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың

 қолында екеніне баса назар аударды.»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан     

                                                                                                                                   

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру  мақсатында   Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық  округінде  2017 жылы «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылған болатын.

Қазіргі кезде, мектеп өмірі қызықты оқиғалар мен жақсы дәстүрлерге толы. Мектепте тәлімгердің адамгершілік сапасын дамытуға, белсенді өмірлік позициясын қалыптастыруға бағытталған көптеген жұмыстар атқарылуда.

Біздің мектеп – тек білім ғана беріп қоймай, оқушылардың жаңаша ойлауына, жан- жақты әрекет етуіне, өзіне жеке тұлға ретінде әрі жетістіктерге өз бетінше жете алатынына сенімді болатын ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Мектептің заманауи ғимараты экологиялық таза аумақта қоныс тепкен. Мектеп 600 орындық, алты бөліктен тұрады.  Мектеп сыныптары заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталған, физика, биология, химия пәндерінің лабораториялары, 4 мультимедиялық, 4 лимфондық  кабинет бар. Информатика, оқу кабинеттері, кітапхана, технология пәніне арналған шеберханалар, мәжіліс залы  бар. Мектепте қоршаған орта экологиясы мен оны сақтау шараларын ұйымдастыруға арналған клубтар жұмыс істейді. Мектептің кіші және үлкен  спорт залдары бар, мектеп аумағында жасанды төсеніш төселген футбол алаңы орналасқан. Барлығы да заманауи құрал –жабдықтармен жабдықталған.

«Рахат ауылдық округі №1 орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  тәжірибелі ұстаздар командасы еңбек етуде, олар - өз пәндері бойынша теориялық білімді ғана меңгеріп қоймай, сонымен қатар әрбір оқушының зияткерлік және шығармашылық тегеурінін дамыта алатын шебер мамандар. «Рухани жаңғыру- білім берудің жаңа биігі!» деген ұстаныммен, мектеп оқушылары түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Мектебімізде аудандық  олимпиада жүлдегерлері, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен байқаулардың жеңімпаздары бар. Атап айтатын болсақ, Республикалық Кіші Ғылым академиясының І орын иегері Бақатай Жанель мен Исқақбай Бексұлтан. Жетекшісі Ерназар Нұртай химия пәнінің мұағалімі, облыстық «Дарын» ғылыми жоба байқауында Еділ Зарина ІІ орын. Жетекшісі Еділ Мадина Серікқызы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алаш қозғалысының 100 жылдығына байланысты өткізілген облыстық ғылыми жоба байқауында Өтепберген Мөлдірмен Бақытқызы Айнұр 40000 теңгеге сертификат алып, алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Уракбаева Мира. Аудандық  Кіші Ғылым академиясының ІІ орын иегері Абдрахман Айжан Жетекшісі: Айтбаев Думан.

Сондай-ақ, бастауыш сыныптар «PLATON» Халықаралық орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Өлмейтұғын артына із қалдырған» атты Абай оқуларына 67 оқушы, Қадыр Мырза Әлінің «Құс жолы» балалар байқауына  34 оқушы, «Білгір бәйге» қалалық математикалық пән олимпиадасына 174 оқушы, «Өрлеу» республикалық пән олимпиадасына 124 оқушы қатысып бас жүлде, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Білім ордасында жылдық тәрбие жоспары негізінде ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мектебімізде  қыркүйек  айынан бастап бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.

 

 М.Еділ, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

Қаралды 53 рет
Толығырақ бұл категорияда: « новые возможности
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама