Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 07 Наурыз 2019
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 19:21

«Подари подарок детям»

В современной жизни, к сожалению, еще слишком много  детей,  которые очень нуждаются в участии и добре, в тех людях, что сумеют понять, приютить и обогреть теплом своего сердца.

По инициативе социального педагога школы имени О.Мухаммади с.Ават Сухраба  Хасанова, учителя по зову души и призванию, была проведена акция «Подари подарок детям»  в поддержку воспитанников патронатных семей и  детских домов.  Акция посвящена Всемирному дню сирот и ее целью  являлось привлечение внимания общества к   проблеме сиротства.

Акция «Подари подарок детям» была горячо поддержана местным сообществом, учителями и учениками школы, а так же молодежью и активом Аватского сельского округа. В благотворительном концерте  приняли участие танцевальный ансамбль  «Санам», инструментальный ансамбль «Бахар», певец Алим Зульпикаров,  занявший первое место фестивале в г.Москве, а так же талантливые певцы нашего села Ават А.Низиров и М.Раханов. Учащиеся 11 «В» подготовили от себя отдельные подарки с участием аниматоров. Были собраны средства на сумму более 135 тысяч тенге, на которые приобретены подарки и учебные принадлежности. Их  вручили детям из патронатных семей Л.Ершовой   (14 детей), З.Нурмагамбетова (5 детей) и семейного детского дома Р.Есеновой (30 детей). Праздник прошел на высоком эмоциональном уровне, дети остались довольны.

Хотелось бы поблагодарить всех, кто принял участие в данной акции,  объединил усилия школы, семьи, общественности. Подари детям улыбку и немножечко внимания  –  просто так,  не требуя ничего! Фраза, которая затронет каждого,  отложилась в глубине души: «Не отказывай в помощи, когда твоя рука в силах сделать это!»

 

Гуляим РАХИМБАЕВА,

учитель русского языка и литературы СШ имени О.Мухаммади с.Ават.

 

На фото: семейный детский дом Есеновых в г.Есике.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 19:16

Мерекемен құттықтады

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қар-саңында кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы істер санаты бойынша, соның ішінде көп балалы аналардың мүддесін қорғау туралы Шелек аумақтық сот орындаушылар бөлімінде дөңгелек үстел өткізілді.

Шелек аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Кенже Мұхаев, қызметкерлер Гүлнұр Сегірбекова, Әнел Жапанова алдымен әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің алғашқы мейрамымен шын жүректен құттықтады. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі екенін жеткізді. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол саяси мәселелерге де белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән берілетіндігін айтты сот орындаушысы. 

Шелек аумақтық сот орындаушылар бөлімі.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 19:11

От «Улыбки» станет всем светлей...

Эта старая добрая песенка из мультфильма служит «фирменной» мелодией одноименного  танцевального ансамбля, созданного полвека тому назад Ниной Пашковой и ее супругом Дмитрием Остапенко. С тех пор  «Улыбка» озаряет все наши  праздники, являясь как бы символом  культуры Енбекшиказахского района.  В 1987 году  ансамблю было присвоено звание народного, а в 1989 году он завоевал титул лучшего среди народных творческих коллективов Казахстана. И в числе лучших остается по сей день, а бывшие воспитанник ансамбля приводят в него своих детей. Совсем недавно «Улыбка» обрела второе дыхание – ветераны-основатели ансамбля передают эстафету  внучке Арине Некрасовой. Молодой хореограф, выпускница Санкт-Петербургского университета культуры, Арина сама 12 лет училась исполнительскому мастерству в «Улыбке». Она не только работает над репертуаром, в который входят танцы народов Казахстана, но и выходит на сцену. Продолжая традиции бабушки и дедушки, Арина основала шоу-балет «Aurora» и спортивно-танцевальную студию «Импульс».   На юбилейном концерте  «Улыбки» в феврале этого года  коллективы Арины Некрасовой с успехом выступили на сцене районного дома культуры. Зал, переполненный поклонниками творчества «Улыбки», приветствовал Нину Ивановну и Арину искренними аплодисментами, благодарные зрители от души желали всем их начинаниям доброго пути.   

И.ТУРАНИН.

На фото: из репертуара «Улыбки»: татарский танец «Озорницы»; Нина Пашкова, директор ДК Бауыржан Шаяхметов и ее внучка Арина Некрасова.

Published in Өнер
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 18:57

Тәрбиенің бастауы

Әлемдегі күллі жақсылық, ізгілік пен мейірім ең алдымен әйел қауымына тән. Барша адамзатқа өмір сыйлайтын Әйел-Ана әрқашан ерекше құрмет пен ықыласқа лайық. Сондықтан да әйелдер мерекесін адамзат баласы аңсап, күтеді.

Әйел жанының сұлулығы мен нәзіктігін аша түсетін осы бір тамаша мерекенің жаңа туған көктем шуағымен сәйкес келуі ерекше мағынаны аңғартады. Себебі, әрбір Әйел-Ана да көктемдей құлпырып, адамзат өмірін сән-салтанатқа толтырып, әлемге жылылық, мейірім, татулық нұрын шашады.

Әйел деген кім? Әйел – біздің аяулы анамыз, ардақты әжеміз, қаракөз қарындасымыз, сүйкімді қызымыз, қамқоршы әпкеміз. Әйел – қолына қару алып, қан майданда от кешкен Әлия мен Мәншүк, айдай әлемді аузына қаратқан Роза мен Бибігүл, желтоқсанның аязында мұзда алау болып жанған Ләззат пен Сабира. Осындай қайсар да батыл, өнерлі де көрікті қыздарымыз бар қазақ халқы үшін 8-наурыз мерекесінің, оған қоса, қыз баланың орны ерекше. Сондықтан, халқымыз ежелден қыз балаға айрықша құрметпен қарап, төрден орын берген. Ару қыздар болашақ елдің анасы болады, елін қорғайтын азаматтарды тәрбиелейді деген пайыммен, қыз баланың тәрбие-тағылымына терең мән берген. Салтымызға сәйкес, Әйел-Ана отбасының ұйытқысы, ондағы сенімнің сақтаушысы, отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің, бауырмалдық, адамгершілік құндылықтарының қайнар көзі. Бұл әйел қауымының ұлт тәрбиесіндегі айнымайтын алтын орнын айғақтайды. Сондықтан да, еліміздегі толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істер ең алдымен әрбір қазақстандық отбасындағы ана мейірімінен бастау алады деп сеніммен айта аламыз.

Бүгінгі қоғамда әйел баласы тек қана отбасы, ошақ қасымен ғана шектеліп қоймай, қоғамдық өмірдің барлық салаларында белсенді қызмет атқарып, өздерінің біліктілігімен, тиянақтылығымен кеңінен танылуда. Әйел қауымының қоғамдағы бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің аса зор ұйытқысына айналуы әйел затына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыра түседі.

«Ана – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» – деген ғибратты сөзге сүйенсек, «Тәрбие басы – тал бесік» ананың бала тәрбиесі ғана емес, қоғамды тәрбиелеудегі де рөлі жоғары. Ата-бабамыз әрқашан жесір мен жетімін жебеген, үлкенін сыйлап, кішісіне ізет көрсетіп, мейірім мен қамқорлықты ту еткен. Ал қазіргі кезеңдегі әлеуметтік өткір мәселелердің бірі – тірі жетім балалардың көбеюі. Бүгін қоғамда баласын далаға өз еркімен тастап кететіндердің қатары күннен-күнге артуда.

Ұлы данышпанымыз, хакім Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық» – деген екен. Адамның айтуға аузы, көруге көзі қорқатын сұмдық жағдайлардың жиілеуіне белгілі бір адамдар тобын ғана кінәлап, сырттай ғана бақылап отыруға болмайды. Бұл сұмдық қалыпты жағдайға айналмай тұрып алдын алуға әрқайсымыз атсалысуымыз керек.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Еңбекшіқазақ ауданы Аналар кеңесінің төрайымы, «Алматы облысы тәрбие мен адамгершілік білім беру серіктестіктерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы ретінде барлық аналарды, қызғалдақтай қырмызы қыздарды 8-нау-рыз мерекесімен құттықтай отырып, отбасындағы бала тәрбиесімен қатар, қоғамдағы рухани-адамгершілік тәрбиенің құлдырамауы үшін іс-шаралар жүргізуге белсенділікпен, бастамашылдықпен қатысуға шақырамын. Жағдай бұлай жалғаса берсе, ұлт болашағына үлкен қауіп төнетіні сөзсіз. Осы тұста ойыма Сағат Әшімбаевтың «Қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын ешбір қазына-байлықпен ал-мастыруға болмайды» – деген сөзі еріксіз еске түседі.

Міне, жер дүниені жасандырып, қыс қаһарын ықтырып, сыланған бойжеткендей ару көктем де келіп жетті. Сіздерді күлімдеген көктеммен бірге келетін тіршіліктің тұтқасы саналатын әйелдер қауымының мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Гүл көктеммен қатар келетін төл мереке қарсаңында барлық аналарға, аяулы әпкелер мен ару қарындастарға әрқашан шуақты көктемдей көңіл-күй тілеймін. Сіздердің жүректеріңіз тек қана жылылық пен мейірімге толы болсын! Сіздерге мол бақыт, мықты денсаулық, әрбір отбасына ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Гүлнар ЖОШЫБАЕВА,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Еңбекшіқазақ ауданы

Аналар кеңесінің төрайымы.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 18:53

Жастар – болашақтың тірегі

Бұл шара – бұрынғы-лардан өзгеше. Межелі мақсаты, қайырымды қарекеті бар. Әлбетте, тағдыр тәлкегін тарт-қандарға берекеті бар. Айтпағымыз, әрбір жас арнайы қойылған жәшіктерге қаржысын салды. Сөйтіп, жүрекке мейірім, езуге шынайы күлкі үйірді. Жиылған 51 мың теңге қаракемерлік 8 баланы дүниеге әкелген жалғызбасты Зылиха ана-мызға ел алдында табысталды. Абзал ананың көз жасқа толы ақ батасы жас буынның жүрегін толқытып тастады.

Хош, «НұрОтан» партиясы-ның арнайы кубогы үшін болған көңілді тапқырлар ойыны «Жастар – болашақтың тірегі» деп айдар таққан. Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйі жас буынға лық толды. Олар тоғыз команданың әзілдеріне тәнті болды. Атап өтсек, Алматы қаласынан «Энерджи», «Фаворит», «Ақпен бірге», «Тұран», «Тәтті құрама», Панфилов ауданынан «Қарапайым жігіттер», және өз өңірімізден «Бәйтерек», «Нартәуекел», «ЕМК» командалары.

Екі сағатқа созылған астарлы әзіл, риясыз күлкіге толы жайдарман қорытындысында жүлделі 3 орынды «Тәтті» құрама» командасы иеленіп, 20 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 2 орынды «Тұран» (30 000 теңге) жүлделі бірінші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрамасы «Ақпен бірге» иеленіп, 40 000 теңге ақшалай сыйлықты қанжығалады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Published in Жастар

Адам қайғысы – заман қайғысы. Қоғамда орын алып жатқан түрлі келеңсіз жағдаяттар жүрегі барларды елеңдетпей қоймайды. Әсіресе, ана мен балаға қатысты болғанда. Бейбіт күнде аналарымыз жылап, балаларымыз жетіспеушілік пен жоқшылықтың қамытын киюде. Кісіні кейде таршылық, кейде баршылық сынайды дейді. Таршылықпен сыналып жатқан жандарды көргенде көмек беруге ұмтылатын қазақы қалпымыз бен адамгершілігіміз әлі де суалмаған дариядай екеніне куә болдық жақында.

Талдыбұлақ деген ауыл бар тау бөктерінде. Балалары тауға қарап талаптанып, қариялары жер асты қазынасындай. Ауыл болып араларындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына қамқорлық көрсетіп, өздерінен артылғанын өзгеге де жұғым болсын деген ниетпен Есікке ат басын бұрған. Олай дейтініміз, Талдыбұлақ орта мектебінің директоры Алима Юнусова бастаған ұжым, ата-аналар, ақсақалдар ұйымдасып, қайырымдылық мақсатында игі бастама көтерді. Қап-қап азық-түлігін көлікке тиеп, өнерпаз оқушыларын мінгестіріп жолға шықты. Меже – Есеновтар патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар үйі. Отыз шақты балаға пана болып отырған Нұрым Есенов пен Роза Есенова қонақтарды қуана қабылдап, үйлерімен таныстырды. Ұядан ұшқан, бүгіндері отбасылы болып үлгерген балаларымен қоса балапандардың түрлі бағытта жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, марапаттарын, фотосуреттер көрмесін паш етті отанасы. Оқушыларын алып келген бір топ ұстаздар қауымы шағын концерттерін ұсынып, қам көңіл балалармен шаттық шеңберін ойнады. Мектеп директоры Алима Әштайқызы: «Қайырымдылық жасау – адамгершіліктің белгісі. Ал, бөтен болса да өзінікіндей көріп, балаларға қамқорлық көрсету – шексіз құрметке лайық қасиет», – дей келе кең жүректі жандарға алғыс білдіріп, Роза Есеноваға дайындаған кішігірім сыйлықтарын табыстады ұжым атынан.  Талдыбұлақ ауылдық ақсақалдар алқасының төр-ағасы Жүніс Әбутәліп ата балдырғандарға бата беріп, болашақтарының жарқын болуын тіледі.

Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 18:38

Мұражайлар тарихтан сыр шертеді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы мен Есік археологиялық-өлкетану мұражайының мамандары және мектебіміздің тарих-география бірлестігі ұйымдастырған шараға куә болдық.

Мектеп директоры Шарапат Орынбаева мұражайлар сабақтастығы оқушылардың тарихи білімдерін кеңейте түсерін айтып өтсе, мектептің «Еңбек-Даңқ» мұражайының меңгерушісі Гүлнар Абубакирова шараның жоспарымен таныстырып, келген қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі. Есік археологиялық музейінің меңгерушісі Нарима Тойжанова танымдық сабақтар өткізсе, қор сақтаушы Бота Ибраимова тарихи лекциялар оқыды. Сондай-ақ, жылжымалы мұражай көрмесі таныстырылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұлдызай Мәлібекова  «Рухани жаңғыру» аясында өткен мұражайлар жұмысының өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік маңызын ашып көрсетті.

Ақмарал Тюпеева,

мектеп мұғалімі.

Published in Тарих
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 18:35

Түркі әлеміне әйгілі Алтын адам

Ақпанның соңғы күндерінде Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің акт залында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Түркі әлеміне әйгілі Алтын адам» атты аудандық конференция өтті. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау, жастарға ұлтжандылық, патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен конференцияға аудан жастары, тарих пәнінің мұғалімдері, музей және мәдениет қызметкерлері қатысты.

Есік қорғанынан табылып, бүгіндері тек қаламызды ғана емес бүкіл елімізді әлемге танытқан «Алтын адамның» тарихын насихаттауға бағытталған шарада алғашқы болып сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева рухани жаңғыруымыз – өткенімізді білуден басталады дей келе, өткізіліп отырған конференцияның маңызы мен өзектілігіне тоқталды. Ал, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Әсел Амарғазиева «Алтын адамның» ақиқаты мен аңызын салыстыра отырып, көпшілікке беймәлім тың мәліметтермен бөлісті. Мәселен, «Алтын адамның» табылған жылы біраз кітаптарда жазылып кеткендей 1969 емес, шындығында ол жылы тек экспедиция жұмысын бастап, 1970 жылы Бекен Нұрмұхамбетов тоналмай сақталған қабірді байқап, сол қабірден сақ ханзадасының қаңқа сүйегі алынғандығын айтты көпшілікке ғылыми қызметкер. Бекен Нұрмұхамбетов тоналмаған қабір жайлы Кемал Ақышевқа хабарлап, жедел түрде сол жерде қазба жұмыстарын жүргізуге археологтар  барғанын жеткізді. Сонымен қатар, «Есік» археологиялық-өлкетану мұражайының директоры Нариман Тойжанова қаламыздағы алғашқы мұражайдың қалай бой көтергенін, оның қала тұрғындары өміріндегі маңызына тоқталды. Аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығының қосымша білім беру педагогі, тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Жанатгүл Бүтімбаева да жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарына сараптама жасап, жасөспірімдер үшін өлкесін таныту жолындағы еңбектің жемісті жүргізіліп отырғанын ортаға салды. Тарих пен мәдениеттің тың мәліметтеріне қаныққан көрермендер аудан өнерпаздарының концертін тамашалап, рухани байып қайтты.

 Алмагүл НҰҒМАН. 

Published in Тарих

Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толған мерейтой аталып өтуде. Жуырда Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы тарихи өлшеммен алғандағы аз ғана уақытта Ел Тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекетімізді экономикалық, әлеуметтік, саяси тұрғыда дамыту жолында батыл қадамдар жасалып, күрделі реформалар іске асырылғанын атады. – Осындай өзгерістердің басы-қасында еліміздегі беделді саяси күшке айналған «Нұр Отан» партиясы болды, – деп атап өтті партия төрағасы.

«Нұр Отан» партиясының негізін бастауыш ұйымдардан бастап, аудандық облыстық филиалдар құрайды. Он үш мыңнан астам мүшесі бар облыстағы ең ірі Еңбекшіқазақ аудандық филиалы өткен жұмада «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойын атап өтті Рахат округіндегі №1 орта мектепте.

Мерейтойлық іс-шаралар аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақтың, төрағаның бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаевтің, еңбек, партия ардагерлернің қатысуымен мектептегі it-робото-техника кабинетінің салтанатты ашылуымен басталды.

Айта кету абзал – ашылғалы екі жыл да толмаған жаңа мектеп ұжымының атқарып жатқан істері ауқымды. Үш ауысымда оқытып жатқандарына сілтеме жасап, себеп іздемей Президенттік, партиялық жоба, бағдарламаларды игеріп, атқару үстінде. Робот техникасын өз қолдарымен құрастырып жұмыс істетіп жатқан оқушылар мен оқытушылардың ынта-жігері отты көздерінен, ақыл-білімге бағындырып айтқанын істетіп қойған электрондық құрылғыларынан-ақ аңғарылып тұр.

Ал «Рухани жаңғыру» орталығының бөлімдері түгелге жуық цифрлық қызметпен жабдықталған. «Заманауи мұғалім» ақпараттық орталығы, электронды кітапхана, мектеп дәлізінде ілулі тұрған композитор-сазгерлеріміздің суреттеріндегі QR-кодпен смартфоныңызға іздеген қажетті ақпаратты жазып аласыз.

Кескіндеу – сурет студиясы, би, саз, спорт үйірмелері бәрі де көрсету үшін ғана емес – әрқайсы жоспарлы жұмыстарын, сабақтарын, жаттығу – репетицияларын орындап жатқанын көріп, қанағаттандық.  

Ал осы мектеп қабырғасында «Нұр Отанның» 20 жылдық мерейтойын өткізіп қана қоймай, Елбасының партия төрағасының бастама – бағдарламаларының қалай орындалып  жатқанын көр-сетпек болдым, – дейді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, – Осы мақсатпен бүгінгі іс-шараға бірқатар мектеп директорларын шақырып, қатыстырып отырмын.

Мектептегі оң өзгеріс, жақсы жаңалықтарын соңына қойыпты партия филиалының жетекшісі және білім ошағының басшылығы тосынсыйын. Жабық тұрған бөлме есігін ашып қалғанда тізіліп тұрған балғын балаларды көрдік. Бұл ата мен әже, бүлдіршіндер бөлмесі екен. Барлық бөбектер ертегі айтып беретін атасы мен әжесі бар деп айта алмайды. Сондықтан рухани жаңғыруды іс жүзінде атқару үшін ата-әже институтын жаңғырту керек. Бастаманың өзі ұлттық  тәрбиенің бастауы деп түсіну керек. Ал мектептегі бұл бөлменің атқарар қызметі ауқымды. Іске сәт, ұстаздар.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және XVIII съезде қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер тұрғысында партияның аудандық филиалының төрағасы аудан әкімі Бинәлі Ысқақ баяндады.

1999 жылы наурыздың басында құрылған партиямыз бірден Президенттікке кандитаттың сайлауалды бағдарламаларын белсенді насихаттаудан бастаған болатын өз жұмысын. Содан бергі уақытта партия филиалын басқарған аға буын азаматтардың алды өмірден озып, басқару тізгінін ізбасарларына тапсырып кетті. Ал бүгінгі күндері «Нұр Отан» партиясы еліміздің әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелерді шешуді назарға алып отыр. Айталық, айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы көпбалалы отбасыларындағы әр балаға 21 мың теңге төлем төлеуді, халықтың әл-ауқатын көтеруді көздеп отыр. Осы съезде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» қабылданды.

Салтанатты жиында аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ жаңадан қабылданған партия мүшелеріне мүшелік билеттер тапсырды. Сонымен қатар партия ардагерлеріне, белсенді партия мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық филиалдар төрағасының Алғыс хаттарын табыстады.

Жиында сөз сөйлеген соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы Тілеулес Ұзақов аудан басшылығына, партия филиалы төрағасына ардагерлер атынан алғысын жеткізді.

Салтанатты жиын концертпен аяқталды.

Қ.Қасымұлы.

Published in Саясат
Бейсенбі, 07 Наурыз 2019 17:55

Баспаналы болудың таптырмас жолы

«Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз. Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. 2017 жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр. Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын ұсынамын». Дәл осы Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі күйі қашқандардың көңілін бір серпілтті. Тағы бір сөзінде Мемлекет басшысы: «Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі. Сондықтан тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын» дегені де есімізде. Расында, жайлы баспана – жайлы өмір сүру кепілі. Әйткенмен, жайлы өмірге жете алмай жүргендер қаншама. Енді аталмыш бағдарлама аясында пәтерге қолжетімділік ұлғая түспек. Аталмыш бағдарлама шеңберінде пәтер алуға ниеттілер саны  да ауданымыз бойынша артып, 2332 адамға жетті. Енді оларға өз еркімен ауданымыздан бөлек Талғар ауданы Қарабұлақ ауылынан (Құлжа тас жолының бойында, Алматы қаласына 18 шақырым), Қарасай ауданындағы «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінен, Алматы қаласындағы жаңа салынған бірқатар кешендерден пәтер алуға мүмкіндіктер туғызылған.

Баршаға ортақ яки, бюджеттік сала, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер,  шаруа қожалық иелері де баспана алуға мүмкіндігі бар бұл бағдарламаның артықшылықтары неде? Әлбетте айтамыз, бірінші, жылына небәрі 7 пайыздық үстемақы. Бұл жерде қосымша комиссиялар төленбейді. Ал қазір нарықтағы жағдайды ескерсек, кез келген банкте ақшаны қолма-қол аламын десеңіз, банк қызметі үшін қосымша үстемақы талап   етіледі. Аталған бағдарламада мұның бәрі 7 пайыздың ішінде. Бұл жылдық инфляцияның ғана көрсеткіші.   

Екінші, алғашқы жарна сатып алатын пәтер соммасының 20 пайызы. Мұндай жеңілдіктер ешқандай бағдарламаларда қарастырылмаған.                       

Оған қосымша қазір Алматы облысының бюджеттік мекемелерінде жұмыс істейтін азаматтарға, көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға облыс әкімі алғашқы жарнаның жартысын қайтарымды    пайызсыз қаражат есебінде өтеп беруге әзір. Үшінші, пәтер алуда таңдау еркіндігіңіз бар. Яки, Алматы қаласынан, Талғар, Іле, Қарасай аудандарынан тіпті, Астана қаласынан пәтер аламын десеңіз – ерік өзіңізде.

Ал қойылатын басты талап, тұрақты жалақы және үй алуға бағытталған ипотекалық, екінші деңгейлі банктерде несиеңіздің болмауы. Ең бастысы, жеке басыңызда үй жоқ болуы тиіс.

Қолда бар мәлімет бойынша қазіргі таңда Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы 28 пәтерлік «Alma village» тұрғын үй кешенінде әр шаршы метрі 150 мың теңгеден сатылуда. Сол секілді осы ауданға қарасты «Алма Тау» кешенінде шаршы метрі 240 мың теңгеден  пәтерлер қожайынын күтуде. Қаскелеңдегі «Қарлығаш» кешенінде де шаршы метрі 185 мың теңгеден. Алдағы уақытта аталмыш бағдарлама аясында көптеген тұрғын үйлер салынбақ. Оны әрбір үйсіз жүрген қазақстандық алуға құқылы. Сол секілді «Central», «Avenue Art», «Resimence», «Gagarin Park», «Atameken», «Element Orion», «Центральный» және «Хан тенгри» тұрғын үй кешендерінде де пәтерлер аталмыш бағдарламамен берілуде.

Бүгінде ауданымызда 210 адам пәтер алуға ниеттеніп, құжаттарын толық өткізген. Қазір екінші деңгейлі банктер арқылы несие төлеу мүмкіндіктері қарастырылуда. Аудан әкімдігі тарапынан аталған азаматтарды дайын тұрғын үй кешендерін аралатып, көрсету шаралары іске асты. Нақты төрт адам бағдарлама қызығын көріп, Алматыдан үйлі болды.

Әлбетте,  ауданымыз бойынша көппәтерлі үй салуға 19 орын әзір тұр. Шелектің өзінен 3 үйдің орны дайын. Қазір «Алатау» АҚ арқылы «Бедел констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүргізілуде. Оң шешім тапса, Есіктен әрбірі 40 пәтерлік 5 үйдің құрылысы басталмақ. Сөйтіп, 200 отбасының үйінде қоныстой тойланбақ. Демек, «7-20-25» арқылы баспаналы боламын десеңіз, құжаттарыңызды заңдастырып, жауапты бөлімге жолығыңыз, ағайын! Қосымша мәліметтерді 7-20-11 нөмірінен біле аласыздар! Бастысы, қаржы жинап, қарекет қылу.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Published in Ресми
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама