Жексенбі, 22 Қазан 2017 18:35

Рухани мәдениет құбылысы

«Кез келген шынайы мәдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр. Мыңдаған жылдар бойы сенімге негізделген мәдениеттер өзінің тарихтағы сөзін сақтап отырған. Өзінің діни рухын сақтау тұтас халықтардың тарихта қалуының кепілі болады». Н.Ә. НАЗАРБАЕВ.Ислам – он төрт ғасырдан бері бүкіл азаматты сенімі мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай бейбітшілік пен ынтымаққа, сабыр-лылық пен тазалыққа шақырып келе жатқан Алла тағаланың бірегей діні. Тарих сахнасында көтерілгеннен бері, өмірдің өзі көрсеткендей, ислам дінінің ғылым-білім мен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем мойындауда.Дін – қоғамның ішінде интеграциялық үдерістердің күшеюіне, адамдардың арасында бауырмалдық пен бір-біріне деген сүйіспеншіліктің артуына, қоғамның ішіндегі бірлік пен ынтымақтың жалғасуына ықпал етеді.28 қыркүйекте Шелек…
«Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.НАЗАРБАЕВ. 15 қазан. Жексенбі күні күн шуағын молынан шашып, Нұра ауылы ерекше нұрға бөленіп тұрды. Ауылға кіре-беріс қақпасының бір жағына «Туыңды туған жерге тік», екінші жағына «Сағыныш Есбергенов алғаш қазығын қаққан ауыл» деген жазу ілініп, одан әрі жол бойына түрлі-түсті жалаушалар ілініп, ерекше безендіріліпті. Ауылдық әкімдік, зәулім мәдениет үйі, мектеп, балабақша орналасқан орталық көшесіне қаз-қатар Шелек өңірінің округтерінен 11 ақшаңқан үйлер тігіліпті. Бұл – осы ауылдың алғаш қазығын қағып, Сөгеті кеңшарын құрып, 30 жыл өзі басқарып, жапан…
Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып əзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мəселелердің бірі екенін атап өтті. – Бұл күндері қазақ тілінің жаңа əліпбиіне байланысты мəселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тəуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі əрдайым менің айрықша бақылауымда болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы ретте,…
Жексенбі, 15 Қазан 2017 20:00

Меморандумға қол қойылды

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында партияның аудандық филиалында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, аудандық аурухана, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары бас қосып, өзара меморандумға қол қойды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын бірлесіп жүзеге асыру шеңберіндегі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумды жасау-дағы мақсат – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, тыл еңбеккерле-рінің және 63 жастан асқан адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара қолдау көрсету болып табылады. Кездесуді ашқан партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанұлы:…
Жексенбі, 15 Қазан 2017 18:57

Ақ бол, халқыңа жақ бол!

«Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды» деген екен Күлтегін. Расында сенім – тау мен тасты қопаратын құдіретті күш. Ал оны ақтау – әрбірінің қолынан келе бермейді. Әсіресе, мұңлының мұңын айтар халық қалаулысы болу – сенімнің шарықтаған шегі. Осындай алапат жүкті арқалаған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының көшпелі комиссия отырысы өтті жақында. Қаракемер кәсіптік колледжінде бас қосқан халық қалаулылары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы төңірегіндегі түйіткілдер мен мәдениет саласының жеткен межелерін сарапқа салды. Жиынға Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дюсембинов бастаған облыстық мәслихат депутаттары, Ұйғыр, Панфилов, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері, мәслихат хатшылары, ауданымыздағы бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері…
Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 14:24

Ел тізгінін білікті маман ұстауы тиіс

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – «100 нақты қадамның» бастауы. Демек, елді басқаруға тек білімі мен білігі, тәлімі мен тәрбиесі толысқан азаматтар ғана кіруі тиіс. Осы және өзге де бағыттар бойынша жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев кеңінен сөз етті. Аудан активімен болған кездесуді әкімнің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов жүргізіп отырды. Қазір мемлекетіміз мәнсаптық қызметке бет алған. Бұл дегеніміз, маман ә дегенде аспаннан түскендей басшылыққа емес, қызметтің сатылы сынынан өтуі тиіс. Яғни, жетекші маман, бас маман, басшы орынбасары, басшы... Екіншіден, департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметке орналасу үшін таныс-тамырдың қажеті…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:47

Тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз

«Бірлік бар жерде тірлік бар». Иә, бабалар сөзінен асып айту әсте артық болар. Осы ойдың астарын саралау мақсатында Бәйтерек орта мектебінде «Толеранттылық пен татулық – қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында форум өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шараға қор төрағасы Ж.Мухамедов қатысып құттықтау сөз айтты. Ауданымыздағы ұлтаралық татулықты нығайтудағы аталмыш қордың атқарып жатқан ауқымды ісіне ризашылығын білдірді мектеп директоры Шымберген Пірімбаев. Кейіннен Жаңаберген Мухамедов: – Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның 25-сессиясында осындай бас-ты байлығымызды сақтап қалу тұрғысында кеңінен ойын білдірді. Санамыздың ісімізден озық тұруын ашық айтты. Бұл дегеніміз, Жаңғырудың негізі…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:30

Маңызды құжаттарды талқылады

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бір-лестігінің ұйымдастыруымен Ақши ауы-лындағы Бөлек батыр және Есіктегі Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтар мен «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында кездесу өтті. Шара барысында қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қымбат Құрманжанова Жолдаудағы басымдықтарға тоқталып өтті: – Елбасы осы Жолдауда еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру керектігін тағы бір еске салып өтті. Сондай-ақ, сын-қатерлерді күтіп отырмай, оған кез-келген сәтте қарсы тұра алатын мемлекетті қалыптастыру керектігін қадап айтты. Ол үшін бес басымдықты жүзеге асыруы-мыз керек. Экономикамыздың…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 09:53

Келісіп пішкен тон келте болмас

Расында, билік пен қарашаның арасы бір атаның баласындай, қос өзеннің сағасындай жақын болса, онда ынтымақтың орнағаны. Онда шешілмейтін түйткілдердің болмағаны. Жақында Ақши орта мектебінің акт залында өткен аудандық мәслихат жанындағы комиссиялардың біріккен көшпелі отырысы осындай ізгілікті істің көрінісін көз алдымызға әкелді. Оған бөлім, мекеме басшылары, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қырбалтабай округінің әкімдері мен қоғамдық кеңес мүшелері арнайы шақыртылды. Себебі, көшпелі комиссия отырысынан екі күн алдын аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған депутаттар төрт ауылды аралап, қоғамдастық мүшелерімен кездескен еді. Келелі мәселелерді көзбен көріп, тұрғындармен жүздескен еді. Отырыс сондағы түйткілдердің түйінін тарқатқандай болды. Күн тәртібінде «Аудан көлемінде салық түсімдерінің 2017 жылдың…
Парламентте қаралған латын қаріптеріне көшу жайындағы мәселе бойынша филолог Ербол Тлешовтіңұсынысымен қолданысқа 25 графикалық белгі ұсынылған екен. Бір ұнамдысы, бір кездегідей «ұ» әрпін ү-ден ажыратуүшін үстін сызып немесе «аяғына» белдік қойып, дауысты дыбыстан кейін келетін «и» әрпінің үстіне сызықша қойып«ё» дегенге екі нүкте қою сияқты әурешіліктер болмайды екен.Оның орнына қос қаріп, яғни диаграф ұсынылады. Ә-ні «ае» деп, ө-ні «ое» ш-ны «sh», ж-ны «zh»-деп көрсету қолайлы болсакерек. Бұның өзі әлемдегі ағылшын әліппесінен, латын қаріптерінен әрі аспай ғана, әріптерді бұрынғыдай 42 қылмай-ақ сөзімізді,ойымызды жеткізу амалы. Ағылшын тілін оқыған адамдар «good morning» (қайырлы таң) деген тіркестегі ng диграфын қазақта бар«ң» әрпімен оқиды «гуд…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама