Аудандық мәслихат сессиясының алдында тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Экономикалық даму, туризм және спорт мәселелері жөніндегі комиссия аудандағы жолаушыларды тасымалдау және автокөлік инфрақұрылымдарын дамытудың жағдайы туралы осыған жауапты бөлімнің басшысы Бейбіт Искаковтың және Есік қаласындағы автокөлік жолдарын жақсарту бойынша атқарылып жатқан және жоспардағы жұмыстар жөнінде қала әкімі Бауыржан Бименовтың есебін тыңдады. Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия алдында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименов қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, сондай-ақ, түрлі мал ауруларының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында сөз тізгінін алды. Ал әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссия аудан аумағындағы жастар саясатының…
Page 6 of 6
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама