Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:47

Тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз

 

«Бірлік бар жерде тірлік бар». Иә, бабалар сөзінен асып айту әсте артық болар. Осы ойдың астарын саралау мақсатында Бәйтерек орта мектебінде «Толеранттылық пен татулық – қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында форум өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шараға қор төрағасы Ж.Мухамедов қатысып құттықтау сөз айтты.

Ауданымыздағы ұлтаралық татулықты нығайтудағы аталмыш қордың атқарып жатқан ауқымды ісіне ризашылығын білдірді мектеп директоры Шымберген Пірімбаев. Кейіннен Жаңаберген Мухамедов:

Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның 25-сессиясында осындай бас-ты байлығымызды сақтап қалу тұрғысында кеңінен ойын білдірді. Санамыздың ісімізден озық тұруын ашық айтты. Бұл дегеніміз, Жаңғырудың негізі – тұрақтылық пен келісімде екенінің айғағы. Бүгінгі іс-шарамыздың мән-маңызы да осында: ынтымақ – ырысымыз, тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз екенін жас буынның санасына сіндіру, – деп шараның мақсатын айқындап берді.

Әрі татулық – тұғырымыз, бірлік – білегіміз деп түсініп, оны жас ұрпақтың бойына сіңірудегі қажырлы еңбегі үшін мектеп директоры Ш.Пірімбаевқа, директор орынбасары А.Далмурадоваға аудан әкімінің орынбасары атынан Алғыс хатты салтанатты табыс етті. Сонымен қатар, бірқатар ұлағат иелері де қоғамдық қордың алғысын арқалады.

Шара әуезді ән, әсерлі бимен жалғасын тапты.

Қ.ЖҰМАҒОЖА.

Қаралды 133 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама