Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 09:45

Қатысушылар қатары қат болды

Аталастың аты озғанша ауылдастың тайы озсын, – деп қазағым бәсекеге – күрес, бәйге, басқа да жарыстарға келгенде жерлестерінің мүддесін биікке қоятыны мәлім. Қайназар ауылының гүлге көмкерілген мәдениет үйіне Рахат округінің аумағына кіретін ауылдар тұрғындарының көптеп келуінің басты себебі жерлестері Жиғанбаевтардың жас отбасы «Жас Отау» байқауына қатысуы болар. Әдемі қазақи оюлармен көмкерілген біркелкі үлгіде пішіліп, тігілген ұлттық киіммен сахна төріне шығып жарасымды жас отбасы екенін көрсете білген Жиғанбаевтар жерлестерінің үмітін ақтап бас жүлдені жеңіп алды. 

Төрт кезеңнен – өзін-өзі таныстыру, білімділік, қолөнері, өнер сайыстарынан тұратын бұл байқауда бар-жоғы үш-ақ отбасы қатысса да осы үштік өздерін әр қырынан таныстыра білді. Ең бастысы – жас отау иелерінің болашаққа сенімділікпен қарап жас мемлекетіміздің болашағы – сәбилерін де ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей алатындығын айқын айғақтай алды.

Түргендік Асубай отбасы шынайы махаббатын, мөлдір сезімдерін әнмен, бимен әрлеп, көрерменнің, әділ-қазылардың назарын өзіне аудара алды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық құндылықтары-мызды тозығын қалдырып, озы-ғын дәріптейтін дәстүрлерімізді жаңғырта отырып, ұлттық кодты сақтау жолының негізгі бір саласы – отбасылық тәрбие, отбасылық жарасым, сыйлас-тық емес пе еді? Ендеше, ауда-нымыздың 26 округінен үлкенді-кішілі сексен ауылымыздан «жас отбасы» байқауына үш-ақ отбасы қатысқандығы өкінерлік жайт.

Осы кемшілікке қарамай тартысты өткен байқауда ақшилік Иманқұловтар да өте тату да, өнерлі, үй шаруасына мығым ерлі-зайыпты екенін дәлелдеді. «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Еңбекшіқазақ» ауданы жастар ресурстық орталығының «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп Қайназар ауылындағы Мәдениет үйінде өткізілген «Жас Отау» байқауын жол басы деп есептеп, осы тақылеттес келесі кон-курстарға үш емес он үш, жиырма үш, отыз үш жас отбасылардың қатысуын тілейік. Бұл істе партияның «Жас Отан» жастар қанатының атқарар міндеті ауқымды.

Сөз соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, байқауға қатысушылар, әділ-қазылар, мәдениет үйі қызмет-керлеріне алғыстарын білдірді.

Х.Ахметжанов,

әділ-қазылар алқасының мүшесі.

 

Қаралды 55 рет
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

Жарнама